Сейсенбі күнгі нөмірде шыққан мақаламызда Вена қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Австрия Республикасына сапары басталғанын айтқанбыз. Австрияның біздің тәуелсіздік тарихында өзіндік орны бар.

Егемендіктің елең-алаңында, тәуелсіздік қолға енді тиеді деп отырған шақта – 1991 жылдың қазанында ол кездегі одақтас республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Австрияның Федералдық канцлері Ф.Враницкийді Байқоңыр ғарыш айлағынан австриялық ғарышкердің ұшуына байланысты келген сапарында қабылдаған болатын. Елбасымыз бен канцлердің адамдық тұрғыдағы қарым-қатынастары жылдар бойы жалғасқанынан да хабардармыз. Президентіміз Австрияға 1993, 1999, 2000 және 2004 жылдары барғанын да білеміз. Екі ел арасында
...
Әрі қарай оқу »