Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы Алла тағалаға, сансыз салауатымыз сүйікті пайғамбарымызға (с.ғ.с.) болсын! Жыл бойы сағына күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. Құрметті мұсылман бауырлар мен қымбатты отандастар!
Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиетті Рамазан - сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да - Рамазан.
Ораза адам жанын тазартып, жаман іс-қылықтардан сақтайды. Құранда Алла тағала: «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып
...
Әрі қарай оқу »