Ән тұралы - Абай - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Дүйсенбі, 02.11.2026, 06:02
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 396
Негізгі » Файлдар » Поэзия » Абай

Ән тұралы
[ ] 13.10.2009, 13:42

Ән тұралы

Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып.

Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.

Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.

Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?

Категориясы: Абай | Қосқан: psy
Қараулар: 2164 | Жүктеулер: 0 | Комментарилер: 5 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2026Бесплатный хостинг uCoz