ДОСТЫҚҚА СЫНА ҚАҒУ КІМГЕ ТИІМДІ? - саяси мақалалар - Әр түрлі мақалалар - Каталог статей - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 05:55
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
саяси мақалалар [5]
саясаттануға байланысты және т.т.
оқыту әдістері мен әдістемелер [2]
әдістемелер жайлы
педагогика [1]
педагогикаға байланысты мақалалар
Діни мақалалар [2]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Мақалалар » Әр түрлі мақалалар » саяси мақалалар

ДОСТЫҚҚА СЫНА ҚАҒУ КІМГЕ ТИІМДІ?

«Ұлтым – неміс, тілім – неміс, орыс, қазақ, жаным – қазақ» деп қа­зақ халқының туған баласындай бо­лып кеткен белгілі жазушы, пуб­лицист Герольд Бельгер ағамызды ерек­ше сыйлаушы едік. Оның бас­пасөз беттерінде жариялаған ма­қа­лалары мен сұхбаттары да оқыр­ман­ға ерекше ой тастайтын. Өзге ұлт­тың өкілі болса да, қазақ ұл­тының проблемасын терең түсінуі, қа­зақ халқының мәселесін көтеруі де оған деген көпшіліктің ықыл­а­сын аударатын.
Десек те, Бельгердің «Айтпарк» клу­бында айтқан сөздері оған де­ген көңілімізді күрт суытты. Гер-аға­ның белгілі ақын, ұлт пен тіл са­ла­сында гуманистік бағыт ұстаған қо­ғам қайраткері Мұхтар Шаха­нов пен қырғыз халқының ұлы жа­зу­шысы Шыңғыс Айтматов ара­сын­дағы рухани сабақтастыққа не­гізделген, шынайы достыққа кү­мән келтіріп, Шахановқа орынсыз соқ­тығуы азаматтық мінезге тән қа­сиет болмады. «Айтматов Шаха­нов­қа тек тірі кезінде ғана керек бол­ды ма?» деген Н.Ерімбетовтің құй­тырқы сұрағына «Литер» газе­ті­­нің 27 маусымдағы санында Ге­рольд Бельгер былай деп жауап бе­реді: «Вообще, дружба Шаханова и Айт­­матова мне до сих пор пред­став­ляется странной, непонятной. Бы­ли мы вместе в Ташкенте. Под­хо­дит ко мне Шаханов, очень такой ва­льяжный, важный. И говорит: «Мы с Чингизом написали роман. По­чему бы тебе его не перевести на рус­с­кий язык?» Причем он так себя ста­вил, как будто он главная фигура в этом тандеме. Я еще тогда уди­вился: «А почему Чингиз сам не сде­лает перевод на русский язык? Он же может прекрасно обойтись и без ме­ня». Признаюсь, предложение Ша­х­анова меня насторожило».
«Айтпарктың» жүргізушісі Нұр­­лан Ерімбетовтің Шаханов кө­те­ріп жүрген ұлттық проблема­лар­ға, мемлекеттік тілге, космо­по­лит­тік ағымға деген көзқарасы өзгере қой­ған жоқ. Ресейлік басылы­м­дар­дың біріне берген сұхбатында ол мем­лекеттік тіл мәселесін айта келе бы­­лай деп мәлімдеді: «Что же до рус­­ского языка – давайте не будем за­бы­вать о том, что подавляющее большинство лучших пред­стави­те­лей казахского народа получили об­ра­зование в России. Да и мировое приз­нание пришло к ним через рус­ский язык – будь то математики, фи­зики или писатели». Оның негізгі ойын өз сөзімізбен сабақтасақ, мем­лекеттік тіл мәселесін көтеру әлі ерте сияқты. Ерімбетовше елі­міз­ді мекендеген өзге ұлт өкілдеріне мем­лекеттік тілді білмедің деп олар­дың құқығын шектеуге жол беруге әс­те болмайды. Бір ғана қазақ ұл­тының мәселесін көтеру де орын­сыз. Себебі Н.Ерімбетовтің ойын­ша, «Сегодняшний Казахстан – с неф­тью, с железными дорогами, за­во­дами, театрами, школами и детс­ки­ми садами – мы построили вместе с русс­кими, с евреями, с украинцами, с уйгурами. И они имеют такое же пр­аво на материальные и полити­чес­кие дивиденды от этого, как и мы». Міне, мәселе қайда жатыр? Сол себептен оларды мемлекеттік тіл­­ді меңгеруге күштеу, зорлау әрі мін­деттеу – барып тұрған «на­дан­дық». Өз ұлтының тіліне, рухани құн­­дылықтарына мұрын шүйіре қа­­райтындарға «Мем­лекеттік тіл» мә­селесін қайта-қай­та көтере бе­ретін Шаханов се­кіл­ділер әрине, ұна­­майды. Сон­дық­тан да ол Бель­гер­дің аузынан шық­қан бір орын­сыз пікірді қағып алады.
Жарайды. Ерімбетовтің жай-кү­йі бізге түсінікті. Ал енді ардагер жа­зушы Бельгерге не жорық? Қыр­ғыз бен қазақ арасында ғана емес, әлем руханиаты тарландарының, атап айтсақ, бір кезгі ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Ма­йордан, жапонның атақты фило­со­фы Дайсаку Икедадан, дағыс­тан­ның ұлы ақыны Расул Ғам­за­тов­тан бастап талай дара тұлғ­а­лар­дың құрметіне, сеніміне ие болған Айт­матов пен Шаханов арасын­да­ғы туыстыққа бергісіз достық ту­ралы қырғыз, қазақ, өзбек, татар, не­міс, жапон ақындары жазған ар­нау жырлардың өзі бір сала. Ша­ха­нов қырғыз жерінде елші боп тұр­ған шағында екі ел арасындағы ру­хани байланыс өзгеше жыл­дам­дық­пен дамыды. Қос бауырлас ха­лықтың 80-нен астам әдебиет, өнер, ғы­лым, шаруашылық қайраткер­ле­рі екі елдің құрметті атақтарын ие­лен­ді. Р.Бағланова, Б.Төлегенова, С.Май­қанова, З.Шәріпова, Қ.Мұ­ха­мед­жанов, Ш.Мұртаза, Ә.Ке­кіл­баев, І.Жақанов, Р.Сейтметов, М.Жү­нісова, Р.Рымбаева, А.Қо­раз­­баев, Г.Сиқымбаева секілді басқа да тарландардың қырғыз мем­ле­кетінің ерекше құрметіне бөл­е­не­тіні де осы тұс. Бішкек қала­сының де­малыс паркінде Мұхтар Әуе­зов­тің үлкен ескерткішінің қойылуына да тікелей Шаханов себепкер болды. Бір­де-бір елші екі елдің рухани бай­ланысын дамы­туға Шахановтың дең­гейінде еңбек еткен жоқ. Мұндай пі­кір сол кезгі Сыртқы істер ми­нистрі Қ.Тоқаев­тың да аузынан шы­ғып еді. Бішкек­те кез келген қыр­ғыз азаматын тоқ­татып сұраңыз, Ша­хановқа, оның Айтматовпен дос­тығына өзгеше құрметпен қа­рай­тынын айтады. Тіпті Қыр­ғыз­стан­да Шахановтың аты қойылған тау да бар... Бірақ біздің Бельгер аға­мыз Айтматов пен Шаханов дос­тығына күдікпен қа­рай­ды екен. Ол кі­сі Айтматов пен Шаханов бірлесіп жаз­ған «Құз басындағы аңшының за­ры» (Ғасыр айры­ғындағы сыр­ла­су) атты эсселер кітабын роман деп те шатастырып­ты. Соған қарағанда, кі­тапты оқы­мағаны айдан айқын се­зіліп тұр. Осы мәселе төңірегінде Мұх­тар Ша­ханов ағамыздан сыр тарт­қаны­мызда ол бізге мынаны айт­ты:
«Иә, Ташкентте өткен бір жиын­да Бельгер ағаға «Айтматов екеуміз дү­­ниеге келтірген кітапты аударып бе­ресіз бе?» деп өтініш жасағаным рас. «Ой, Шыңғысты білесің ғой, анау-мынау» деп ұлы тұлғаны мен­сін­бес мінез көрсеткенім шындыққа жа­наса қоймас. Бәлкім, Герекеңе со­лай көрінген шығар. Тіпті мен Бель­гер ағаның өзіне де сен деппін. Өз басым ешқашан жасы үлкен адам­ға сен деп бейбастық мінез көр­сеткен емеспін. Ол менің таби­ға­тыма жат. Әрине, жазғанымыз ро­ман болғанда оны Герольд ағамыз айт­қандай, Айтматовтың өзі аудар­ға­ны жөн еді. Бірақ біздікі эссе, Айт­матов қырғызша, мен қазақша үн­таспа алдында туындаған сырласу кі­табы ғой. Тым құрыса ол кісі Айт­ма­товтың кітапқа жазған алғысө­зін де оқымаған екен-ау...»
Оқырман қауымға түсінікті болу үшін Шыңғыс Айтматовтың 1996 жыл­ғы тамыз айында «Құз басын­да­ғы аңшының зары» атты эссеге жаз­ған алғысөзінен көлемді үзінді кел­тірелік:
«Бала кезімде ауылымыздың бір сый­лы қариясы өз-өзінен том­са­рып: “Сөйлесетін адам қалмай ба­ра­ды”, – дейтін. “Көшеге шықсаң, қап­тап жүрген кісі, ақсақалдың мұн­шалық жалғызсырағаны не­сі?” – деп таң­ғалушы едім. Сөйт­сем, қария өзімен тең отырып ой бө­лісетін, сөз қадірін өз қадіріне ба­лайтын терең тамырлы, құй­ма­құ­лақтыларды аң­сайды екен-ау.
Мұхтар екеуміздің сол ауыл қар­ты армандаған ой бөлісу, емін-ер­кін сырласу куанышынан туын­даған қолдарыңыздағы кітаптың дү­ниеге келуі қызық. Біріміз – қа­зақ, екіншіміз – қырғыз тілінде (яки екі бауырлас тілде) өрбіген бұл эс­се­лерді, негізінен, магнитофон ал­дын­дағы сырласу немесе маг­ни­то­фон таспасынан шыққан сыр төк­пе (экспромт) кітабы деп атаса да болғандай. Көңіл күйіне, әңгіме ың­ғайына орай әртүрлі шалқу­ла­ры­мыз бен толқуларымызды да мүм­кіндігінше көп қалам батыр­май, сол күйінде қалдыруға ты­рыс­тық. Ең жақын адамдары­мыз­дан басқа сырт көздер біле бер­мейтін, тағ­дырдың қия жо­л­да­рын­да ке­зіктірген қа­дау-қадау қуаны­шы­мыз бен қа­сі­ретімізді де бүгіп жат­падық. Оңаша отырып, сыр тө­гу­дің жазба әңгімеден бір ерек­ше­лігі де осында ғой.
Енді кейбір шетел оқыр­ман­дары үшін өзімнің сұхбаттасым­ны­ң кім екенін айта кетсем – ар­тықтық етпес.
Менің өмірімде екі Мұхтар бол­ды. Оның бірі – әкемдей қамқор пе­йілді ұстазым, ұлы жазушы Мұх­тар Әуезов те, екіншісі – аза­мат ақын, көп жылдан бергі сыр­ла­сым, іні-досым Мұхтар Шаха­нов. Менің түсінігімше, ол – кең ау­қымды ізденгіш, ойшыл, Шы­ғыс­тың да­на­лығы мен Батыстың ұш­қыр дү­ние­танымын бір арнада ше­бер то­ғыстырған Азия құрлы­ғын­дағы аса ірі ақындардың бірі. Осы сырласу кі­табында оқырман қа­уым оның бір­шама қанатты жыр­ларымен та­нысуға қосымша мүм­кіндік алады. Ре­ті келгенде айта кеткен жөн, Мұх­тар – қазақ хал­қының қиын шақ­та жел өтінде ұс­таған, ел ішінде ұлттық батыр қа­тарында мо­йындалған қайсар қа­нат пер­зенттерінің бірі. 1986 жыл­ғы Кеңес Одағындағы тотали­тар­лық жүйеге қарсы батыл бас кө­терген қазақ жастарын ақтап алу­да ол, өз тағдырына төнген қа­уіпке қарамай, на­ғыз ерлік, ер­кек­тік мінез көр­сет­ті».
2000 жылы М.Шахановтың осы заманның күрделі рухани проб­лемаларын көтеретін «Өр­ке­ниет­тің адасуы» атты өлеңмен жа­зыл­ған романы бойынша Еу­ро­паның 12 қаласында оқушылар кон­ференциясы, кездесулер бо­лып өтті. Сонда Шыңғыс Айт­матов өзі­­нің бүкіл шаруаларын, тіп­ті Қыр­ғыз Республикасының Бельгия­да­ғы Төтенше және өкі­лет­ті елшісі қыз­метін де бірнеше күн бойына сы­рып қойып, рухтас іні­сін Гер­ма­нияның 6 қаласына өзі ертіп жүр­ді. Шығар­ма­шы­лығына үлкен ма­хаббатпен қа­рай­тын неміс оқыр­мандарына арнап, қа­ламдас іні-досының поэзиясы ту­ралы тол­ға­на, тебірене сөйледі. М.Ша­ха­нов­тың қазақ топы­ра­ғын­­да ғана ем­ес, әлемдік поэ­зия­дағы ба­ғыты мен орны жайлы ой қоз­ғады.
Биылғы жылғы мамыр айында Ал­матының Республика сара­йын­да 3 мың адамдық залды лық тол­тырған М.Шахановтың шы­ғар­машылық кездесуінде, кешті ұйым­дастыруға мұрындық болған «Қа­зақстан» телеарнасының ре­жис­серлері сахнадан Ш.Айт­ма­тов­тың 2002 жылы Бішкектегі Опе­ра және балет театрында өткен Ша­ханов поэзиясына арналған кеште сөйлеген сөзінен үзінді көр­сетті. Енді ұлы жазушының жа­қында теледидар арқылы берілген сол сөзіне назар аударалық:
«Қанша рет екеуміз бірге Еу­ро­паны араладық. Үлкен аудито­рия­лар­да оқырмандармен жолықтық. Олар бізге сұрақ қойып, біз оларға жа­уап берген қызықты сәттердің кө­бі есімде қалыпты. Мұхаң жай отыр­ғанда қарапайым ғана адам боп көрінгенімен сахнаға шыға кел­генде, сөз сөйлегенде өзгеше си­пат­қа ие болады. Еуропалықтар ала­қаны қызарғанша қол соғып, таң­дана, сүйсіне қарайтын. Өйт­кені Мұ­хаң­ның рухани күші сон­шалық, ой-ағысы, тол­қын қуаты сон­шалық, қазаққа қарата, қыр­ғыз­ға қарата айта ма немесе өзге ұлт өкілдеріне арнап ой өре ме, бә­рі­бір, әр сөзі азаматтық, гу­манистік игі­лік­терден тамыр алып жа­тады.
Менің айтайын дегенім мынау: Мұ­ха, бұл да тағдырдың жазғаны екен. Сен көп тармақты тарихтан орын алып келесің. Гуманитарлық, ға­ламдық істерің кейде рево­люция­лық қимылдарға да ұштасып жа­тады. Сен қанатын кең жайған алып құс сияқтысың. Жалпы, біз­дің жа­қын дос ретіндегі бауырлас­ты­­ғы­мыз бір басқа, екеуміз рухани жа­ғынан да, шығармашылық жа­ғы­нан да бір-бірімізге партнер сияқ­тымыз, өзара жалғаса, үзең­гі­ле­се келе жатқан тұлғалармыз. Екеу­­міздің бірлесіп жазған кіта­бы­мыз бұған дәлел...
Сенің есімің Мұхтар Әуезовтің ес­іміне жанаса жалғасып тұр. Сен­сіз қазақ әдебиетінің тарихы то­лық­қанды тарих бола алмайды».
Егер екеуінің арасында шы­на­йы, мөлдір достық болмаса жер ша­рын дара дарынымен таңғал­дырған ұлы қаламгер осындай пі­кір айтар ма еді? Өзі тірі болса, ол бұл пендешілікке қатты ренжір еді. Көзі қарақты адамға Шаха­нов­тың беделін түсіру арқылы қа­зақ ұлтының, қазақ тілінің беделін құл­дырату мүддесі жатқанын ұғы­ну қиынға соқпас.

Жұмаш КЕНЕБАЙ,
«Таным» пікірсайыс клубының жетекшісі.
Ырысбек ДӘБЕЙ, Мақсат РАМАЗАНҰЛЫ, Бауыржан ҚАРАҚЫЗҰЛЫ,
Республикалық «Алаң» әдеби бірлестігінің мүшелері.
Қалдыбай ӘБЕНОВ,
«Аллажар» фильмінің авторы және қоюшы режиссері.
Бақтыбек ИМАНҚОЖА,
«Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,
Талғат РЫСҚҰЛБЕКОВ, Құрманғазы АЙТМЫРЗА, бірлестіктің басқарма мүшелері

Категориясы: саяси мақалалар | Қосқан: psy (02.07.2009)
Қаралулар: 1650 | Рейтингі: 2.0/2 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz