Бұл Жаднама шетелден тарихи отанына оралуға ниет еткен бауырларымыз бен түпкілікті қоныс аударып келген қандастарымызға арналады. Қазақстанға тұрақтанған оралмандар өз құқықтарын білуі міндетті. Сондықтан да қолыңыздағы шағын еңбек Сіздің керекті ҚР Заң-жарлықтарымен танысып, Қазақстан туралы түсінік алуыңызға септігін тигізеді деп сенеміз.
ҚР нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес дайындалды және басылымның ақпараттық сипаты бар. Басылымның әзірлеушілері жарияланымдағы ҚР заңдарына өзгерістер енгізілген жағдайда жауапкершілікті өз мойындарына алмайды.
Жаднама 2005 жылғы қыркүйек айындағы заңнама бойынша басылды және тегін таратылады.
Толық мәтінін тіркелген қолданушылар түсіріп ала алады.
|