Практикалық психологияның негізгі әдістері - курстастарымның жұмыстары - мақалалар - Каталог статей - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:38
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
курстастарымның жұмыстары [41]
курстастарым жазған, аударған материалдар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Мақалалар » мақалалар » курстастарымның жұмыстары

Практикалық психологияның негізгі әдістері

Алдашева Айнұр 

Практикалық психологияның негізгі әдістері

 

3.1 Психодиагностика

            Психодиагностика – нақты міндеттерді шешуге арналған практикалық немесе теориялық  меңгеру операцияларының біртекті амалдарының жиынтық әдісі. Практикалық психологияның өзіне тән ерекше әдістері бар. Ол диагностикалық әдістер, кеңес беру,  терапевттік түзету әдістері және ұйымдастыру мәселелерін шешуде қолданылатын әдістер. Бұлар психологтың клиентке ықпал ету қарқындылығының , шешілетін міндет күрделігінің негізінде құрылған. Психодиагностика клиенттің психологиялық проблемасын шешу үшін оған өзін едәуір тереңірек түсінуге және хал - жағдайы мен мінез құлқын өзгертуге, адамның  ішкі мүмкіндіктерін  табуға жәрдемдеседі. Практикалық психологияның әдістері  психодиагностикалық, кеңес беруші, түзетуші - терапевттік әдістерге жіктеледі.

          Психодиагностика – психологтың клиентпен  немесе топпен жұмыс жасайтын мәселелеріне тереңдеп енетін бағыт.

          Психодиагностика екі жақты мәртебеге ие. Біріншіден, ол практикалық психологияның салыстырмалы дербес бағыты болып табылады, яғни  психолог  кеңес беруде немесе психотерапияда маманданған өзге психологтардың тапсырысы бойынша күрделі диагностикалық жұмыстарды орындап, сол салада мамандана алады. Екіншіден, психодиагностика психологтың клиентпен  жүргізілетін жұмыстарының маңызды кезеңін құрайды.  Екі жағдайда да психодиагностика адамдардың  психологқа шағымдана келетін өмірлік қиындықтарының себеп - салдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұстанымдардың, әдістердің, әдістемелік  тәсілдері мен үрдістердің кешенін анықтайды.  Психодиагностиканың өзіне тән теориялық негізі бар. Оның негізінде психодиагностиканы теориялық пән ретінде қарастырады. Идеялардың теориялық психологиядан тәжірибелік психологияға едәуір жақындауына  ықпал етіп, психодиагностиканың теориялық негізі қалыптасады.

        Диагностикалық әдістердің бірнеше түрлері бар:

        Бақылау – анықталған құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын іріктелген мәселелерді( бірліктерді, көрсеткіштерді, белгілерді) тіркеудің негізінде зерттелінген объектіні бір жүйе бойынша қабылдау. Практикалық психологиядағы бақылау – клиенттің психологпен қарым- қатынасындағы вербалды және вербалды емес мінез- құлқын мақсатты, жүйелі түрде қабылдау.

        Әңгімелесу – психологтың сыналушымен серіктес қарым- қатынасының  барысында сыналушы тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алу тәсілі. Бұл әдіс психологиялық көмек көрсету кезіндегі терапевттік әңгімелесу ретінде анықталатын клиникалық сұхбаттасу деп аталады. Әңгімелесу барысында клиент сезінген эмоциялы күйлерге ену,  сезіну арқылы клиент тұлғасын және оның сөздері арқылы алынған ақпараттың барлығын сынамай қабылдайды, яғни түсіну қабілетіне  негізделген эмпатиялық тыңдау әдісі қолданылады.

        Практикалық психологтың іс - әрекетіндегі психодиагносикалық әдістер клиенттің қиын мәселелерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта стандартталған және тереңдетілген сұхбаттасу, бақылау, өзіндік бақылау, тесттер, проэктивті әдістемелер, рөлдік ойындар қолданылады.

        Диагностикалық әдістер психокоррекция мен психотерапия арқылы белгілі болған мәселенің нәтижелерін бағалауда да жәрдемдеседі.

        Диагностикалық үрдістер практикалық психологияның әр түрлі бағыттары мен мектептерінде қолданылады. Әрбір мектеп клиенттің проблемаларын, оларды шешудің  мақсаттары мен мүмкіндіктерін өз бетінше ерекше бағытпен шешеді.

       Сұхбаттасу практикалық психологияның барлық мектептерінде  әртүрлі варияцияларда қолданылатын негізгі диагностикалық міндетті құрал. Сұхбаттасудың клиент жайлы ақпаратты жинауда қолданылатын сызба – нұсқаны қарастырып көрейік. Сызбада клиенттің шағымына байланысты мәліметтердің тізімі бар.

  

Категориясы: курстастарымның жұмыстары | Қосқан: psy (26.01.2009)
Қаралулар: 13385 | Рейтингі: 3.7/6 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz