Сегіз аяқ - Абай - Поэзия - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Дүйсенбі, 02.11.2026, 07:57
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
Лирика [1]
поэмалар [1]
Әр түрлі [2]
Абай [19]
Шакарим [1]
Мағжан [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 396
Негізгі » Файлдар » Поэзия » Абай

Сегіз аяқ
[ ] 09.08.2010, 15:46

 Сегіз аяқ

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған. Хиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас. Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас. Қиналма бекер тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды –
Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз.
Атадан алтау,
Анадан төптеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ. Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп.
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым – тап шыным!

Категориясы: Абай | Қосқан: psy
Қараулар: 4876 | Жүктеулер: 1 | Рейтингі: 5.0/3 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2026Бесплатный хостинг uCoz