Назарбаев пікірсайысы түбегейлі ерекшеленеді, өйткені ол инновациялық құрылымдар қызметін бейнелейтін әлемдік ауқымдағы жаңа Институттарды қалай құру секілді, ғылым мен саяси практиканың терминологияларын, тілін солай өзгертуді де ұсынады...
Валюталық тұжырымдар мен практикалардың ғылыми қаржылық және құралдық шетін нәрселерін жақшаның ішінде (мамандар үшін) қалдыра отырып, әлемдік капиталистік жүйені өзгертудің қойылып отырған төтенше өзекті проблемалары социологиялық-гуманитарлық ғылымдардың оқымыстылар қауымы үшін сөзсіз қызығушылық туғызатынын атап өтейік.
Жаһандық әлемдік құрылыс тұжырымдамасына қосылған тамаша үлес, біріншіден, Президенттің әлемдік валюта жүйесін (ӘВЖ) ұйымдастырудың Қағидаттары мен Тетіктерін жариялау жөніндегі ұсыныстары пікірталастар мен талқылаулар тақырыбы, ал Қазақстан аумағы жобалық қызметтің инкубаторы ретінде ұсынылуы болып табылады. Автордың мұндай жобаны адамзат үшін әбден іске асыруға болатынына сенімділігі тәнті етеді. Әлемдік қаржы жүйесін жаңартатын уақыт жетті, деп санайды ол. Ал мен бұл жерде Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) институттары біртіндеп қалай ұйымдастырылғанын еске түсіру орынды болар еді деп ойлаймын. Әлемдік қаржы арналарын бақылау мен басқару саласы үшін де осындай ұқсастық сұранып тұр.
Екіншіден, автор бір ұлттық валютаның әлемдік экономика кеңістігінде үстемдік етуінің қордаланған бүкіл келеңсіз практикасын атап өте отырып, әлемдік қаржы жүйесінің реформасында сындарлы көзқарасты жақтайды.
Үшіншіден, дағдарыстан шығу әрекетін Президент барлық елдер (ұлттық валюталар) үшін әлеуметтік әділеттілік пікірсайысы арқылы қарастырады.
Төртіншіден, ұсынылған тұжырымдама әлемдік валютаны пайдаланушы барлық субъектілердің нақты-тарихи жауапкершілігі туралы мәселені жаңаша қояды.
Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік жаһандық дағдарысқа көзқарасының қалыпты еместігі көне догмалар мен саяси ойлаудың стереотиптерін еңсеруге бағытталуынан ғана емес, сонымен бірге айыптыларды іздеп, “әйтеуір кінәлілерді” тағайындаудан бас тартуынан көрінеді. Дағдарысты осы заманғы қаржы жүйесінің жүйелік ішкі қайшылықтары туындатқан, ол оны сыртқы әлемдік жүйеде көрінетін ақаулар ретінде анықтайды.
Әлемдік қаржы дағдарысын қалыптасқан әлемдік қаржы жүйесінің ішкі ақауы және оның аталас, мәндік қасиеті ретінде емес, бәзбір кездейсоқтық және апаттық жағдай ретінде ғана қарастыратын барлық басқа көзқарастар түкке аспай қалады, Н.Ә.Назарбаев осылай жазады. Әлемдік саяси-экономикалық кеңістіктің осы заманғы субъектілерінің парадигмаларын түбегейлі өзгерту ғана, сондай-ақ ойлау тұрпатын елеулі алмастыру дағдарыстан шығуға және Жаңа әлем мен Жаңа тәртіпті құруға жеткізе алады. Стратегиялық перспективада Президент прогресшіл тұжырымдаманың жақтаушысы болып табылады, бұл тұжырымдама әлемдік дамудың ортақ тренді ретінде жаңа әлемдік қаржы институттарына, сондай-ақ мұндай радикализмнің жаңа тіліне негізделген жаңа жаһандық экономика мен саясат моделінің радикализмін бөліп қарастырады.
Әлемдік қаржы жүйесін косметикалық жақсарту жөніндегі жөндеу жұмыстары ұлттық эгоизмнің өсуі мен жаңғыртуға тарихи уақыт ресурстарын зая кетуден басқа ештеңе де бермейді. Президент осы заманғы геосаясаттың тезаурусын өзгерту жөніндегі интеллектуалдық күш-қуат жұмсауды ғана емес, сонымен бірге жаңаша ойлауға қарай жаһандық сипаттағы жаңа Институттар түзуді ұсынады.
Президент жеті риторикалық сұрақ қояды: қазіргі де-факто бар әлемдік валюта заңды де-юре болып табыла ма (1); эмитенттің қызмет ресімі демократиялық болып табыла ма (2); сұраныс-ұсыныс баланс тетігі бәсекеге қабілетті ме (3); әлемдік валюта рыногы еркін, өркениетті болып табыла ма (4); пайдаланушы негізгі субъектілердің бақылауында ма (5); елдер мен әлемдік қоғамдастық алдында жауапты ма (6); тиімді де нәтижелі ме (7)? Автор теріс жауап бере отырып, дереу өз ой елегінен өткізуді талап ететін проблемаларды қалыптастырады.
Әлемдік валюта жүйесін өзгерту жөніндегі Назарбаевтың ұсыныстары:
* 1) Жаңа әлемдік ұлттықтан жоғары валютаны жария етіп, оның мемлекетаралық мәртебесін әлемнің көптеген парламенттері ратификациялаған Әлемдік заң арқылы заң тұрғысында қаттау, сондай-ақ бүкіләлемдік Эмиссия орталығы оның эмиссиясы қағидаттарын әзірлеуі керек.
* 2) Әлемдік валюта туралы заң осы валютаның эмиссиясын демократиялық басқару органдары іске асыратын демократиялық ресімдер арқылы жаңа әлемдік валютаны пайдаланушы субъектілердің құқықтарын қорғауы тиіс.
* 3) Арнаулы қадағалау органы, мәселен, Бүкіләлемдік монополияға қарсы валюта комитеті бақылайтын, сондай-ақ әлемдік валютаның кез келген эмитенттеріне немесе сатушыларына қандай да бір артықшылық беруді үзілді-кесілді жоққа шығаруға тиіс Бүкіләлемдік рынок еркіндігі комитеті жетекшілік жасайтын әлемдік валютаның бәсекелі
рыногының қағидаттарын әзірлеу туралы.
* 4) Әлемдік валютаның өркениетті Рыногы барлық қатысушылардың – сатушылар мен сатып алушылардың Ортақ шарты негізінде белгіленеді.
* 5) Әлемдік валютаны пайдаланушы ұжымдық (елдер, компаниялар) және жеке (азаматтар) субъектілерінің биліктің 3 тармағы – заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы Әлемдік валюта туралы заң аясында белгіленген эмиссиялар жүйесін бақылау мүмкіндігі болуы тиіс.
* 6) Әлемдік валюта туралы заң негізінде қалыптастырылатын Бүкіләлемдік валюта арбитражы жария және заңды эмитеттердің әлемдік қоғамдастық алдындағы әлемдік валютаның туындатылуы және эмиссиясы үшін әрекеті (немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік шегін белгілеуі тиіс.
* 7) Жаңа әлемдік валюта жүйесінің тетігі ғасырдың болашақ сынақтары мен болашақты болжалдауға оза жүретін мониторингтің арнаулы жүйесі негізінде құрылуы тиіс.
Әлемдік қаржы жүйесінің барлық көнерген проблемаларына дұрыс диагноз қойылған деп ойлаймын. Байыпты ұсыныстар айтылды, олар түрлі Бүкіләлемдік құрылымдардың, экономикалық және қаржылық қана емес, сонымен бірге мәдени, ғылыми құрылымдардың барлық қабаттарында талқылануды талап етеді. Бірақ та бұл туралы қызықты да пайдалы құбылыс ретінде айтып жатуы үшін байыпты тақырыпты түбегейлі шешімдер тұрғысына ғана ауыстыру міндетті емес. Адамзат қатер туғызатын түрлі түбегейлі эксперименттердің өзінде талай рет сынаған болатын.
Бұл мақала, меніңше, мазмұны жағынан маңызды болуына қарай формасы жағынан сондайлық ерекше болып табылады. Ақылман тұрпатында құрылған Н.Ә.Назарбаевтың бренді өзгерістер тұрпаты тұрғысында – Ізденуші, Жаратушы ретінде жаңа қасиеттерге ие болады. Брендтің жаңа ерекшеліктерін іргерілету үшін маңдай тері төгілетін жұмыс қажет. Бірақ та егер Назарбаев брендін қабылдаудың стереотипін талқандау міндеті қойылса, онда ол өз мақсатына жеткені. Алайда міндет мәнін – Жаңа Идеяны дағдарыстан шығу дауаларының жаһандық рыногында шешу мүмкін бола ма?
Дағдарыстан шығудың осынау Кілттерімен Әлемдік бастиондардың тот басқан құлыптарын олардың иелері ашуға мүмкіндік бере ме? Ойға философ және саяси қайраткер Махатма Гандидің даналық ойлары ғана орала береді: “Алдымен сені елемейді, одан кейін саған күлетін болады, одан кейін сенімен күреседі, одан кейін сен жеңіп шығасың”. Президент Н.Ә.Назарбаевқа өз тұжырымдамасын іске асыруда табыстар тілеп, берілген талқылау мүмкіндігі үшін ризашылық білдіремін.
2009-02-17 “Егемен Қазақстан”