Оңтүстік Қазақстан Облысы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Табиғи ортасы мен айналасы әсер еткен болуы керек, ол жастайынан Әселхан Қалыбекова сынды халық ақындарының тәлім-тәрбиесін көріп, ұлттық салт-сана мен айтыс өнеріне сусындап өскен жас. Бірақ Алматыға оқуға келісімен суырып салмалық өнерін тоқтатады. Бұған ҚазҰУ қабырғасында ұстаздық етіп, айтыскерлікке баули бастаған белгілі айтыскер ақын Оразалы Доспосыновтың мезгілсіз өмірден қайтуы әсер еткен. Осы ретте тау талапты «Ана тілі» газетінің саясат және экономика бөлімінің редакторы Абылай Мамырайхан бауырымыздың қаламынан туындаған жыр шумақтарын назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз. Ана тілі газетінен алынған.