ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! - 31 Декабря 2010 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:33
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2010 » Желтоқсан » 31 » ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
07:50
Ағайынға - амандық, елге - есендік бергей! Алла тағала Жаңа жылда бәрімізге жақсылығы мен берекесін, ынтымағы мен ырысын, шаттығы мен қуанышын ала келсін! Жаңа жыл бізді биікке бастасын. Қиындықтан халқымыз қорқып, саспасын. Еңселі ел ретінде биік белестерді еңсерейік. Қандай заман болса да елдің бірлігі мен ынтымағынан жазбасын. Ұрпағымыз азбасын. Ұлт алдына ұлы міндет қойылды: Ел болу. Елдікті сақтау. Ел ретінде даму. Осындай әлемдік бәсекеде қазақ деген халықтың аты бәйгенің алдынан келсін!
Бір болайық. Бірге болайық. Елдің жүгін бірге көтеріп, халықтың арбасын тартуға бірге жегілейік.
Әр қазақтың баласы ел үшін, жұрт үшін орынды қарекет қылудың қамында болсын. Қазаққа қазақ қарайлассын! Бір-бірімізге қол ұшын берелік. Сөз жәрдемі мен өз жәрдемімізді аямалық.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығында туған тіліміз төрге шықсын. Қазақ тілін бойында қазақтың бір тамшы қаны бар қазақ баласы үйде де, түзде де қолданатын болсын!
Үйі жоқтар - үйге, күйі жоқтар - күйге жетсін! Қоян жылы қоянша көбейіп, кездескен кедергілерден ор қояндай орғып-орғып өте шығайық!
Қараулар: 1491 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
29.08.2012 Спам
1. Chandra
Posts like this brhitgen up my day. Thanks for taking the time.

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz