Каталог статей - Персональный сайт
Жан дауа Жұма, 23.04.2021, 11:14
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Менің мақалаларым [1]
Мен жазған рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар және мақалалар
Әр түрлі мақалалар [10]
Әр түрлі тақырыптағы мақалалар
мақалалар [41]
мақалалар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 393
Негізгі » Мақалалар

Каталогтағы барлық материалдың саны: 15
Көрсетілгені: 1-10
Беттер: 1 2 »

Қазақ публицистикасы тарихында бүркеншік есімнің белең алып, тым жиі қолданысқа ілінген шағы – кеңес дәуірінің нәубет жылдары мен бүгінгі, тәуелсіздіктің кейінгі 10 жылы саналып жүр. Нәубет жылдардың жыры белгілі, елде жариялылыққа жол жоқ, Орталық комитеттің «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» боп тұрған шақ, қазақ қаламгерлері не көсемді жақтауға, не өз жарияланымдарын бүркеншік атпен беруге мәжбүр болды. Бірақ оның өзі де олардың өмірін сақтап қалуда аз рөл атқарғанмен, ұйқыдағы халықтың санасын оятуда орасан зор ықпал жасады. Ал бүгін ше? Бүркеншік аттың жиілеуіне не себеп? Демократиялық елде жариялылық жоқ па, әлде өзіндік өзге сырлары бар ма? Айырмасын ажыратып, байқап көрелік.

саяси мақалалар | Қараулар: 3737 | Қосқан: psy | Дата: 27.09.2010 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (2)

Мағыналардың қалыптасуына жүргізген талдауларымыз, бұл проблеманың ашықтығы туралы айтуымызға мүмкіндік береді. Проблеманы іс-әрекеттік тәсіл арнасында қою мағыналардың қалыптасу динамикасының жекелеген іс-әрекеттің ішкі құрылымының ерекшеліктерінен тәуелділігін анықтауға мүмкіндік берді. Тұлғалық мағынаның жоғары ситуативтілігі, білетін және шынайы әсер етуші мағыналар үзіедісі анықталған болатын. Субъектің белсенділігі еленбеді. Мағыналық түзілімдерді зерттеу мағыналардың кіші және үлкен жүйелерді салыстыруға байланысты қалыптасатындығын анықтады.

оқыту әдістері мен әдістемелер | Қараулар: 1578 | Қосқан: psy | Дата: 09.08.2010 | Рейтингі: 4.0/1 | Комментарилер (1)

 
Құрметті ректор мырза, профессорлар,

оқытушылар мен студенттер, қонақтар!

Бүгін сіздермен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Университеттің 75 жылдық мерейтойы құтты болсын.

Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асу­лар­дан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдар­дан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мың­даған қазақстандық жастар білім алды, ар­мандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.

Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қа­быр­ғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.

Математика, физика, басқа да жараты­лыс­тану салалары бойынша ауқымды ғы­лы­ми жұмыстар осы жерде іске асырылды.

Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдар­ды, осы істі бастаған азаматтарды атап өт­кім ке­ліп еді, бірақ, олар өте көп. Сон­дық­тан бар­лығын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын.

Ел тағдырына қатысты күрделі кезең­дерде университет ұжымы аса маңызды тарихи оқиғаларды да бастан кешірді.

1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің еркіндігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жан­дарын шүберекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шыққандар да осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері болатын.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.

Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті ма­ман­дар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.

Университет түлектері байтақ Отаны­мыз­дың барлық түкпірінде жеңісті де же­місті қызмет етіп жатыр.

 Осы жиында бас қосып отырған бә­рі­ңізді, университеттің оқытушылары мен сту­денттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі ме­рейтоймен шын жүректен құттық­таймын!

Еліміздің мүддесі үшін атқарып жат­қан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.

І. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі

Қымбатты достар!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұдан 75 жыл бұрын ол бар-жоғы шеткі аймақтағы жоо-лардың бірі еді. Алғашқы қабылданған студенттер 50 адам болып, оларды 25 оқытушы оқытқан.

Ғасырдың үш ширегінде университет тәуелсіз елдің жетекші ғылыми және білім беру орталығына айналды.

Мұнда 20 мыңға жуық адам оқиды. Соның ішінде 1000-ға тарта студент алыс және жақын шетелден келгендер.

саяси мақалалар | Қараулар: 1496 | Қосқан: psy | Дата: 14.10.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (3)

 

Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған.
Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

педагогика | Қараулар: 7522 | Қосқан: psy | Дата: 08.07.2009 | Рейтингі: 4.9/9 | Комментарилер (2)

«Ұлтым – неміс, тілім – неміс, орыс, қазақ, жаным – қазақ» деп қа­зақ халқының туған баласындай бо­лып кеткен белгілі жазушы, пуб­лицист Герольд Бельгер ағамызды ерек­ше сыйлаушы едік. Оның бас­пасөз беттерінде жариялаған ма­қа­лалары мен сұхбаттары да оқыр­ман­ға ерекше ой тастайтын. Өзге ұлт­тың өкілі болса да, қазақ ұл­тының проблемасын терең түсінуі, қа­зақ халқының мәселесін көтеруі де оған деген көпшіліктің ықыл­а­сын аударатын.

саяси мақалалар | Қараулар: 2956 | Қосқан: psy | Дата: 02.07.2009 | Рейтингі: 2.0/2 | Комментарилер (0)

Хақ нұрына қандыратын, бір бауырдай ізгілікке жетелейтін дін әу бастағы мәнін жоғалтып, елдер мен мәдениеттер арасындағы кіреш және ғазауат соғыстарының, қала берді, орта ғасырларда жазалаулар (инквизия), сатып алулар (индульгенция) мен Кеңес дәуіріндегі мансұқтаушылық (атеизм) құбылысына айналып кете барды. Дін феномені адамзат дүниетанымындағы сан қатпарлы сырға толы жұмбақ құбылыс десек, артық айтқандық емес. Соңғы онжылдық бедерінде діни қақтығыстардың төркіні болған экстремизм мен лаңкестік әрекеттерден діннің ізгілік сипатын парасаттылық тұрғысынан бөліп қарауға талпыныс жасала бастады.

Диалог – дін қуатының қайнар көзі
«Жер бетіне қарасам,
Неше түрлі халық бар,
Дін иманын санасам,

Мыңнан аса анық бар…» – деп, Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз жазғандай, дүние дидарындағы сан алуан діндер өзара егестік идеологияға құрсауланған заманда күллі адамзаттың түсіністік пен төзімділікке негізделген диалогқа мұқтаж екені анық-дүр. Алайда осы анықты мойындайтын елдердің қарасы аз болып тұр.

Діни мақалалар | Қараулар: 1666 | Қосқан: psy | Дата: 02.07.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (1)

Әңгіме дінге, оның намысына қатысты болып отырған кезде біз барлық мұсылманмен біртұтас болуға тиіспіз
– Қазіргі кезде «ислам терроршылары» деген әділетсіз, орынсыз тіркестің жиі айтылатынын естіп қалып жүрміз. Сіздің сол туралы пікір-көзқарасыңызды білсек деп едік...

– Ол рас, терроризмді біреулер бізге сырттан таңып, оған конфессиялық «киім кигізуге» тырысуда. Бұл – дінді қорлаумен тең, аты-жөні жоқ жала жабушылық. Террорлық актіні христиан немесе иудей жасаған болса ғой, ешкім үндемейді. Өйткені ол жаңағы айыптаушылар үшін «қызық емес». Мысалы, бір кезде Америкадағы Дүниежүзілік Сауда орталығында (ол 11 қыркүйек оқиғасынан әлдеқайда бұрын болған жайт) жарылыс болып, ұмытпасам, сонда 125-тей адам қаза тапты.
Діни мақалалар | Қараулар: 1659 | Қосқан: psy | Дата: 21.05.2009 | Рейтингі: 4.0/1 | Комментарилер (0)

Алғашқы қауымдастық­тан бастап күні бүгінге дейінгі аралықта жер бетінде қанша ұлт, қанша ұлыстар болғанын ешқандай ғылым дәл айтып бере алмайды. Бәрі болжам, бәрі гипотеза. Тіпті, жиырма­сын­шы ғасырдағы айту­лы оқиғалардың өзіне сан алуан тұжырым, сан түрлі пікір бар. Сол оқиғалардың қалың орта­сын­да жүрген, тіпті, сол тарихқа қатысы бар адам­дардың көзбен көрген шындығының өзіне өзгеше пікір, басқаша дәлел келтіріп жата­тын­дар аз емес. Бүкіл дүние мойындап, тарихи шындық ретінде талай-талай кітаптар жазылған әйгілі монғол шапқыншылығын жоққа шыға­рып, Куликов (Күлік) шайқасы деген болған жоқ, ол жай ғана салық қақтығысы (налоговая стычка) деп Ресей ғалымдары бірнеше томдық кітап шығарса, енді бір ғалымдар адамзат баласы мың жылға қателесті дей келіп, ерте дүние тарихындағы әйгілі оқиғалар (Троя соғысы, Македонский шапқыншылығы, т.б) аты ғана өзгеріп, қайталанып кеп отырады деген ойларын дәлелдеуге тырысуда.

саяси мақалалар | Қараулар: 1998 | Қосқан: psy | Дата: 21.05.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (0)

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ — БІЗДІҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН

 

Құрметті нұротандықтар!

Қадірменді съезд қонақтары!

Қазақстандағы ең ірі саяси ұйым, көшбасшы партия – “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс 12-ші съезі, партияның 10 жылдық мерейтойы еліміздің төрт құбыласы түгелденген, кемелдену кезеңімен дөп келіп отыр.

Олай дейтінім, саяси сахнада салмақты орнымыз бар. Сайлауалды уәделерімізді толықтай орындап келеміз. Келесі жылдың басында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз жаһандық ауқымдағы беделіміздің үлкен көрсеткіші болып саналады. Бұл үшін біз сол ұйымға мүше барлық мемлекеттерге шын ризашылық алғысымызды айтуымыз керек. Ең бастысы біз бірлігі жарасқан халықпыз.

Осының барлығы – біздің жеке шаңырақ көтергеннен кейінгі жанкешті еңбегіміздің, толағай табысымыздың ең толымдысы әрі баға жетпес құндылығы, ел егемендігін баянды етудің берік қамалы, тәуелсіздік жүрегіне қан жүгірткен сарқылмас қуат көзі.

Осылайша, тыңнан түрен салып дамудың даңғыл жолына түсу бары­сында түбінде “ақыл, қайрат бәрін жең­бек” деп ұлы Абай айтқандай, талай қиюы қаш­қан қиындықтарды бастан кеше оты­рып, қисынына келтірдік. Осы істердің барлығында “Нұр Отан” партиясы көшбасшылық танытып, қоғамдағы әр түрлі күштердің ұйтқы­сына айналды.

саяси мақалалар | Қараулар: 1323 | Қосқан: psy | Дата: 18.05.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (0)

«Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспекттері»

(Ұсыныс)

Қалдыбекова А. 

Жастарды отбасы өміріне дайындаудың психологиялық аспектісіне келмес бұрын, Отбасы дегеніміз не? Деген сұраққа жауап берейік. Аристотельдің айтуы бойынша, Отбасы – адамдар қарым-қатынасының алғашқы турі, ол мемлекеттің алғашқы ұяшығы. Сондықтан да, мемлекетте отбасының орны ерекше және оны елге терең түсіндіру қажет. Отбасының өмірлік іс-әрекетінің сферасы, оның мушелерінің арнайы қажеттіліктерін қанағаттандырумен тікелей байланысты. Жалпы, отбасы түсінігінің мән-мағынасы өте кең болып келеді. Отбасы  - дегеніміз не? деген сұрақ қойылғанда, бәрімізге ата-ана мен бала-шаға туралы ойлар келеді. Яғни, отбасы тек осы мүшелермен ассоциацияланады.

курстастарымның жұмыстары | Қараулар: 3865 | Қосқан: psy | Дата: 26.01.2009 | Рейтингі: 3.2/6 | Комментарилер (3)

1-10 11-15
Кіру Формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2021Бесплатный хостинг uCoz