Сүйкімді болғыңыз келсе.
Белгілі психологтар төмендегідей кеңес береді.
Адамға деген көз қарасыңызды өзгерту керек. Сіз әңгімелесіп, сырласып сөйлесетін адам өзін сізге керектей сезінсін.
Шынайы күле білуде өнер, үнемі күлімсіреп, жымиып жүріңіз.
Біз кейде әңгімелесіп отырып, қасымыздағы адамның аты-жөнін атауды естен шығарып аламыз. Жаныңыздағы адамның есіміңізді жиі қайталап отырғаны қандай жарасымды, сүйкімді. Ондай болса, сіз де сырласар адамыңыздың атын әңгіме арасында жиірек атауға тырысыңыз, ол екеуіңізді жақындата түседі.
Адамды тыңдай біліңіз. Оны қызықтыратын тақырып ауанын байқап, әңгіме барысын сол арнаға бұруға дағдыланыңыз.
Қасыңыздағы адамның жақсы қасиеттерін, мінезін атап өтіп, оны сыйлап құрметтейтініңізге көзін жеткізе жүріңіз.
Қарап тұрсаңыз түк қиындығы жоқ қарапайым қағидалар. Сұлу, сүйкімді көріну үшін бет-ауызды бояп, жалған сызылып, өтірік күлудің қажеті жоқ. Адамды сүйкімді көрсетіп, өзгелерден биік етіп тұратын шынайы болмыс – қарапайым мінез бен кішіпейілділік екені белгілі.
Сайтқа дайындаған Өскенбай Фариза
|