Диагностикалық және коррекциялық жұмыс - курстастарымның жұмыстары - мақалалар - Каталог статей - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:35
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
курстастарымның жұмыстары [41]
курстастарым жазған, аударған материалдар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Мақалалар » мақалалар » курстастарымның жұмыстары

Диагностикалық және коррекциялық жұмыс

Алдашева Айнұр аударма

 Диагностикалық және коррекциялық жұмыс

             Оқушылардың  психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және олардың білім, дағды, үйренулерінің жастық дамуға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мектеп психологының басты міндетіне жатады.

           Психодиагностика оқушылардың тәрбиеде, оқу барысындағы  қиыншылықтарын анықтауда, сондай-ақ қызығушылықтардың, қабілеттердің даму ерекшеліктерін зерттеуде үлкен рөл атқарады. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктері туралы ақпаратты жинау, К.М Гуревичтің анықтамасы бойынша,  психодиагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Бұл ақпараттар оқушылармен жұмыс істейтін адамдар үшін  өте пайдалы.

        Мектеп психологының практик-психологпен диагностикалық жұмыс барысындағы ерекшеліктері. Психологиялық қызмет жүйесінде психодиагностиканың біршама ерекшеліктері бар. Психодиагностиканың «ғылыми - зерттеуші» және «ғылыми –практикалық» секілді түрлерін ажырату керек. Егер біріншісінің міндеті психикалық даму заңдылықтарын зерттеу болса, ал ғылыми –практикалық психодиагностиканың мақсаты нақты психологиялық бұзылыстың себебін  анықтау болып табылады. Практик-психолог бала дамуына  ұсыныс беру үшін, балаға түзетуші шаралар жасау үшін психодиагностиканы қолданылады.

       Психодиагностикалық ақпараттар мына жағдайларда: 1) даму бұзылыстарын түзетуді ертерек бастау, оқушылардың психикалық даму қарқынын зерттеу;  2) төмен деңгейдегі және озат оқитын балалардың дұрыс жетілуіне жағымды жағдай қалыптастыру мақсатында дамытушы бағдарламаны жасау;  3) ерекше қабілеттері бар балалардың дамуына жағдай жасау; 4) психолог жүргізетін психопрофилактикалық жұмысының тиімділігін тексеру; 5) тәрбиелеу және оқыту жүйесіне салыстырмалы психологиялық талдау жасау;  6)  психологиялық ағартудың өзекті тақырыптарын таңдау мақсатында қажет. т.б.

        Мектептегі психологиялық қызмет шеңберінде түзету, дамыту, диагностика  секілді әдістер бөлек жүргізілмейді. Олар мектепте бір кезеңде атқарылатын жұмыс болып табылады. Мысалы; диагностикалық - коррекциялық немесе диагностикалық -  дамытушы  жұмыстар.

           Мектеп психологының жұмысы диагноз қойып, тұлғаны дамыту бағдарламасын жасаумен  шектелмейді. Ол балалардың дамуын зерттеп, ұсыныстардың орындалуын қадағалайды, сонымен қатар психологиялық, түзетушілік, тәрбиелік жұмыстың басым бөлігін өзі атқарады.  

Категориясы: курстастарымның жұмыстары | Қосқан: psy (26.01.2009)
Қаралулар: 9382 | Комментарилер: 1 | Рейтингі: 4.2/15 |
Барлық комментарилер: 1
02.01.2012 Спам
1. нұрсұлу
рахмет, психолог үшін қажет материалдар көп жазсаңыздар екен!

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz