Кеше Мәскеудегі Қазақстан елшілігінің үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі томдық таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі болып өтті. «Айқынға» бұл жөніндегі сүйінші хабарды елшілік қызметкерлері қуана жеткізді. Салтанатқа Ресейдегі Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, ЕвраАзЭС-тің бас хатшысы Тайыр Мансұров, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік ғалымдар, сарапшылар мен қазақ диаспорасының өкілдері, шетел елшіліктерінің өкілдері қатысты. Қос томдыққа Елбасының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімдік даму бағдарламасын жүзеге асыру бағытында айтқан салиқалы сөздері, инновациялық-технологиялық даму стратегиясын талдап-жасау барысындағы елеулі еңбектері, мемлекеттік құрылыс, әлеуметтік-экономикалық модернизациялау, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның даму болашағы туралы айтқан терең ой-пікірлері енгізілген.
Салтанатты жиында сөз алған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Т
...
Әрі қарай оқу »