Бүгінде психикалық сауықтыру ісі – қоғамда жалпы өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етпек. Байқап отырсаңыз, қазір мінез-құлқындағы ауытқулары бар, ақыл-есі кем жандар саны артып, отбасы, жақындары үшін де, қоғам үшін де үлкен мәселеге айналып отыр. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының директоры, профессор Сағат АЛТЫНБЕКОВПЕН әңгімеміз осы проблемалар төңірегінде өрбіді.
– Сағат Әбілқайырұлы, еліміздің бас психиатр-наркологы ретінде сізбен әңгімемізді ең алдымен республикадағы психиатрия саласының бүгінгі ахуалынан бастасақ. Мәселен, жүйке ауруымен науқастанатын қанша ауру есепте, қай аймақта жиірек кездеседі, қанша емдеу мекемесі бар, ондағы мамандар жеткілікті ме дегендей...
– Психикалық денсаулық – ұлтымыздың әлеуметтік және экономикалық әлеуетін құрастыратын ең бір маңызды ұғым. “Психикалық ауру” – адамның күндегі іс-әрекет қабілетін бұзатын, көптеген нақтамалық күйлерді кө
...
Әрі қарай оқу »