Әрбір отбасына береке, бақыт қонғай! - 11 Ноября 2010 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:36
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2010 » Қараша » 11 » Әрбір отбасына береке, бақыт қонғай!
Әрбір отбасына береке, бақыт қонғай!
12:08

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!
Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы Құрбан айт күндеріне де жеттік. Алла Тағаланың разылығы үшін мал шалынып, кең дастарқан жайылып, еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл ұлық мейрам Қазақстан жұртшылығына да ырыс пен береке әкелсін! Бұл күндердің ұлықтығы сол – мұнда адам баласы өз Жаратушысына барынша жақындай түсуге тамаша мүмкіндік алады. Асылы, «Құрбан» сөзі де араб тілінен аударғанда «жақын болу», «жақындау» мағынасын білдіреді. Олай болса, құрбандық шалуды тек мал сойып, қан шығару емес, Алланың рахым-мейіріміне қол жеткізудің бір жолы деп түсінген абзал.
Құрбан шалу – сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан жалғасып келе жатқан үрдіс. Бұл ғибадат арқылы Алланың ықыласты құлдары өз сеніміне беріктігі мен берілген нығметтерге шүкіршілігін танытады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Аллаға қүрбанның еттері, қандары, әсте, жетпейді. Бірақ сендердің тақуалықтарың жетеді» («Хаж» сүресі, 37-аят), – делінген. Аятта құлшылық ретінде сойылған құрбандықтың маңызды бір шарты шынайылық пен тақуалық екендігі ашық баяндалған. Олай болса, мәселе Алла жолына аталған малдың еті мен қанында емес, оны шалушының тақуалығында. Сондықтан да құрбан шалынып жатқанда «Аллаһумма минкә уә ләке» (Уа, Алла тағалам, бұл мал Сенен келді, Саған барады) деген дұғаның көбірек айтылуы тегін емес.
Құрбан айт күндері шариғат бойынша нисап мөлшеріндегі, яғни 85 г. алтынға тең ақшасы бар, басы азат, ақыл-есі бүтін, жолсапарда емес, мұсылманға кем-кетіксіз бір жастағы қойды не ешкіні яки бір адамнан жеті адамға дейін ниет ете отырып екі жастағы сиыр немесе бес жастағы түйені құрбандыққа шалу уәжіп. Құрбандықтың уәжіптігі қасиетті Құранда: «Раббың үшін (айт намазын) оқы, құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят), – деп бұйырылған. Ал әз-Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбандық шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» – деп ескерткен. Бұл хадис құр­бан шалу мерзімін бейқамдықпен өткізіп алмауға үндейді һәм сараңдық танытып, бұйрықты орындаудан бас тартудың күнә екенін білдіреді. Ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) осы сүннетіне аса байыппен қарап, шын ризашылықпен дұрыс шалынған мал Алла Тағала разылығына қол жеткіздіруі мүмкін.
2010 – Отанымыз үшін ерекше жыл. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер арасында Қазақстан тұңғыш рет 56 мемлекет құрамына енетін халықаралық аса беделді – Еуропа Қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуде. Әлемдік үлкенді-кішілі мемлекеттердің басшылары мен ірі қайраткерлердің, сарабдал сарапшылардың бұған қатысты берген бағасы мен пікірі мейлінше жоғары. Құрбан айттан кейін Астанада осы ұйымға кіретін мемлекет басшылары мен халықаралық беделді ұйымдар өкілдерінің келелі бас қосуы – саммиті өтпек. Онда әлемдік күрделі мәселелер қаралып, талқыланады. Осының бәрі жас тәуелсіз Қазақстанның, оның дана басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор абыройы мен беделінің арқасы екенін әлем танып, мойындап отыр. Мұны әрбір отан­дасымыз зор мақтаныш етіп, үлкен жетістік деп біледі. Бұл үшін Алла Тағалаға сансыз мақтауларымыз бен шүкірлігіміз болсын.
Құрметті мұсылман бауырлар мен отан­дас­тар! Ұлық мереке құтты болсын! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтары­ңыз­ды Алла Тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонғай! Көп ұлт пен ұлысты Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!
Жаратушы Иеміз сүйікті Қазақстанымыз бен ел қамында жүрген Елбасымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауызбірлігін арттыра бергей! Әмин! Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі,
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти
Қараулар: 1080 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz