УИЛЬЯМ ШЕКСПИР КОРОЛЬ ЛИР - поэмалар - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Дүйсенбі, 02.11.2026, 17:28
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 396
Негізгі » Файлдар » Поэзия » поэмалар

УИЛЬЯМ ШЕКСПИР КОРОЛЬ ЛИР
[ Серверден түсіру (120.2 Kb) ] 01.11.2010, 14:37

БІРІНШІ ПЕРДЕ БІРІНШІ КӨРІНІС Король Лир сарайындағы тақыт залы. Кент, Глостер және Эдмунд кіреді. КЕНТ. Мен корольге Альбан герцогінен гөрі Корнуэль герцогі көбірек ұнайтын шығар деп ойлаушы ем. ГЛОСТЕР. Бәріміздің ойымыз да солай-тын. Бірақ, корольдің өз игілігін мынандай қып бөлгеніне қарағанда, бүйрегінің кімге бұратынын айыру қиын. Қара қылды қақ жарғандай. Жіліктің майлы басының кімге түскені белгісіз. КЕНТ. Бұл сіздің ұлыңыз ба, милорд? ГЛОСТЕР. Иә, оның дүниеге келуіне аз-мұз араласым болғаны рас. Бұрын мұндай сұраққа қызарақтап қалушы едім, қазір бетімнің қытығы қашайын деген бе, қысылмайтын болыппын. КЕНТ. Мына сөзіңізге түсіне алмадым? ГЛОСТЕР. Ендеше, бұл жігіттің анасы менің көмейімді бірден түсінген-ді. Соның салдарынан ол бейбақ байдан бұрын бала сүйді. Сіз мені жазғырып тұрғаннан саусыз ба? КЕНТ. Мынандай жайсаң жігіт жарыққа келгееін жазғырып қайтем. ГЛОСТЕР. Некелі әйелімнен туған бұдан бір жас үлкен ұлым бар, бірақ оған бүйрегім бүлк етпейді. Бұл патшағарды жата-жастанып тілеген ешкім болмаса да, анасы асқан сұлу еді, бұл туарда талай-талай бал дәуренді басымнан кешіп ем, әкесі екенімді амалсыз мойындауға тура келді. Эдмунд, сен бұл мәртебелі мырзаны танитын ба едің? ЭДМУНД. Жоқ, милорд. ГЛОСТЕР. Ендеше, танып ал. Граф Кент, бұдан былай мені қалай сыйласаң, бұл кісіні де солай сыйла. Асыл текті бұл мырза – менің ғазиз досым. ЭДМУНД. Қызметіңізге әзірмін, тақсыр. КЕНТ. Жақын біліскесін, өз баламдай бауыр басып кетерміз деп сенем. ЭДМУНД. Бұл сеніміңізді ақтауға тырысып бағам, тақсыр. ГЛОСТЕР. Тоғыз жыл шетте жүрді, енді көп ұзамай тағы да жолға шықпақ... Король келе жатыр.

Категориясы: поэмалар | Қосқан: psy
Қараулар: 1151 | Жүктеулер: 146 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2026Бесплатный хостинг uCoz