Субъективтік тәсілдегі мағыналар проблемасы. Мағыналардың қалыптасуына жүргізген талдауларымыз, бұл проблеманың ашықтығы туралы айтуымызға мүмкіндік береді. Проблеманы іс-әрекеттік тәсіл арнасында қою мағыналардың қалыптасу динамикасының жекелеген іс-әрекеттің ішкі құрылымының ерекшеліктерінен тәуелділігін анықтауға мүмкіндік берді. Тұлғалық мағынаның жоғары ситуативтілігі, білетін және шынайы әсер етуші мағыналар үзіедісі анықталған болатын. Субъектің белсенділігі еленбеді. Мағыналық түзілімдерді зерттеу мағыналардың кіші және үлкен жүйелерді салыстыруға байланысты қалыптасатындығын анықтады. Бірақ та, мағыналар мен олардың түзілімдерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін бұл жүйелер мен механизмдердің анықтамаларына жауап жоқ. Мағыналардың өмірлік әрекет процесімен немесе субъектің әрекеттер жүйесімен қалыптасатындығын айта отырып, мағынатүзудің жолдары мен механизмдері ашып көрсетілмейді. Сондай-ақ мағынатүзу процесіндегі субъектің өзінің рөлі жайлы ақпарат жоқ. Субъект жоқ болса, әрекетте болмайды ғой. Осыған байланысты С.Л. Рубинштейннің жұмыстары қызығушылық тудырады. Мағыналық саланы талдаудың бастапқы ережелері ретінде төмендегілер алынды: сана мен әрекет бірлігі, психофизикалық бірлік, сыртқы арқылы ішкі және материалистік монизм принциптері. Сананы психологиялық зерттеудің өзіндік ерекше мақсатына С.Л. Рубинштейн бойынша нақтылы өмір мен әрекет контексіне сүйене отырып мазмұн мен сананың ішкі мағынасын зерттеу жатады. Оның «Адам және әлем» атты еңбегінде