|
|
Негізгі » 2008 » Қараша » 24
Қазақстандық гимнастшы Әлия Жүсiпова Берлинде өткен халықаралық Гран-при сериясындағы жарыста жақсы өнер көрсеттi деп хабарлайды “Қазақстан бүгiн” ақпарат агенттiгi. Көпсайыста күмiс медальдi қанжығасына байлап қайтқан Әлия Жүсiпова ресейлiк Вера Сесинаға ғана есе жiберiп қойды. Әлия Жүсiпованiң Бейжiң олимпиадасында 5-орынды иеленгенiн еске сала кетсек, мына соңғы көрсеткiштi жетiстiк деп бағалауға әбден болады.
|
|
|
|
|