Абай - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Жексенбі, 01.11.2026, 01:53
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 396
Негізгі » Файлдар » Поэзия » Абай

Ккатегориядағы материалдар: 19
Көрсетілгені: 11-19
Беттер: « 1 2

Датасы бойынша · Аты бойынша · Рейтингі бойынша · Комментарилер бойынша · Жүктелімдер бойынша · Қараулар бойынша бойынша сұрыптау

Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.

Абай | Қараулар: 2163 | Жүктеулер: 0 | Қосқан: psy | Датасы: 13.10.2009 | Рейтингі: 0.0/0 | Комментарилер (0)

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Кұйрығымен шылпылдап,
Арасында кұлын-тай

Абай | Қараулар: 5639 | Жүктеулер: 1 | Қосқан: psy | Датасы: 08.10.2009 | Рейтингі: 3.5/2 | Комментарилер (0)

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге  достығы  жоқ жандар  шығады.

Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан, өзге егін, сауда, өнер, ғылым - солар секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді. Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден  кетпек - әр қазақтың ойы осы.

Абай | Қараулар: 3350 | Жүктеулер: 0 | Қосқан: psy | Датасы: 08.10.2009 | Рейтингі: 3.0/1 | Комментарилер (0)

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Абай | Қараулар: 2944 | Жүктеулер: 0 | Қосқан: psy | Датасы: 17.09.2009 | Рейтингі: 4.3/3 | Комментарилер (1)

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Абай | Қараулар: 5320 | Жүктеулер: 0 | Қосқан: psy | Датасы: 17.09.2009 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментарилер (0)

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Абай | Қараулар: 5030 | Жүктеулер: 3 | Қосқан: psy | Датасы: 07.09.2009 | Рейтингі: 3.8/5 | Комментарилер (6)

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Абай | Қараулар: 3443 | Жүктеулер: 0 | Қосқан: psy | Датасы: 07.09.2009 | Рейтингі: 4.2/6 | Комментарилер (0)

Абай Құнанбаевтың өлеңі

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес
Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап – күлмес
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Абай | Қараулар: 4263 | Жүктеулер: 1 | Қосқан: psy | Датасы: 03.09.2009 | Рейтингі: 4.5/4 | Комментарилер (0)

Абай Құнанбаевтың өлеңі
Алланың өзi де рас, сөзi де рас,
Рас сөз ешуақытта жалған болмас,
Көп кiтап келдi алладан, оның төртi,
Алланы танытуға сөзi айрылмас.
Әманту оқымаған кiсi бар ма?
Уәктубиһи дегенмен iсi бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлықпен ол сiздерге, сiз де оларға...
Замана, шаруа, мiнез күнде өзгердi,
Оларға кез-кезiмен нәби келдi.
Қағида шариғаты өзгерсе де,
Тағриф алла еш жерде өзгермедi.
Күллi махлұқ өзгерер, алла өзгермес,
Әһли кiтап бұл сөздi бекер демес.
Абай | Қараулар: 2463 | Жүктеулер: 2 | Қосқан: psy | Датасы: 03.09.2009 | Рейтингі: 5.0/1 | Комментарилер (1)

1-10 11-19
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2026Бесплатный хостинг uCoz