Республикалық қазақтілді ақпарат құралдарының қатары тағы бір газетпен толықты. «Алаш айнасы» күнделікті сегіз бет болып шығатын қоғамдық-саяси газет.
Жаңа басылым, атынан көрініп тұрғандай, Алаш, яғни бүгінгі қазақ өмірінің айнасы болып жарқырауды мақсат тұтып отыр. Әр нөмір сайын жаңа қырынан ашылып, мәселені ақпараттық тұрғыда баяндап қана қоймай, түп-төркінін терең қазып ашуға тырысуда. Ұлттың сөзін сөйлер басылымның бас редакторы Серік Жанболат – «Айқынның» алғашқы бас редакторы болған азамат, белгілі тележурналист. Ал жаңа газеттің журналистерінің көпшілігі – «Айқынның» босағасында жүріп ақпарат айдынында әбден ысылған азаматтар, кәсіби шеберлігі жоғары жандар. Сондықтан «Алаш айнасы» тәй-тәй баспай, бірден алшаң басып кетеріне сенім мол. «Алаш айнасы» қадамың құтты болсын!
Әлхамдулилла, біздің жанымыздағы Манас көшесінің аты Тәуелсіздік деп аталды! Ақсарбас шалып, той жасап еңсңмізді, рухымызды көтеруге тырысып жатырмыз, иншалла!