Сонымен Си-эн-эн, Эн-би-си телеарналарының хабарлары бойынша жеңіске жетті. Сенатор Джон Маккейн өз жеңілісін мойындап Обаманы жеңісімен құттықтады.
Кейінірек өз жақтастарына жеңімпаз Обама рахметін жолдайды. Дәстүр бойынша ең алдымен митингті жеңілген кандидат өткізіп қалың бұқараның алдында жеңілісін мойындайды.
Алынған дауыстар жайлы жарияланған мәліметтер алдын ала ғана жасалды. Ресми мәліметтерді барлық бюллетендерді өңдеп болған соң және ол мәліметтер штат үкіметінің мемлекеттік хатшысымен бекітілгенен кейін, әдетте сайлаудан кейін бірнеше күн немесе аптадан соң сайлау комиссиялары жариялайды.
Иллинойс штатынан сайланған АҚШ сенаторы, Демократиялық партияның мүшесі Барак Хусейн кіші Обама Гавай штатының астанасы Гонолулуда 1961 жылы 4 тамызда туылған. Әкесі Барак Хусейн үлкен Обама АҚШ-қа Кениядан экономиканы оқуға келген. Шешесі – ақ нәсілді американдық әйел Стэнли Энн Данхэм – антропологиямен айналысатын. Барақтың ата-анасы оның екі жасында ажырасып кеткен.
1983 жылы Обама Колумбия университетін; ал 1991 жылы – Гарвард университетінің құқық мектебін бітірген.
|