Көзімнің қарасы
Көзiмнiң қарасы, Көңiлiмнiң санасы. Бiтпейдi iштегi, Ғашықтың жарасы. Қазақтың данасы, Жасы үлкен ағасы. "Бар” демес сендей бiр, Адамның баласы. Жылайын, жырлайын, Ағызып көз майын. Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын. Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын. Өзi де бiлмес пе, Көп сөйлеп, созбайын.
|