БҮРКЕНШІК ЕСІМ НЕНДЕЙ СЫР БҮГЕДІ? - саяси мақалалар - Әр түрлі мақалалар - Каталог статей - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:38
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
саяси мақалалар [5]
саясаттануға байланысты және т.т.
оқыту әдістері мен әдістемелер [2]
әдістемелер жайлы
педагогика [1]
педагогикаға байланысты мақалалар
Діни мақалалар [2]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Мақалалар » Әр түрлі мақалалар » саяси мақалалар

БҮРКЕНШІК ЕСІМ НЕНДЕЙ СЫР БҮГЕДІ?

Қазақ публицистикасы тарихында бүркеншік есімнің белең алып, тым жиі қолданысқа ілінген шағы – кеңес дәуірінің нәубет жылдары мен бүгінгі, тәуелсіздіктің кейінгі 10 жылы саналып жүр. Нәубет жылдардың жыры белгілі, елде жариялылыққа жол жоқ, Орталық комитеттің «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» боп тұрған шақ, қазақ қаламгерлері не көсемді жақтауға, не өз жарияланымдарын бүркеншік атпен беруге мәжбүр болды. Бірақ оның өзі де олардың өмірін сақтап қалуда аз рөл атқарғанмен, ұйқыдағы халықтың санасын оятуда орасан зор ықпал жасады. Ал бүгін ше? Бүркеншік аттың жиілеуіне не себеп? Демократиялық елде жариялылық жоқ па, әлде өзіндік өзге сырлары бар ма? Айырмасын ажыратып, байқап көрелік.
Ең қызығы, бүркеншік есім­нің өзінің бірнеше «бүр­кен­шігі» бар, олар – қалам ат, ла­қап ат, жа­сырын ат деп кете бе­реді. Оның адамға таңы­луы­­ның да өзіндік тарихы бо­лады. Айталық, орта ға­сыр­лық данышпан­дары­мыз­дың кө­біне өзі ғұмыр кешкен қа­ла­ларының атауы қосалқы есім боп беріліп, кейін шын есі­мінен жиі қолданысқа еніп кет­кен – Жүсіп Баласағұни, Мах­мұд Қаш­қари, Әбу Насыр әл-Фараби және өзгелер. Қа­зақ антропонимін тереңнен қаз­балай берсе, лақап атты ен­шілеуге қатысты деректер өте көп. Ал­дар­ көсе, Судыр Ах­мет, Қожанасырлардың өзі өмір­­де болған адамдардың жиын­тық образына таңылған бүркеншік есімдер. Қазақ ер­те­гілеріндегі Аюдәу, Суды­сал­паң, Таудыталпаңдар да – ла­қап аттың бір түрі. Бүгінгі әң­гімені оның мәнінен бұрын маңы­зына бұрғымыз келіп отыр.
Кеңес үкіметі дәуірінде бүр­кеншік есімді, әсіресе Алаш зиялылары көп қол­дан­ды. Бұл қазақ публицис­тика­сын­да 1920-30-жылдарда аса кең қолданылған дәстүр бо­лып есептеледі. Үкімет тара­пы­нан қудалау көріп, көкейін­де­гісін көпке жеткізу үшін есі­мін бүркеп, өзге аттарды жа­зу­ға мәжбүр болған. Ай­та­лық, қазақ пуб­лицистерін зерт­теуші ғалымдар бір Бейім­бет Май­линнің 33 бүркеншік есі­мі болғанын дәлел­деп шық­ты. Оның ішінде ең жиі қол­да­нылғаны – Қараша бала. Ах­мет Байтұрсынұлының Қыр баласы есімі кеңінен та­нымал. Көлбай Төгісов «Семи­па­латинский листок» газетін­де жарық көрген көптеген ма­қа­лаларын «Киргиз – кайсак», «К.Найманский», «Степняк», «Киргиз – степняк» деген ат­тармен жариялаған. Бүр­кен­шік есім Алаш зиялыларының бір-бірімен хат-хабар алы­суын­да да зор септігін тигіз­ген. Міржақып Дулатұлының ай­дауда жүргенде өз серік­те­рін де құрығы ұзын қолға ұстап бермеуі үшін оларға да ат таңып отырғанын Қайрат Сақ өзінің «Ұлттық сана ұйыт­қы­сы» еңбегінде келтіреді: «...Өмір бойы үкімет тарапы­нан қудалау көрген Мір­жа­қып Соловецк лагерінде ай­дау­да жүргенде де Әлихан Бө­кей­ханұлы Ахмет Байтұр­сынұ­лылармен хат-хабар жа­зысып, мән-жайды ұғынысып отырған. Мысалға, Әлихан Бө­­кейханұлын – Қыр баласы, Ахмет Бай­тұ­р­сынұлын – А.Б., Халел, Жанша Досмұхам­бетұлдарын – Екі Дос, Мұх­тар Мырзаұлын – Ұзын Мұх­тар деп сақтық үшін толық аты-жөнін айтпай, өзара түсі­нісіп отырған...». Міржақып­тың өзі де бүркеншік аттан кен­де емес. Түрік баласы, Қауіп Қатеров, Мадияр, Ар­ғын, Тургайский, Азамат, М.Д. деген есімдермен «Қа­зақ» басылымында көптеген ма­қалалар басып отырған. Бұл есімдердің Міржақыпқа тиесілі екеніне бүгінде ға­лым­дар еш күмәнсіз қарайды. Өйт­кені жоғарыда аталған ең­бекте баяндалғандай:
«Болады Тургайский уәлаятым,
Тайпам – арғын, мадияр –
асыл затым.
Бұл сөздің мұхаррирі һәм наширы
Дулат-оғлы Мир-Якуб – өзім атым» деген Міржақыптың өз өлеңі бар. Ал Азамат атын осы ат­тас өлеңдер жинағы жарық көр­генде таңып алса, Қауіп Қа­теровті айдауда жүрген ша­ғында еншілеп алған.
Әрине, адам баласына ат қою көбіне ауыл ақсақалд­а­ры­на, не баланың әке-шеше­сіне берілсе, бүркеншік есімді адамның өзі есі кіріп, өзін-өзі танығанынан кейін қояры белгілі. Яғни азан шақырып, есім еншілеудің астарында «осын­дай болсын» деген ниет жат­са, бүркеншік есімді кө­біне адам өз көңіл күйіне қа­рай қояды. Соған қарай, оның не­ліктен осы атты таңда­ға­нына талас туып жатады. Сон­дай бүркеншік есім­нің бірі – Шәкәрім Құдай­бер­діұ­лы­ның «Мұтылған» бүркеншігі. Бұл жайында ақынның өзінің:
«Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым «Мұтылған», – деген өлең жолдары да бар. Бір ғалымдар оны «ұмы­тыл­ған­ға» балап, өзін елден жы­рақ санап, оңаша ғұмыр кешу үшін осылай атаған десе, екіншілері «мұтылу» сөзінің текс­тологиясын басқаша тү­сіндіріп, «Мұтылған» – ақи­қат­ты тану үшін өз нәп­сісін, жал­ған «менін» өлтірген, сол ар­қылы жүрек көзі ашылған ғұ­ламаның сырлы белгісі» де­ген пікір айтады.
Тарихи бүркеншік есім­дер­дің өз рөлін жақсы атқар­ға­нын көріп отырмыз. Бүгін де ол сол маңызын сәл бәсең­дет­кенімен, жоя қойған жоқ. Алай­да сәл басқаша сипат ап ба­ра жатқанын жасыра ал­мас­пыз. Айталық, мағыналы бүр­кеншік есімнен гөрі, «мод­ный» есімдерге құмар­ту­шы­лар көбейіп барады. Соған орай, өз аттарын жіктеп, жаңа­ша форма іздеушілер ел аға­лары қа­тарынан да табы­лып жатыр. Совет-Хан Ғаб­ба­сов, Көпен Әмір Бек, Серік Абас-Шах, Иран-Ғайып және өз­гелер. Бұдан есімін «безен­діру­шіліктен» өзге ештеңе бай­қай алмай отырмыз. Та­рих­та болмаған түрлендіруді ен­гізген ағалардың баспасөз­де­гі мақалаларында ештеңе жоқ-ау, кітаптары, тарихта қа­латын құжатнама де­рек­терге де өз атынан қашып, «мод­ный» есім­дерін жазуы сәл әбестік көрінетін сықыл­ды.
Сондай-ақ ақпарат құрал­да­­рында өз басына қатер тө­не­тіндіктен, яғни мәжбүр­лік­тен емес, қараша тілмен айт­қан­да, «еріккендіктен» бүр­кен­шік атқа баратындар кө­бейіп кетті. Айталық, жаз­ғаны сапасыз шығып жатса, өз аты­на «кір келтірмес» үшін ла­қап ат қоюшылар бар. Бұл оның кә­сіби шеберлігіне де кері әсер етеді. Қайта қарап, жаз­ға­нын дамыта түсудің орны­на, «әй, бүркеншік атқа осы да жа­райды» деген пиғыл қалып­таса­ды екен.
Ислам дінінде біреуге жа­ғым­сыз лақап ат телуге тыйым салынған. Бүр­кеншік атау таң­дауда тағы бір ке­тіп жа­та­тын кемшілік өмір­де бар адам­дар­дың, оның ішін­де танымал жан­дардың есі­мінен өзіңді ау­лақ ұстаған жөн. Өйткені оқыр­ман сізді бас­қа біреу екен деп қалуы ға­жап емес. Ол бір жа­ғынан ав­торлық құқыққа да шектеу кел­тірсе, екінші жа­ғынан сіз­дің ойлап тапқан атыңыз­ға ие өзге жанның құ­қы­ғын да тап­тау болып қалуы да бек мүм­кін. Мұндай жағ­дай ел жур­на­листикасында тұп-тура бір жыл бұрын бол­ған-ды. «Ка­зах­станская прав­да» газетінің тілшісі Ольга Ка­занцева өз мақаласына Сергей Скрябин бүркеншік есімін пайдалан­ға­ны үшін осы аттас Заң инс­титутының бұрынғы дирек­торы оны сотқа берген. Рас, сотты басылым ұжымы жеңіп шыққанымен, екі та­рап­ты да біраз әуреге салғаны бар.
Десек те, бүгінде бүркен­шік есімдердің дұрыс бағыт­та­ғы қажеттіліктері де жоқ емес. Айта­лық, басылым бет­теріндегі түрлі әдеби бәйгелер ұйымдастырылғанда, шы­ғар­малар бүркеншік есіммен жа­рияланады. Оқырмандар баға­сын беріп, дауысын беріп, жеңім­пазды анықтағанда ғана олар­дың шын есімдері жария етіледі. Бүркеншік есім интер­нет әлемінде де жиі қолданы­ла­ды. Оның бұл салада өзіндік «ник» атауы бар. Әңгіме-дү­кен құрғанда, жеке блог аш­қан­да, ақпарат таратқанда да осы ник арқылы өз есіміңіздің құпиялылығын сақтауыңызға бо­лады.
Бүркеншік ат таңдау – әркім­нің өз еркі. Тек оның да тари­хи маңыз атқаратынын ес­тен шығармасақ игі еді... Ақпарат көзі

Нұрболат АМАНЖОЛ

Категориясы: саяси мақалалар | Қосқан: psy (27.09.2010)
Қаралулар: 1488 | Комментарилер: 2 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 2
20.04.2015 Спам
2. reference
download sql books online 2008 http://webiler.com/plant-biology-book-free-download.html - Plant biology book free download dental implants ebooks free download http://tvbetter.com/nook-book-download-location.html - Nook book download location download catching fire book online free http://gamsberg.com/download-books-to-ipad-ibooks.html - Download books to ipad ibooks life of pi ebook free download

27.10.2011 Спам
1. Seston
This site is like a classroom, excpet I don't hate it. lol

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz