ЖАС ӨСКІН ДЕМОКРАТИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ Болашақ ядролық қарумен емес, ынтымақтастықпен қамтамасыз етіледі - 11 Сентября 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:37
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Қыркүйек » 11 » ЖАС ӨСКІН ДЕМОКРАТИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ Болашақ ядролық қарумен емес, ынтымақтастықпен қамтамасыз етіледі
ЖАС ӨСКІН ДЕМОКРАТИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ Болашақ ядролық қарумен емес, ынтымақтастықпен қамтамасыз етіледі
08:03

8 қыркүйекте Американың ықпалды “Ва­шин­гтон Таймс” газеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жас өскін демократия­лар­­дың әлеуеті” атты мақаласын жа­рия­лады. Аудармасын газет оқырман­дарының назарына ұсынып отырған бұл мақала АҚШ-тағы дәстүрлі жазғы демалыс­тар­дан кейінгі алғашқы ресми күні шық­қа­нын атап өткен жөн. Мұның өзі американ саяси истеблишменті үшін оның өзек­тілігі мен басымдылығын және әлемдік аре­на­дағы барынша беделді лидерлердің бірі ретінде Қазақстан Прези­дентінің пікіріне деген үлкен қызығу­шы­лықты атап көр­сетсе керек. Сонымен қатар мақалада баяндалған жаппай қырып-жою қару­ла­рын таратпау режімінің күшеюі және ха­лықаралық деңгейде толеранттылық пен өзара түсіністікті ны­ғайту секілді халық­аралық қоғамдастық үшін айрықша мәнді мәселелер туралы Мемлекет басшысының ұстанымы жұрт­шылық назарына осы мәселелерді талқылау жоспарланып отыр­ған БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысының қарсаңында ұсынылды.

 

Дүние өзгеріп жатыр. Елеулі экономикалық сынақтар мен ха­лықаралық қауіпсіздік проблема­лары аясында жаңа альянстар қа­лыптасып жатыр. Жаһандық сауда-экономикалық үдерістер мен мем­лекеттер арасындағы тығыз өзара ықпалдастық шекаралардан аттап өтіп, өзара қарым-қатынасты те­рең­дете түсуде және жаңа мүм­кін­діктер туғызуда. Басқа көптеген жас өскін демократиялар секілді Қа­зақ­стан болашаққа тарихтың күрделі тағылымдарына негізделген абай­шыл оптимизммен қарайды. Сая­сат­тың әрдайым салдары болады; альянстар іс-қимыл еркіндігін бергені секілді одан тыйып та тас­тайды. Президенттер Барак Обама мен Дмитрий Медведев секілді супердер­жа­валардың лидерлері қалам ұшының бір сызығымен біздің бәрімізге ықпал ететін күштер мен үдерістерді қозғалысқа келтіріп, тосырқаудың ондаған жылын басқаша жүргізе алар еді.

Ресейдің, Қытайдың, Иран мен Ауғанстанның арасында орналас­қан Қазақстан мен Орталық Азия бас­қаларға қарағанда мұндай ық­пал­дың салдарларын сезінуде. Мұнда Ресей, Құрама Штаттар мен Қытай секілді елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардағы жеңіл-желпі толқынысының өзі қуатты дауылдың салдарларын ту­ғызуы мүмкін, сондықтан да мұның өзі біздің осындай өзара қарым-қа­тынастар аясындағы өзіміздің рө­лі­міз бен ықпалымыз туралы әр­дай­ым ойлануға мәжбүрлейтіні сөзсіз.

Кейбір қызба елдер өзіне көбі­рек назар аудартып, аннан-мұннан жеңілдіктер алу үшін қару-жарағын жарқылдатып бағуды артық көреді. Әлбетте, олардың тактикасы халық­ара­лық жаңалықтар өзегінде болуға мүмкіндік береді. Басқа елдер өз­де­рінің ядролық державалар клубы­нан орын алу ұмтылысында Амери­ка мен батыс демократияларына ең шегіне дейін қысым жасап, страте­гиялық прессингтің келесі раун­ды­на дейін кері шегініп жүреді. Со­ны­мен қатар Қазақстан секілді жас өскін демократиялар БАҚ-тар на­зарының өзегінде болмаса да әлем­дік аренадағы өз рөлін жауап­кер­шілікпен атқаруда және мұның өзі азаттық сүйгіш барлық елдердің бе­рекеттілігі үшін әлдеқайда ма­ңызды.

Президенттер Б.Обама мен Д.Мед­ведевтің өз елдерінің ядро­лық арсеналдарының үштен бірін қысқарту жөніндегі бастамалары Қазақстанның осындай рөлі туралы тағы да еске салып өтті. Бұл арсе­налдардың қазіргі мөлшеріне осы­дан тура 18 жыл бұрын біздің жас өскін демократиямыз Семей ядро­лық сынақ полигонын жабу туралы шешім қабылдауы және КСРО-дан мұраға қалған әрбір баллистикалық ракетасы он-оннан ядролық оқтұм­сық алып жүре алатын 104 дана СС-18 континентаралық ракетасын жою туралы содан кейінгі шешімі айтарлықтай ықпал етті. Тарихи салыстыру үшін айта кетелік: бү­гін­де бүкіл әлем жіті көз тігіп отыр­ған Солтүстік Корея алтыдан ас­пай­тын ядролық бомба жасау үшін жеткілікті плутонийге иелік етеді деп саналады.

Ядролық қаруын сақтағанда Қазақстан, бәлкім, біздің үнемі тұрлаусыз өңірімізде әлдеқайда ықпалды ойыншы бола алар еді және мұндай жағдайда біз туралы әлем әлдеқайда көбірек білер еді. Кейбіреулер тіпті ядролық арсе­нал­дан бізді бастартпауға үгіттеп бақ­ты. Алайда шешім қабылдаған кез­де біз өзімізге ұқсас жас өскін де­мо­кратиялардың рөлі мен жауап­кер­шілігін түсінуді қоса алғанда әл­деқайда маңызды ойларды басшы­лыққа алдық. Қазақстанда жаңа экономикалық және саяси модель құру біздің басты мақсатымыз бол­ды және біз өзіміздің болашақ бе­рекеттілігіміз Батыспен қауіпсіздік, сауда-саттық және инвестициялар саласындағы қатынасқа тікелей бай­ланысты екеніне нық сендік. Біздің міндетіміз, мен оны “жасам­паз көшбасшылық” деп атағым ке­леді, яғни өз өңіріміздегі көптеген және көп ретте қарапайым емес күш­термен прагматикалық және сындарлы өзара ықпалдастықты жүзеге асыру болды. Нақ осындай философия бізді ядролық қарудан бас тартып, АҚШ-пен ғана емес, Ре­сеймен, Қытаймен, Иранмен және, іс жүзінде, Қазақстанмен ынтымақтастықта болуға ұмтылған барлық елдермен қарым-қатынасты белсенді дамытуға алып келді.

29 тамызда біз сонда қабыл­дан­ған шешімнің жылдығын атап өт­тік. Бізді сол шешімді қабылдауға рух­тандырған “жасампаз көшбас­шы” философиясы Қазақстанға және біздің халықаралық байла­ныс­тарымызға пайдасын тигізуін жалғастыруда. Демократиялық құн­дылықтарды, заң үстемдігін, ашық­тықты, толеранттылық пен еркін сау­даны жақтаушылық бізде тұрақ­ты мемлекет құруға және тұрлаулы да жақсы білімді орташа тап қа­лыптастыруға мүмкіндік берді. Осының бәрі ел ішіндегі әлдеқайда мықты іргетас болып, бізге стра­те­гиялық ынтымақтастық және көп ретте жеткілікті көңіл бөлінбейтін немесе әншейінде бірлескен жұ­мыс­қа ықыласты бола бермейтін ел­дермен өзара ықпалдастық үшін жағдай жасау жолымен әлемдік аре­нада маңызды рөл атқару мүм­кіндігін туғызды.

Бостандық пен бейбіт дамудың, демократияның ортақ құнды­лық­тарын бөлісу бір-біріне жақсы қолдау білдіруге жәрдемдеседі. Нақ сондықтан да бүкіл адамзатты тіті­ренткен 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен кейін халықаралық лаң­кесшілдікке қарсы күресте Қазақ­стан АҚШ-пен иық түйістіре әре­кет етіп, бүгінде Ауғанстанды тұ­рақтандыру жөніндегі күш-жігерге өте қажетті көмек көрсетуін жал­ғас­тырып келеді.

“Жасампаз көшбасшылықты” ұстанатын жас өскін демократия бола отырып, Қазақстанға тіпті қарсыласушы тараптар арасындағы үнқосуды ынталандыру мүмкін болуда. Жуырда Қазақстанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­дерлерінің 3-съезі, толеранттылық пен өзара түсіністікке қолдау біл­діру үшін келген барлық дерлік елдер мен діндердің рухани лидер­ле­рінің басқосуы – біздің жетіс­тіктеріміздің бір мысалы ғана. Сол се­кілді біздің МАГАТЭ басшы­лығы­мен ядролық отынның халық­аралық банкін құруға әзірлігіміз, ал мұның өзі Иранға және басқа ел­дерге өздерінің энергетикалық бағ­дарламаларын ашық та адал түрде іске асыруға мүмкіндік берер еді, АҚШ-тың, Ресей мен Қытайдың көшбасшыларынан қолдау тауып отыр. Ал жуырда Израиль Прези­денті Шимон Перес Қазақстанға өз еліндегі, Сауд Арабиясындағы және ислам әлеміндегі шешуші көшбас­шылардың тарихи кездесуін қабылдауды ұсынды.

Жас өскін демократия нақ осы­лай өз үлесін қоса алады. Өз мой­нына қасаңданған, кейде тіпті дог­малық өткеннің қарама-қайшылық жүктерін алмаған “жаңалар” азат­тықтың жаһандық аренасында шы­найы прагматикалық шешімдер қа­былдау үшін ахуал туғызудың ката­лизаторлары болуға қабілетті. Пре­зи­дент Обама мұны жақсы түсі­неді. Өзі сайлан­ған­нан кейін екі аптадан соң ол өңірлік ынтымақ­тастық мә­селе­ле­рін, ядролық қа­руды таратпау және энергетикалық өзара ықпал­дастық жөніндегі шараларды тал­қылау үшін маған телефон шалды. Сондағы әңгімелесу кезінде, өзінің содан кейінгі көптеген сөйлеген сөздеріндегідей, Президент Обама мемлекеттік істерді өркениетті жүр­гізу үшін іргетас ретінде прагма­тизм­ді бағалайтын түсінігін жеткізді.

Кейбіреулер мұндай көзқарас Президент Б.Обама уәде еткен сырт­қы саясаттағы жаңа бетбұрыс­тың мақсаттарына мүлде сәйкес­пей­ді деген пікір айтты. Алайда мен мұндай сынды негізсіз деп есеп­теймін, өйткені, мемлекеттік құ­ры­лыс ісінде прагматизм қажет. Праг­матикалық саясат идеологиялық “крест жорығы” деп аталатынға қа­ра­ғанда, әріптестердің оңды үн­қа­туын әлдеқайда тезірек туғызады. Мұндай сынақ бар-жоғы ондаған жылдарда Америка екі жүз жылдан астамын сарп еткен экспериментті жүзеге асырып жатқан жас өскін демократияларға жақсы түсінікті болса керек. Жасампаз көшбас­шы­лық – бұл біз атқара алатын ма­ңыз­ды рөл және біз басқаларға көрсете алатын маңызды өнеге.

 

 

Қараулар: 1192 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 4
07.05.2015 Спам
4. AndresMinc
grammatical accuracy and laboured precision; is rather wordy and http://vohok.com - diflucan price increase examination of this anti-revolutionary theory, which arrays diflucan no prescription overnight delivery

20.04.2015 Спам
3. click this site
download book story http://webiler.com/download-books-from-amazon-cloud-to-kindle.html - Download books from amazon cloud to kindle indian black magic book download http://tvbetter.com/free-download-book-in-bangla.html - Free download book in bangla jar book free download http://gamsberg.com/gate-chemistry-books-download-free.html - Gate chemistry books download free download ncert ip book class 12

16.04.2015 Спам
2. furious 7
fast and furious 7 movie watch online in hindi http://furious2015.webnode.com - furious 7 trailer 2 reaction fast and furious 7 movie date https://furious2015hd.wordpress.com - furious 7 han fast & furious 7 download

29.08.2012 Спам
1. Americo
Noramlly I'm against killing but this article slaughtered my ignorance.

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қыркүйек 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz