«Өнер сферасы бойынша, Жапония мен Ресей арасындағы дискурс». - курстастарымның жұмыстары - мақалалар - Каталог статей - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:37
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
курстастарымның жұмыстары [41]
курстастарым жазған, аударған материалдар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Мақалалар » мақалалар » курстастарымның жұмыстары

«Өнер сферасы бойынша, Жапония мен Ресей арасындағы дискурс».
«Өнер сферасы бойынша, Жапония мен Ресей арасындағы дискурс».

Махамбетова Алия

Лекцияның мақсаты:  XIX ғасырдағы Шығыс пен Батыстың арасындағы      өнер сферасында болған дискурс арқылы, Европалықтардың көзқарасын өзгертіп, олардың аражігін ажыратып көрсету. Ресейге Жапонияның көркем өнері қалай әсер еткенін түсіндіру.

Кілттік сөздер: дискурс, суфийзм, рухани, символизм, ренесанс, «күміс ғасыр», мәдениет, графика, японизм, классикалық поэзия, көркем өнер, шығармашылық, архитектура, шедевр, интерьер, утилитаризм.

        Ресейде шығыс өнеріне қызығушылық 1896жылы Петербургте өткен, Жапон көрмесінен кейін пайда болды. Бұл көрмені, С.Н.Китаев ұйымдастырған болатын.Ол теңіз офицері, Тынық мұхитында саяхат жасап жүріп, Жапонияға барады. С.Н.Китаев Ресейдегі ең алғашқы Жапон өнерін ұнатушылардың бірі. Ол Жапонияның көркем өнерін, иллюстрациялық кітаптарын, сонымен қатар қол өнерін көптеп жинады. Әсіресе, С.Н. Китаев Хокусаяның шығармашылығына көп көңіл бөлді және оның мазарына арнайы барып та қайтты.

      С.Н. Китаевпен қатар, Ресейдің басқа да суретшілері И. Грабарь, С.А. Щербатов, А.Бенуа, Д. Митрохиндер де Жапон өнеріне қызығушылық танытты.

      XX-ғасырдың басында көптеген көрмелер ұйымдастырылды: 1901-1902жж. С.А. Щербатовтың, 1905жылы Хасэгавадан алып келінген өнерге көрмелер ұйымдастырылды.

      1906жылы Н.Н.Колобашкинаның Жапония және Қытайдың мәдениетінен жинақталған көркем өнеріне көрме ұйымдастырылды.

      Көрме мен қатар, Жапонияның мәдениеті, салт-дәстүрі, аңыз-ертегілері, атақты журналдарда: «Русское богатство», «Вокруг света», «Нива» басылып шықты. Сонымен қатар, Жапон графикалары Д.Митрохиннің,Г.Нарбуттың, Ю. Анненковтың жұмыстарына қатты әсер етті.

     XIX-ғасырдың 90жылдары Жапонияның әсері, орыстың шығармашылығында байқалды. В.Э. Борисов-Мусатов жұмыстарында Жапон өнерінің қырлары байқалды.

     1903жылы Европадағы көптеген жинақтарға байланысты, жапон архитектурасының шедеврлері Кацура және Сюгацин сарайлары танымал болды. Дәл осы жылы өткен Петербургтегі көрмеде үш Шығыстық автордың интерьері, Беруа мен Лансеренің асханасы, Бакстың будуары және Коровиннің шай ішетін бөлмесі ұсынылды.

     Н.А.Бердяевтің айтуынша: «Шығыстың Европа мен Ресейге әсеріне тек импрессионизм, модернизмнің пайда болуы түрткі болған жоқ, сонымен қатар символизмнің бір құбылысы «мәдени ренесанстың» пайда болуы да әсер етті. Символизм- орыс мәдениетіндегі «күміс ғасырмен» байланысты. Ол XIX-ғасырдың соңы мен XX-ғасырдың басындағы өнермен қатар, музыкамен, поэзиямен, әдебиетпен, философиямен сипатталады.

    Ресей символизмінің тарихында үш кезеңді бөледі:

1.     1880-1900жж. – Мәскеу суретшілерімен Абрамцев үйірмесінің қатысушыларының шығармасындағы символикалық тенденцияның дамуы.

2.     1900-1914жж. - Әдебиеттерде, театрларда және пластикалық өнерде символикалық қозғалыстың гүлденуі.

3.     1914-1920жж. – Бірінші дүние жүзілік соғыспен және революцимен байланысты.

    Символистер, медитацияның мотивтерін, мелонхоликалық сумеректерді жақсы көрді. Олар жоғарғы шыңға жетудің әдісі ретінде, интуитивизмді қолдады.

    Шығыста, символистер әйелді әлемдік жұмбақ ретінде қабылдады. Олар - әйелді Ева бейнесімен байланыстырды, яғни әйел мейірімділік пен зұлымдылықтың арасында тұратын жұмбақ тәрізді. әйелдің бастамасын – лала гүлімен және павлин құсымен байланыстырды. Ал, махаббатты – күрделі символика – әлем мен космоспен байланыстырды.

    1860-1870жж. Символизмнің эстетикалық негізін әдебиеттерде П.Верлен, А.Рембо, С.Малларме қалады.

     1900-1910жж. Орыс символизмнің жаңа кезеңі пайда болды. 1900жылы символизм – отандық әдебиеттерде жоғарғы шыңға жетті. В.С.Соловьев, Ф.Тютчевтерге сүйене отырып, А.Блок, А.Белый символизмді әлемді қалыптастыра алатын қабілетке ие, күш ретінде көрді.

     Европада дискурс шығыстың көркем өнерімен қатар, музыкасында да болды. Осымен байланысты шетелдегі дискурсивті оқиғаларға тоқталамыз. 1910жылдан Америкада Европа және Ресейде атақты музыкант саяхат жасайды. Ол Шығыс музыкасын, философиясы мен мистикасын білуші – Инайят Хан. Ол атақты «суфийстік жарлықты» жеткізуші болды. Мұның мәні, рухани азаматтылыққа жетуге, философиялық құпияларды ашуға талпыну болып табылады. Бұл миссияны, Инайят Ханға оның ұстазы Шейх Мадани жеткізді. Шейх Мадани өзінің шәкіртіне «сен, Шығыс пен Батыс әлемін өзіңнің музыкаңмен біріктір», дейді.

      1910жылы Үндістаннан Америкаға саяхат жасап, үнді әндерін жеткізді. И.Ханның өмірі Ресеймен де тығыз байланысты. 1913жылы ол Мәскеуге өзінің үш музыкант бауырларымен келеді. Оның мақсаты, үнді музыкасы, лекция, концерттерін жеткізу болды.

     Музыкадан басқа, И.Хан суфийстік жұмыспен де айналысты. Ол европалықтарға түсінікті болатын суфийстік идеялар мен символдарды тәсілді тапты. Дәл, осы кезде орыс интеллегенциясында алғашқы суфилер пайда болды.

    Көп ұзамай, Ресейде оның алғашқы кітабы жарық көрді. Оның ос ысаладағы жетістігі, Батыс әлеміне, тек мұсылмандарға тән философиялық жүйені жеткізетін тәсіл тапты. Яғни, ол суфийзм идеясын Шығыстан, Батысқа жеткізеалды.

    Осылайша, XIX-ғасырда Шығыс пен Батыстың арасында дикоративті- қолданбалы өнер, музыка, әдебиет және архитектуралар аймағында өмір сүрген дискурс болды. Бұл дискурс Батыс-Европалықтардың ойын, қабылдауын, құндылықтарын өзгертті.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.     Ресейдің Шығыс өнеріне қызығушылығы қай кезден бастап пайда болды?

2.     Символизм – терминін қалай түсінесіз?

3.     Ресейдегі символизмнің тарихын қалай бөлді?

4.     Шығыста символистер «әйел» образын қалай бейнеледі?

5.     XIX-ғасырдағы Шығыс пен Батыстың арасындағы болған дискурс неге алып келді?

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     И.А.Сапарова «Психология в диалоге культур: Восток-Запад» 195-211бет.

2.     Н.И.Конрад «Запад и Восток». М.,1966.

3.     Е.В.Завадская «Восток на Западе» М.1970.

 

Өткізген: Махамбетова Алия

Тексерген: Ташимова Фатима.

 

Категориясы: курстастарымның жұмыстары | Қосқан: psy (26.01.2009)
Қаралулар: 1748 | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz