Персональный сайт - Главная страница ">
Жан дауаПсихология қазақ тілінде Сенбі, 03.12.2016, 12:33
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391

Әлемнің біраз елдерінде ақылды қалалар бар. Енді міне қазақстанда да ақылды қала пайда болмақ. «Ақылды қала» жобасы теле­ком­муникация саласы дамымай, жү­зеге аспақ емес. Сондай-ақ ақыл­ды қаланың тұрғындары ақыл­ды әрі білімді, ақпараттық тех­нологиядан хабардар болуы шарт. Астана бұл талаптарға жауап бере алатынын Байланыс және ақ­парат министрі Асқар Жұма­ға­лиев келтірген деректерден тү­сінуге болады. Министрдің ай­туын­ша, бүгінде Қазақстан хал­қы­ның 50 пайызға жуығы интер­нет­пен қамтамасыз етілген. Ұялы желі абонеттерінің саны болса, 137 пайыздан асыпты. Яғни қазіргі таңда Қазақстан тұрғындары кем дегенде 1 телефоннан, кейбіреулері 2-3 телефоннан ұстайды. «Интер­нет пайдаланушылар 41 пайыздық межеден асты. Ал Астанада ин­тер­нет пайдаланушылардың саны 47 па­йыздан көп. Қазіргі таңда елі­міз­дегі сандық жүйеге көшу шегі 90 пайыздан асса, Астана 100 па­йызға жеткен», - дей ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 27074 | Дата: 24.11.2011 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (49)

meshitРамазан айы – күндіз ораза ұстау 1-ші тамызда басталып 31-ші тамызда аяқталады.

Қараулар: 11601 | Дата: 17.06.2011 | Рейтингі: 4.3/6 | Комментарилер (10)

Нұрсұлтан Назарбаев өзіне дауыс бергендердің бәріне ризашылығын білдірді
4-ші сәуірдің түн жарымында «Нұр Отан» ХДП президенттікке кандидат Назарбаев Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерімен танысып өз штабында болды.
Нұрсұлтан Назарбаев өзіне дауыс бергендердің бәріне ризашылығын білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Президенттік сайлау аяқталғаннан кейін 4-ші сәуірдің түн жарымында «Нұр Отан» ХДП президенттікке кандидат Назарбаев өз штабында болып қайтты. Назарбаев Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерімен танысты, соңғы мәлімет бойынша Назарбае Н.Ә. 94,8 пайыз дауыс жинаған.
Нұрсұлтан Назарбаев шын жүректен өзіне дауыс берген азаматтардың бәріне ризашылығын білдірді. Ол 2011-жылғы сайлаудың тәуелсіздігіміздің 20-жылдығы қарсаңында өтіп отырғандығын және сондықтанда оның тарихи екендігін атап өтті. Назарбаев өзінің штабының және республиканың қалалары мен өңірлеріндегі оның мүшелерінің жұмысына ри ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 4984 | Дата: 04.04.2011 | Рейтингі: 4.0/1 | Комментарилер (4)

Ағайынға - амандық, елге - есендік бергей! Алла тағала Жаңа жылда бәрімізге жақсылығы мен берекесін, ынтымағы мен ырысын, шаттығы мен қуанышын ала келсін! Жаңа жыл бізді биікке бастасын. Қиындықтан халқымыз қорқып, саспасын. Еңселі ел ретінде биік белестерді еңсерейік. Қандай заман болса да елдің бірлігі мен ынтымағынан жазбасын. Ұрпағымыз азбасын. Ұлт алдына ұлы міндет қойылды: Ел болу. Елдікті сақтау. Ел ретінде даму. Осындай әлемдік бәсекеде қазақ деген халықтың аты бәйгенің алдынан келсін!
Бір болайық. Бірге болайық. Елдің жүгін бірге көтеріп, халықтың арбасын тартуға бірге жегілейік.
Әр қазақтың баласы ел үшін, жұрт үшін орынды қарекет қылудың қамында болсын. Қазаққа қазақ қарайлассын! Бір-бірімізге қол ұшын берелік. Сөз жәрдемі мен өз жәрдемімізді аямалық.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында туған тіліміз төрге шықсын. Қазақ тілін бойында қазақтың бір тамшы қаны бар қазақ баласы үй ... Әрі қарай оқу »
Қараулар: 1490 | Дата: 31.12.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (1)

Ассалаумағалейкум, OSCE! 
 

Қараулар: 1323 | Дата: 01.12.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (0)


Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!
Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла Тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін! Бұл күндердің ұлықтығы сол – мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. Асылы, «Құрбан» сөзі де араб тілінен аударғанда «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалуды тек мал сойып, қан шығару емес, Алланың рахым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.
Құрбан шалу – сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан жалғасып келе жатқан үрдіс. Бұл ғибадат арқылы Алланың ықыласты құлдары өз сеніміне беріктігі мен берілген нығметтерге шүкіршілігін танытады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Аллаға қүрбанның ... Әрі қарай оқу »
Қараулар: 1079 | Дата: 11.11.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (0)


 
Антикалық мифологиядағы олимптік құ­дайлар өз балаларының өзінен асып ту­ғанын қаламайды. Олар мәңгілік өмір сүр­ген­діктен де мәңгілік билікті ешкіммен бө­ліс­кісі келмейтін болуы керек. Мәселен, Зевс Крон әкесінің тағына отырды. Ал адам­дар ше? Адамдар өз ұлының өзінен ар­тық тууын Тәңірден жалбарынып сұрай­ды. Мықты әкелер мықты ұлдарды өмірге алып келеді. Біздің қазақы дүниетаным ба­ланың атадан асып тууын қалайды. «Бір ұл бар - атаға жете туады, бір ұл бар - атадан кете туады, бір ұл бар - атадан өте туады» дейді ол сана. Осы үш ұлдың «атадан өте туғанын» елтұтқа деп білді немесе «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дейді. Мұнда да сол - ұлттың болашағы. «Күндердің күні бол­ғанда, жаманнан жақсы туады, адам айт­са нанғысыз, жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз» дегенінде сүйектің тазалығы, тектің, қанның тазал ... Әрі қарай оқу »
Қараулар: 3346 | Дата: 11.11.2010 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментарилер (3)

9 қараша                   Бұл күні психологияда

1898 жылы Леонард Кармайкл туылды, ол бала психологиясымен және биопсихологиямен айналысты, мінез құлықтағы тұқым қуалаушылық факторларына ерекше көңіл бөлді. Кармайкл жазған "Бала психологиясы бойынша жетекшілік” ("Manual of Child Psychology”, 1946) атты еңбегі адамның даму процесіне ғылыми сипат беруге әсер етті.

Қараулар: 1064 | Дата: 09.11.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (1)

Кеше Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі томдық таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі болып өтті. «Айқынға» бұл жөніндегі сүйінші хабарды елшілік қызметкерлері қуана жеткізді. Салтанатқа Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, ЕвраАзЭС-тің бас хатшысы Тайыр Мансұров, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік ғалымдар, сарапшылар мен қазақ диаспорасының өкілдері, шетел елшіліктерінің өкілдері қатысты. Қос томдыққа Елбасының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімдік даму бағдарламасын жүзеге асыру бағытында айтқан салиқалы сөздері, инновациялық-технологиялық даму стратегиясын талдап-жасау барысындағы елеулі еңбектері, мемлекеттік құрылыс, әлеуметтік-экономикалық модернизациялау, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның даму болашағы туралы айтқан терең ой-пікірлері енгізілген.
Салтанатты жиында сөз алған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Т ... Әрі қарай оқу »
Қараулар: 1288 | Дата: 01.10.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (1)

Биылғы жылы қасиетті Рамазан айы елімізде күннің ысыған мезгіліне келді. Сөзсіз бұл істе де Аллаһтың һайыры бар. Әйткенмен, ораза ұстауға қатысты төмендегі кеңестерге де ден қойған артықтық етпес. Аталған мәліметтерді өзге тілдерден аударып, бөліскен Тимур бауырымызға Аллаһ разы болсын! 1. Ауыз жабатын кезде күні бойы ағзаны қоректендіріп тұратын тағаммен тамақтану керек. Рамазанның басты тағамы – құрма. 2. Ауыз ашатын кезде денеде ұзақ тұрмайтын қуырылған тағамнан көрі ағзаны көбірек қуаттандыратын, құрамында көмірсутек көп жеміс-жидек, дәнді-дақыл, құрмамен қоректену керек. Сондай-ақ арпа не фасоль секілді дақылдардан жасалынған сорпа ішкен де пайдалырақ. 3. Күндіз шама келгенше көлеңкені паналаған дұрыс. Қолыңыздан келсе, сыртта істелетін жұмыстарды бөлме / кабинет / офис ішінде жасалатын жұмысқа ауыстырған абзалырақ. Ораза кезінде ағза сусызданатын болғандықтан, шөлден қаталамауды ойластыру қажет. 4. Ауыз ашқан соң мүмкіндігінше сұйық көбірек ішу қажет. Суды молыра ... Әрі қарай оқу »

Қараулар: 1314 | Дата: 11.08.2010 | Рейтингі: 4.5/2 | Комментарилер (2)

1 2 3 4 5 6 »
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz
Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта