Индиго балалар. Олар кімдер? - 11 Ноября 2010 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 06:00
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2010 » Қараша » 11 » Индиго балалар. Олар кімдер?
Индиго балалар. Олар кімдер?
12:05

 
Антикалық мифологиядағы олимптік құ­дайлар өз балаларының өзінен асып ту­ғанын қаламайды. Олар мәңгілік өмір сүр­ген­діктен де мәңгілік билікті ешкіммен бө­ліс­кісі келмейтін болуы керек. Мәселен, Зевс Крон әкесінің тағына отырды. Ал адам­дар ше? Адамдар өз ұлының өзінен ар­тық тууын Тәңірден жалбарынып сұрай­ды. Мықты әкелер мықты ұлдарды өмірге алып келеді. Біздің қазақы дүниетаным ба­ланың атадан асып тууын қалайды. «Бір ұл бар - атаға жете туады, бір ұл бар - атадан кете туады, бір ұл бар - атадан өте туады» дейді ол сана. Осы үш ұлдың «атадан өте туғанын» елтұтқа деп білді немесе «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дейді. Мұнда да сол - ұлттың болашағы. «Күндердің күні бол­ғанда, жаманнан жақсы туады, адам айт­са нанғысыз, жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз» дегенінде сүйектің тазалығы, тектің, қанның тазалығын ескере отырып, кейде анау атақты сөздегідей «ұлы­лар­дың ұрпағында табиғат демалады» де­ген­ге де меңзейтін тұстары жоқ емес. Бірақ сон­да да «атасы жақсы», «ата көрген», «текті жер­дің баласы» деп «тартпай қоймас негіз­ге­ге» сілтеме жасайды. Ия, «жақсы ұл атасы­ның басын төрге сүйрейді, жаман ұл атасы­ның басын көрге сүйрейді» деуі - өмір тә­жірибесінен көргені, тұшынғаны, түйсін­ге­ні. Содан келіп «Кісі болар баланың кісіме­нен ісі бар, кісі болмас баланың кісі ісінде несі бар?» деп баланы қоғамға бейімдейді. Кісі­мен сөйлесе білу - үлкен өнер. «Аузынан сөзі түскен, иығынан бөзі түскен» ынжық қай қоғамның мүшесі болып жарытсын. Мұ­ның бәрі ұлттың бала тәрбиесіне қан­шалықты жауапкершілікпен қарағанын көр­сетсе керек.
Әпсана сөйлейді: «Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Пайғамбарымыз сәж­деге бас қоя беріп, маңайында улап-шу­лап жүрген отыз ұлына қарап масаттанып, күпірлік қылған екен. Жайнамаздан басын көтергенде отыз ұлының да қырылып қалғанын көреді. Сонда пайғамбарымыз Жа­ратушы Иеге сыйынып, шүкіршілікке келеді. «Отыз ұлыңды берейін бе? Әлде отыз ұлға татитын бір ұл берейін бе?» дегенде отызға татыр бір ұл беруін сұрапты». Дана халқымыздың да сұрары сол - бәріне татыр бір ұл. «Тоғыз ұлым - бір төбе, Ертөстігім - бір төбе» дегені де осы ғой. Он ұл - он оқ - қол. «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде жер қайысқан қол едік» дейді азия жолбарысы. Мамай батырдың он ұлы да - бір ел. Сонымен, артып туған бала де­ге­німіз кім? Бір аңыз бар еді, есі кіріп, етегін жап­қан баласын нағашыларына амандасып қайт­сын деп анасы еліне жібереді. Жолға шық­қан жалғыз ұл нағашысының ауылының тө­бесіне жеткенде ауыл адамдары «аттан» са­лып батырдың ордасына кіріп, жау шап­қанын айтады. Қараса, шынында да теріс­кейден түмен қол көкжиекті жапқан бұлттай түнеріп келеді екен. Сонда батыр: «Жиенім ержеткен екен ғой» дейді. Жалғыз салт атты бала - қалың қол болып көрінген. Бұл «аруақты ер» дегенге сайса керек-ті. Жалғыз ба­тырдың жауды қашырар сұсы, еңсесін ба­сар мысы да осы - құдайдан берілген қа­сиеті. Қазақтың «бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» дегені баладан же­рігендігі емес, биік ұлттық мұраттың аты­­нан сөйлегендігі. Және де «атаның бала­сы болма, адамның баласы бол» дейді. Осын­шама ұлы мақсаттың жолында келіп бір уақта «бозбаласы бошалаң, қырсыға туды қыз балаң», «шошимын кейінгі жас ба­ла­лардан» дегені «ақырзаман жастары» де­­ген пессимистік ұғымның көрініс бере бас­­тауы ма? Ұлттың түңілуі ме? Ұрпақтың шар­шауы ма? Қанның сұйылғаны ма? Жоқ, ол та­лаптың күшейгендігі, мұраттың биік­теген­дігі. «Бала қойдың артынан еріп жүре алса болды» дегеннің қалғандығы. Ендігі бала - басқа бала. Ауылда жүргенде «елдің баласы бала сияқты, менің балам бәле сияқты» деп, шырылдатып баласын сабап жатқанды аз көрмедік. Сонда айтатыны: «Баламды жаман болсын деп ұрмаймын». Болмаса Тургеновтің кейіпкері секілді: «Қыз менікі! Не қылсам да өзім білемін» дейді ғой. Сонда естігеніміз - «Қазақы бала бала емес, орыс бала - молодец». О, талай «молодец» болғымыз келді-ау. Енді бұл бөлек әңгіменің желісі. Бүгінгі айтпағымыз - «болашақтың адамдары», «алтыншы нәсіл» деп ат қойылып, айдар тағылып үл­герілген «индиго» феномені. Яғни - «Ин­диго балалар».
Бернард Шоу өзінің «Мафусаилге қайта оралу» деген атақты пьесасында «Олар ма­ған келіп өз баласының ерекше туған­дығын ай­тады. «Ондай бала әлі жер бетінде болма­ған» дейді. Ал мен олардың миллионын көр­дім ғой» деген секілді ойды Хауа ана­мыздың аузына салады. Ия, кім баласының кем болғанын қаласын? «Жұмсағым» деп сүй­ген кірпі, «аппағым» деп сүйген қарғаның ме­йірімі секілді әр адам өз баласын өзгеше деп біледі. Оның дарынды екеніне сенеді. Өз ортасынан оқ бойы озып тұр деп, тіпті за­манынан артып туды деп санайды. Ол - заңды. «Сүйер ұлың болса сүй» демей ме?!
Сонымен, «Индиго балалар» деп кім­дерді атаймыз? Ли Кэрролл, Джен Тоубер «Ин­диго балалар» атты шығармасында «Олар қасиетті мүддемен келді: махаббат пен келісімге, шыншылдыққа негізделген жаңа қоғамның туғанын айтпаққа. Адамзат дамуының жаңа баспалдағын баспаққа. Өткенге тамырымен байланған бүгінгі әлемге олар болашақтан келді. Олар са­на­ның балиғатында, сезімінің кәмелетінде. Жал­ғандық пен жасандылықты жек көреді. Енді ойлап көріңіз, жасандылыққа негіз­дел­ген бұл қоғамда өмір сүру оларға қанша­лық­ты ауыр екенін. ... Өз балаларыңыздың да­муын шектемеңіздер, оларға көмекте­сіңіздер - олар біздің және мына әлемнің болашағы» дейді. Бұл - ғасырлардан бері келе жатқан таным. «Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу» дейді халқымыз. Ал Крайон деген автор болса «Кейінгі кезеңдерінде» «Қаракөк аурасы бар Жаңа Дәуірдің туғандығы туралы ақпаратым сіздің есіңізде болар. Сіз оларды «индиго» балалар деп атадыңыз, өйткені олар әлі балалар еді» дей келіп, біздің технократты әлемімізден - экологиялық катаклизм­дерден қорғану үшін жаңа қорғаныш қабаты - жаңа иммундық сауыттың қалыптаса бастағанын айтады. Ол ойдың, сезімнің жаңа дәуірге өтуіне мүмкіндік береді. Адам­зат баласына келген ақырғы пайғамбар айтты деген сөз бар ғой: «Енді менен кейін әулиелер мен ақындар келеді». Бұл «индиго» балалар туралы таным да соған ұқсайды. Енді жаңа «болашақтың адамдары», «ал­тыншы нәсіл» жер бетіне келуде. Осы ұғым­ды алып келген экстрасенс Нэнси Тэпп адамдардың аурасының түсіне қарап бол­жам­дар жасаған. Атау Үндістанда өсетін шөп­тің түсінің бала аурасының түсімен сәй­кес келуінен алынған. Оның пайым­да­уынша, енді жиырма жылдан кейін жер бетін­дегі барлық бояу түстері (қызыл түстен басқасы) жойыла бастайды екен. «Индиго - гуманистер» «сары» түсті алмастырады, «Индиго - концептулистер» «алтын түс­тесті» және «жасыл» түсті алмастырады, «ин­диго - суретшілер» «көк» және «көкшіл­қызыл» түсті байқайды, ал индиго - барлық өлшемде өмір сүре алатындар» сол «көкшілқызыл» түсті жояды екен. Міне, ин­тернет ақпараттары осылай сөйлейді. 1975 жылы Уран Сарышаян белгісіне кірген кезде алғашқы «индиголар» өмірге келе бастапты. Ал олардың жаппай туылуы 1985 жылдың тамыз айының аяғынан бастап, яғни Прозерпина жұлдызы Сарышаян белгісіне кірген кезде басталған көрінеді. «Индиго» балалардың ерекше белгілері деп мінез-құлық және физиологиялық ерек­шеліктерге байланысты төмендегі қасиет­терін атайды:
1) Олар көбіне солақай келеді; 2) мінез-құлықтың құбылмалылығы; 3) шығар­ма­шы­лықпен ерте айналысуы; 4) шизо бел­гілері, жармақ, қызбалылық, 5) жаңа заман­дық технологияларға жоғары бейімділік; 6) бо­йындағы қуаттың молдығы; 7) аса сезім­тал­дылық және интуитивті түйсіктің дамы­ғандығы; 8) Индивидуализм. Авторитеттер мен стеоротиптерді мойындамау; 9) Мис­тикаға бейімділік; 10) Оқшаулану. Ұжымдық сана­ның жоқтығы; 11) Жауапкершілікті жо­ғары сезінушілік. Әділетсіздікті жек көру; 12) Кез келген істен тез жалығып ке­тушілік; 13) Өзін-өзі жоғары бағалаушылық. Эгоизм; 14) Бір орында отыра алмаушылық; 15) Жан-жануарлар мен өсімдіктерге ерекше жақындық; 16) Белгілі бір істерді істеуден түбегейлі бас тартушылық; 17) Оларға қа­лып­тасқан дәстүрлі тәрбиенің әсер етпеуі. Міне, «индиголардың» қасиеттері осылай тізбектеледі. Бұл аталған қасиеттер негізінен шығармашылық адамдарында бұрыннан бар. Кез келген өнер адамының өмір тари­хына көз салсаңыз, оның мінездемесінде дәл осылар жазылып тұрады. Бұл не сонда? Енді жақын болашақта жер бетінде тек қана шығармашылық адамдарының мінез-құлқы үстемдік ете ме? Ия, қызық болғалы тұр. Елес­тетіп көріңіз, бір қалада түгел ақындар тұ­рады, ал келесі қалада композиторлар, арғысында суретшілер. Немесе бәрі бірге тұрады. Мәссаған, безгелдек! «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресіңнің» кері келді. Және мұны жай ғана жорамалдар мен болжамдар емес, кәдімгі ғылыми түрде зерт­теу белең алып келеді. Бұл - жоғары да­рындылықтың бір көрінісі емес, кәдімгі бола­шақ адамдарының сипаттамасы. Жаңа таным. Жаңа дәуір.
Қазақта жас баланың түріне, іс-әре­кетіне, мінез-құлқына, әдеттеріне қарап оның кім болатынына болжам жасау бар. Және сол көп ретте дәлме-дәл келіп оты­рады. «Әке балаға сыншы». Мысалы, маң­да­йы ашық болса - жайдары, құлағы үлкен бол­са - сазгер, саусағы салалы болса - күй­ші, аяқ қолын төрт жаққа созып жатса - би­леуші, бүк түссе - жасық, жұдырығын түйсе - ашушаң, анасының төсін тарс ұстап емсе - сараң, жай емсе - жомарт, жастықтың үстіне ұйықтаса - бастық болады деген секілді болжамдар көп. Ал «индиголарды» жоғарыдағы 17 қасиеттің байқалуына қарап ажыратуға болады. Сол қалыптасушы мі­нез-құлықты жөндеймін деу - трагедияға ұрын­дыруы мүмкін. Ал оның сол қасиеттерін бас­қа шығармашылық арнаға бұрып, кө­ңілін басқаға аудару - сіздің қолыңызда.
...Балаңызға қараңызшы, ол «Индиго» емес пе?
Материал Айқын газетінен алынды
Қараулар: 3363 | Қосқан: psy | Рейтингі: 5.0/1 |
Барлық комментарилер: 2
20.04.2015 Спам
2. check it out
download comic book store movie http://webiler.com/android-books-beginners-pdf-free-download.html - Android books beginners pdf free download download the book life of pi for free http://tvbetter.com/eragon-book-series-pdf-free-download.html - Eragon book series pdf free download advanced calculus book free download http://gamsberg.com/download-books-networking.html - Download books networking download audio urdu books

20.04.2015 Спам
1. Go Here
download free methodist hymn book for android http://webiler.com/alice-in-wonderland-story-book-free-download.html - Alice in wonderland story book free download i wayne book of life download http://tvbetter.com/free-download-of-molecular-biology-book.html - Free download of molecular biology book download free books kindle touch http://gamsberg.com/download-boost-your-bust-book-free.html - Download boost your bust book free download book in pdf format

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қараша 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz