|
Негізгі » Жаңалықтар архиві

Үкіметтің кешегі отырысынан тағы бір ұққанымыз, бұдан былай әлемнің атағынан ат үркетін Кэмбридж, Оксфорд, Гарвард университеттері секілді оқу орны енді біздің елде де болады. Өзге елдердің студенттері тек атағы дардай осы университеттерге ғана ағыла бермей, әлі-ақ біздің Арқаға да ат басын бұрады. Астанада Есілдің сол жағалауында Елбасының ұсынысымен осындай халықаралық университет салынып жатыр. Ондағы студенттер тек ағылшын тілінде оқиды. Аталмыш білім шаңырағы алдағы оқу жылында алғашқы студенттерін қабылдауға дайын. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, университетте дайындық курсын аяқтаған студент Англияның және АҚШ-тың жоғары оқу орындарында да білімін жалғастыра алады.
...
Әрі қарай оқу »
|
Кеше жерге қатысты мәселе көтеріле қалса, құсқанат көңілі алып-ұшып тұрар елді елең еткізген мәлімдеме жасады: Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Ебінеевтің аузымен Үкімет қазақ жерін шетелдіктерге сатуға әзір екендігін жария етті. Ол бұл тосын мәліметті журналистерге осы күні өткен Қазақстан – Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы іскерлік жиынның үзілісінде хабарлады. Ислам дінінің Отанынан келген, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс индустриясы, тағам өнімдерін өндіру, сауда, туризм және басқа да салалар бойынша маманданған 60-тан астам компания жиылған бизнес форумға өз командасын ертіп, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің өзі келіп, қатысты.
|
Бір мезетте бес телефонның нөмірін жаттай алар ма едіңіз? Иә. Жоқ. Белгіленген іскерлік кездесуді ұмытып кетіп, бармай қалған кезіңіз болды ма?
...
Әрі қарай оқу »
|
ЖҰЛДЫЗШЫ НАЗАРБЕК САҚТАНДЫРАДЫ
Айтқандары көбіне дәл келіп жататын жұлдызшы Назарбек Қожамсейітовтің болжамдарына еріксіз назар аударасың. Ол кісімен әңгімелесу де қызық. Кейде өз айтқандарына жұрттың жеткілікті мән бермей жататынына азын-аулақ өкпе білдіретіні де бар. Сөйтсе де халыққа қиын болмасыншы, сақтанып жүрсінші деп, өз болжамдарын жұртқа хабарлап отырғысы келеді. Оны редакциямыздың Алматы бөлімшесіне алып келген де со
...
Әрі қарай оқу »
|
Наурыз – сан ғасырдан бері қазақпен бірге жасасып келе жатқан мейрам. Бар үлгілі мәдениетті бойына жинақтаған әлемнің кез келген өскелең ұлты секілді, біздің халқымыздың да бойында байырғы дәстүрін бұзып-жармаған сан салалы мәдениеттің ұшқыны кездеседі. Қазір әлем жаңалық ретінде айтып жүрген толеранттық деген қасиет қазақтың тумысынан бар. Дәлірек айтсақ, тіпті еуропалықтарға түсінікті етіп жеткізсек, қазақ деген этнонимнің өмірдегі мағынасы һәм практикалық баламасы – демократия, суверенитет, толеранттық дегенге дәл келеді. Бұл үшін шетелдік зерттеушілер, әсіресе этнологтар Қазақстанға жай іссапармен ғана келмей, кемі әйгілі Бартольдтай ниетті түзеп, күпі жамылып қазақ арасында тұру керек. Төрт-бес жыл яки жеті жыл. Ал өзіміздің “этнологтар” құбыланы танып, құрығанда қазақтың қай тұстықта орналасқанын аңғаруы қажет. Шын ғылым ү
...
Әрі қарай оқу »
|
Нұрлан ӨТЕШЕВ, “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы.
Жастар тақырыбы – Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының ажырамас бір бөлігіне айналып келеді. Биылғы Жолдауда да Елбасы жастар мәселесіне ерекше мән берді. Онда мемлекет қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың сапалы білім алып, ғылыммен айналысуына жағдай жасап, жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде үлкен жауапкершілікті сезінетінін атап көрсетті.
...
Әрі қарай оқу »
|
ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА
 Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эконо&s
...
Әрі қарай оқу »
|
|
|
Жаңалықтар күнтізбесі |
« Сәуір 2021 » | Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн | Жк | | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
|
|