|
|
Бөлімдегі материалдар: 10 Көрсетілгені: 1-10 |
|
Қазақ публицистикасы тарихында бүркеншік есімнің белең алып, тым жиі қолданысқа ілінген шағы – кеңес дәуірінің нәубет жылдары мен бүгінгі, тәуелсіздіктің кейінгі 10 жылы саналып жүр. Нәубет жылдардың жыры белгілі, елде жариялылыққа жол жоқ, Орталық комитеттің «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» боп тұрған шақ, қазақ қаламгерлері не көсемді жақтауға, не өз жарияланымдарын бүркеншік атпен беруге мәжбүр болды. Бірақ оның өзі де олардың өмірін сақтап қалуда аз рөл атқарғанмен, ұйқыдағы халықтың санасын оятуда орасан зор ықпал жасады. Ал бүгін ше? Бүркеншік аттың жиілеуіне не себеп? Демократиялық елде жариялылық жоқ па, әлде өзіндік өзге сырлары бар ма? Айырмасын ажыратып, байқап көрелік.
|
Мағыналардың қалыптасуына жүргізген талдауларымыз, бұл проблеманың ашықтығы туралы айтуымызға мүмкіндік береді. Проблеманы іс-әрекеттік тәсіл арнасында қою мағыналардың қалыптасу динамикасының жекелеген іс-әрекеттің ішкі құрылымының ерекшеліктерінен тәуелділігін анықтауға мүмкіндік берді. Тұлғалық мағынаның жоғары ситуативтілігі, білетін және шынайы әсер етуші мағыналар үзіедісі анықталған болатын. Субъектің белсенділігі еленбеді. Мағыналық түзілімдерді зерттеу мағыналардың кіші және үлкен жүйелерді салыстыруға байланысты қалыптасатындығын анықтады.
|
Құрметті ректор мырза, профессорлар,
оқытушылар мен студенттер, қонақтар!
Бүгін сіздермен жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Университеттің 75 жылдық мерейтойы құтты болсын.
Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 75 жыл ішінде талай асулардан, күрделі кезеңдер мен қилы жолдардан өтті. Осы жылдар ішінде мың-мыңдаған қазақстандық жастар білім алды, армандарын асқақтатып, қияға қанат қақты.
Ел аузындағы кеше мен бүгінгі айтулы ғалымдарымыз өздерінің ұлттық тарих, экономика мен мәдениетке қатысты іргелі зерттеу еңбектерін осы университет қабырғасында жазып, ел игілігіне айналдырды.
Математика, физика, басқа да жаратылыстану салалары бойынша ауқымды ғылыми жұмыстар осы жерде іске асырылды.
Мен өзімнің сөзімде кейбір ғалымдарды, осы істі бастаған азаматтарды атап өткім келіп еді, бірақ, олар өте көп. Сондықтан барлығын бүгінгі мерейтоймен құттықтаймын.
Ел тағдырына қатысты күрделі кезеңдерде университет ұжымы аса маңызды тарихи оқиғаларды да бастан кешірді.
1986 жылғы 16 желтоқсанда елдің еркіндігі үшін, ұлттың теңдігі үшін жандарын шүберекке түйіп, кеңестік жүйеге қарсы шыққандар да осы оқу орнының оқытушылары мен студенттері болатын.
Бүгінгі таңда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз Қазақстанның кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі деуге әбден болады.
Дәл қазірдің өзінде республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққандар.
Университет түлектері байтақ Отанымыздың барлық түкпірінде жеңісті де жемісті қызмет етіп жатыр.
Осы жиында бас қосып отырған бәріңізді, университеттің оқытушылары мен студенттерін, сондай-ақ әр жылдарда осы оқу орнында қызмет істеген ұстаздар мен білім алған түлектердің баршасын бүгінгі мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің мүддесі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге зор табыстар тілеймін.
І. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі
Қымбатты достар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалыптасу мен дамудың күрделі жолынан өтті. Бұдан 75 жыл бұрын ол бар-жоғы шеткі аймақтағы жоо-лардың бірі еді. Алғашқы қабылданған студенттер 50 адам болып, оларды 25 оқытушы оқытқан.
Ғасырдың үш ширегінде университет тәуелсіз елдің жетекші ғылыми және білім беру орталығына айналды.
Мұнда 20 мыңға жуық адам оқиды. Соның ішінде 1000-ға тарта студент алыс және жақын шетелден келгендер.
|
Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс облысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқалы уезіне аға сұлтан болған. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.
|
«Ұлтым – неміс, тілім – неміс, орыс, қазақ, жаным – қазақ» деп қазақ халқының туған баласындай болып кеткен белгілі жазушы, публицист Герольд Бельгер ағамызды ерекше сыйлаушы едік. Оның баспасөз беттерінде жариялаған мақалалары мен сұхбаттары да оқырманға ерекше ой тастайтын. Өзге ұлттың өкілі болса да, қазақ ұлтының проблемасын терең түсінуі, қазақ халқының мәселесін көтеруі де оған деген көпшіліктің ықыласын аударатын.
|
Хақ нұрына қандыратын, бір бауырдай ізгілікке жетелейтін дін әу бастағы мәнін жоғалтып, елдер мен мәдениеттер арасындағы кіреш және ғазауат соғыстарының, қала берді, орта ғасырларда жазалаулар (инквизия), сатып алулар (индульгенция) мен Кеңес дәуіріндегі мансұқтаушылық (атеизм) құбылысына айналып кете барды. Дін феномені адамзат дүниетанымындағы сан қатпарлы сырға толы жұмбақ құбылыс десек, артық айтқандық емес. Соңғы онжылдық бедерінде діни қақтығыстардың төркіні болған экстремизм мен лаңкестік әрекеттерден діннің ізгілік сипатын парасаттылық тұрғысынан бөліп қарауға талпыныс жасала бастады.
Диалог – дін қуатының қайнар көзі «Жер бетіне қарасам, Неше түрлі халық бар, Дін иманын санасам,
Мыңнан аса анық бар…» – деп, Шәкәрім Құдайбердіұлы бабамыз жазғандай, дүние дидарындағы сан алуан діндер өзара егестік идеологияға құрсауланған заманда күллі адамзаттың түсіністік пен төзімділікке негізделген диалогқа мұқтаж екені анық-дүр. Алайда осы анықты мойындайтын елдердің қарасы аз болып тұр.
|
Әңгіме дінге, оның намысына қатысты болып отырған кезде біз барлық мұсылманмен біртұтас болуға тиіспіз
– Қазіргі кезде «ислам терроршылары» деген әділетсіз, орынсыз тіркестің жиі айтылатынын естіп қалып жүрміз. Сіздің сол туралы пікір-көзқарасыңызды білсек деп едік...

– Ол рас, терроризмді біреулер бізге сырттан таңып, оған конфессиялық «киім кигізуге» тырысуда. Бұл – дінді қорлаумен тең, аты-жөні жоқ жала жабушылық. Террорлық актіні христиан немесе иудей жасаған болса ғой, ешкім үндемейді. Өйткені ол жаңағы айыптаушылар үшін «қызық емес». Мысалы, бір кезде Америкадағы Дүниежүзілік Сауда орталығында (ол 11 қыркүйек оқиғасынан әлдеқайда бұрын болған жайт) жарылыс болып, ұмытпасам, сонда 125-тей адам қаза тапты.
|
Алғашқы қауымдастықтан бастап күні бүгінге дейінгі аралықта жер бетінде қанша ұлт, қанша ұлыстар болғанын ешқандай ғылым дәл айтып бере алмайды. Бәрі болжам, бәрі гипотеза. Тіпті, жиырмасыншы ғасырдағы айтулы оқиғалардың өзіне сан алуан тұжырым, сан түрлі пікір бар. Сол оқиғалардың қалың ортасында жүрген, тіпті, сол тарихқа қатысы бар адамдардың көзбен көрген шындығының өзіне өзгеше пікір, басқаша дәлел келтіріп жататындар аз емес. Бүкіл дүние мойындап, тарихи шындық ретінде талай-талай кітаптар жазылған әйгілі монғол шапқыншылығын жоққа шығарып, Куликов (Күлік) шайқасы деген болған жоқ, ол жай ғана салық қақтығысы (налоговая стычка) деп Ресей ғалымдары бірнеше томдық кітап шығарса, енді бір ғалымдар адамзат баласы мың жылға қателесті дей келіп, ерте дүние тарихындағы әйгілі оқиғалар (Троя соғысы, Македонский шапқыншылығы, т.б) аты ғана өзгеріп, қайталанып кеп отырады деген ойларын дәлелдеуге тырысуда.
|
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ — БІЗДІҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН
Құрметті нұротандықтар!
Қадірменді съезд қонақтары!
Қазақстандағы ең ірі саяси ұйым, көшбасшы партия – “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс 12-ші съезі, партияның 10 жылдық мерейтойы еліміздің төрт құбыласы түгелденген, кемелдену кезеңімен дөп келіп отыр.
Олай дейтінім, саяси сахнада салмақты орнымыз бар. Сайлауалды уәделерімізді толықтай орындап келеміз. Келесі жылдың басында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз жаһандық ауқымдағы беделіміздің үлкен көрсеткіші болып саналады. Бұл үшін біз сол ұйымға мүше барлық мемлекеттерге шын ризашылық алғысымызды айтуымыз керек. Ең бастысы біз бірлігі жарасқан халықпыз.
Осының барлығы – біздің жеке шаңырақ көтергеннен кейінгі жанкешті еңбегіміздің, толағай табысымыздың ең толымдысы әрі баға жетпес құндылығы, ел егемендігін баянды етудің берік қамалы, тәуелсіздік жүрегіне қан жүгірткен сарқылмас қуат көзі.
Осылайша, тыңнан түрен салып дамудың даңғыл жолына түсу барысында түбінде “ақыл, қайрат бәрін жеңбек” деп ұлы Абай айтқандай, талай қиюы қашқан қиындықтарды бастан кеше отырып, қисынына келтірдік. Осы істердің барлығында “Нұр Отан” партиясы көшбасшылық танытып, қоғамдағы әр түрлі күштердің ұйтқысына айналды.
|
Әр елдің білім көкжиегінде өзіндік ізденісі, сүрлеуі болуы - аса қажет нәрсе. Оған А.Байтұрсыновтың мына бір тұжырымын келтірсек: «Әдіс ерекшеліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмыс алатын орынның күш-қуатына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс, екіншісіне де колайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды» деді.
Сатылай комплексті талдау дегеніміз - оқыту мақсаты, міндеттері, тәсілдері, өзіндік ерелшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізі сатылай, жүйелі,комплексті меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай қолдана білуге машықтандыра оқыту.
|
|
|
|