Елбасы Тіл мәселесін енді өз қадағалауына алады! - 11 Марта 2010 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:33
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2010 » Наурыз » 11 » Елбасы Тіл мәселесін енді өз қадағалауына алады!
Елбасы Тіл мәселесін енді өз қадағалауына алады!
09:54
Кеше күтпеген жерден Парламентке Кәрім Мәсімов келді де, қалаулыларды қуантып кетті. Олармен қоса тіл жанашырлары да бір жасап қалғандай: Үкіметбасы мемлекеттік тілдің тынысын ашып, қолданылу аясын ары қарай кеңейту мәселесі бұдан былай Елбасының бақылауында болатындығын білдірді. «Үкімет алдағы 2-3 айда үш бағдарламаны белсенді түрде қарайды, - деді Кәрім Қажымқанұлы. - Бұлар - денсаулық сақтау, білім беру және тілдерді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар, осы үш бағдарлама Мемлекет басшысының деңгейіне шығарылады. Біздің қолға алатынымыз да осы үшеуі болмақ, оларды біз депутаттармен де бірлесіп талқылаймыз. Бұл бағдарламалар келесі үш жылға арналған бюджетте нақты көрініс табады!» деп нықтады Үкімет басшысы. Ана тілімізді қорғауда тіпті тәжіктерге тең болмадық... Осы аптаның басында батыстық және ресейлік ақпарат құралдары Тәжікстан Парламентінің ресми іс-қағаздар жүргі­зу­де орыс тілін қолданудан толық бас тартқанын хабарлады. Осы елдің заң шығарушы органының Жоғарғы палатасы «Тәжікстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері туралы» заңына түзетулерді қабылдаған. Тәжік сенаторлары осы құжаттағы барлық заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді рес­ми баспасөзде және парламенттік жар­шыда екі тілде - тәжік және орыс тілінде басуға міндеттейтін баптарды түп-тамырымен жұлып, лақтырып тастаған. Бұған былтырғы жылы Президент Имам­әлі Рахмонның ұсынысымен қабыл­данған жаңа «Мемлекеттік тіл туралы» заңы мүмкіндік беріпті, онда тәжік Конституциясы бойынша «халықаралық қатынас тілі» мәртебесін иеленген орыс тілі туралы бір сөз жоқ көрінеді. Соған сәйкес орыс тілін ана тілге қосақтап, сүйреп жүрудің қажеті болмай қалған көрінеді. Бір ғажабы сол, тәжікстандық сена­тор­лар әртүрлі ұлт өкілдері екендіктеріне қа­рамастан, бұл түзетуді бірауыздан құп­таған! Ал сонда орыс тілділер не істейді дерсіз?! «Қажет болса, Президент жанындағы ұлттық кеңес қандай да бір нормативтік актіні басқа шет тілдеріне аударып бере алады» дейді Тәжікстан Жоғарғы палатасының баспасөз хатшысы Шаукат Саидов. Осылайша, жаңа заң бойынша Тәжікстанның әр азаматы мемлекеттік тілді білуге, ал сот пен жергілікті атқарушы органдарды қоса алғанда, барлық билік құрылымдары бұдан былай халықтан арыз-шағым, өтініштерді тек тәжік тілінде қабылдауға міндетті. Ендеше, тамсан, қазақ, тәжікке!
Әйтсе де, Кәрім Мәсімовке сенсек, қазақта да таңғалдырар нәрселер жетерлік. Мәселен, ал­дағы бірнеше айда еліміздің барлық қалаларында жаппай ба­лабақшалар ашу науқаны жүретіндігі мә­лім­делді. Үкіметбасының ай­туынша, былтырғы Елбасымен өткен «Тікелей желіден» кейін қазақстандық бүлдіршіндерге тәрбие беретін осы ұйымдардың мәселесіне барлық өңірлер басым көңіл бөле бастаған. Сосын бұ­рындары басқа мекемелер ас­тына басып алған көпшілік ба­лабақшалар ғимараттары да енді қайтарылып жатқан көрінеді. Үкімет мұның уақытша шара, көз­бояушылық еместігіне, кейін қайта тартып алынбайтындығына, бұл ғимараттардың бұдан бы­лай «тек өз мақсатында ғана пай­даланылатындығына» сендірді. Бір ғажабы, әлгінде айтылған үш бағдарлама сияқты, балабақшалар жайы да тікелей Елбасының назарында болмақ. Бұл үшін ел Үкіметі президенттік «Балапан» бағдарламасын әзірлеп, іске асыратын болады. Осы орайда талай жыл сын нысанасы болып кел­ген, санынан биліктің өзі жа­ңылған мемлекеттік бағдар­ламалар жайына тоқтала кет­кен жөн. Ел Президентінің тап­сыр­масымен Үкімет бұл салада ревизия жүргізгені мәлім. Біздің білуімізше, 300-ге жуық бағдарламаның күші жойылып, қоқыс жәшігіне лақтырылмақ. Жаңа ре­формаға сәйкес, барлық облыс, аудан, қала әкімдері өздеріне се­ніп тапсырылған аумақтарды да­мыту бағдарламаларын, бас жос­парларын тездетіп әзірлеп, эко­номика министрлігіне тап­сырып, тас қып бекітіп алулары тиіс. Әйтпесе, көштен қалып қою қаупі бар. Ал шабандық танытып, Астанадан, Үкімет үйінен даму жоспарын бөкте­ріп әкете алмаған әкімдер ат­тан ауып қалуы ғажап емес. Сөй­тіп, көптеген мемлекеттік, сала­лық, ведомстволық, өңірлік бағдарламалар қолданыстан шығарылып, тек бірнеше құжат қана қалады. Қалғанының өзі екіге бөлінбек, оның бір парасы тікелей Президенттің қадағалауында болады. Ал ол қатарға кіре алмағаны Үкіметтік деңгейде қадағаланады. Елбасының өзі бақылауда ұс­тайтын бағдарламалардың алғаш­қысы - Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Айтпақшы, осы жұмада Нұрсұлтан Назарбаев өз Ақордасына барлық өңір басшыларын жияды. Жиын­нан әр облыс әкімі өз жеріндегі индустриялық жобаның жүзеге асуына жауапкершілік арқалап шықпақ. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының қарауында тілдерді дамыту, денсаулық сақтау, бі­лім беру сынды мемлекеттік бағ­дарламалар болатындығын ендігі сіз білесіз.
Қалаулылардан Кәрім Мә­сі­мов «сүйінші» сұрады: «Ал­ғашқы екі ай көңіл тоғайтады: өнеркәсіп 10 пайыздан артық өсуде. Алдын ала мәліметтер бо­йынша биылғы қаңтар-ақпанда еліміздің ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) өсімі 6-7 пайызды құрады. Үкіметтің депутаттармен, жер­гілікті әкімдермен бірлескен жұмысынсыз бұған қол жеткізе алмас едік» деп бір мақтап, мақ­­танып қойды Премьер. Оның айтуынша, осының арқа­сында Үкімет Президенттің тап­сыр­ма­сына сәйкес бюджет саласы қыз­меткерлерінің жалақысын алдағы айдан бастап, көтере ала­ды. «Бұл қоғамымыз үшін төтенше маңызды әрі қажетті әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік береді» деді ол. Мұның шарапаты қаржыдан қысылып, қиналып жүр­ген кәсіпкерлерге де тиетінге ұқ­сайды. Үкімет басшысы проб­­­лемалық кәсіпорындар үшін тиімді ставка 7 пайызды құрайтындығын мәлім етті. «Кәсіпорындардың бір бөлігінің бүгінде банктерге қа­рызын толық көлемде өтеуге жағдайы жоқ, - деді К.Мәсімов. - Банктерде сол кәсіпорындарды банкрот етіп, олардың кепілге қойған мүліктерін өз басқаруына алып қою ниеттері пайда бо­лу­да. Іс жүзінде бұл жеке кәсіп­орын­дардың үлкен көлемі бан­крот­талатындығын білдіреді». Әйт­кенмен, мемлекет бәрін өз қамқорына алмайтындығы анық­талды. Банкирлер, кәсіпкерлік жетекшілері және облыс әкімдері өзара бас қосып, нақты бір өңір экономикасы үшін өмірлік маңызы бар жобалар тобын айқындаған. Бұл кәсіпорындар үшін банктер қарыздық жүктемені (долговая нагрузка) 12 пайызға дейін кемі­туге келісіпті. «Бұл 12%-дың бесеуі оның кредитін арзандатуға, дәл ауыл шаруашылығындағы сияқты, пайыздық ставканы субсидиялауға кетеді. Яғни әлгі кәсіпорын үшін эффективті ставка 7 пайызды құрайды. Мен мұны (Бизнестің жол картасы- авт.) өте жақсы бағдарлама деп санаймын. Ол жеке секторға тыным алуға мүмкіндік береді» деп қорытты К.Мәсімов. Айтқандай, ол Мәжіліске «Бюджет-2009» нақтыланған жобасын қорғауға келген болатын. Төменгі палата бұған риза болып, басты қаржылық құжатты жаңартуды мақұлдады. Жиын соңында Кә­­рім Қажымқанұлы «қатені тү­зеуге» уәде етті: «Біз қателеріміз бо­­йынша жұмыс жасаймыз және депутаттық сауалдар мә­се­­лесі бойынша салмақты жұ­мыс жүргізуге тырысамыз!» Ал­да депутаттық са­уал­дарға жүр­дім-бардым жауап бе­ре­тін, орындау тәртібі ақсап жат­­­қан шенеуніктердің мәселесі Үкіметтің арнайы жиынында қаралатын бол­­­ды, Үкіметбасы осыған сөз бер­­ді. Ал өз кезегінде палата бас­шы­сы Орал Мұхамеджанов қа­лаулылар­дан өтініш жиып, оларды толғандыратын, депутаттардың сауалдарында көтерілгенімен, түйіні шешілмеген негізгі мәсе­ле­лердің тізімін түзіп, Үкіметке бағыттауы керек.

Айхан ШӘРІП
Қараулар: 953 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 2
20.04.2015 Спам
2. click
скачать google book downloader http://webiler.com/download-free-book-think-like-a-man.html - Download free book think like a man download free japanese grammar book http://tvbetter.com/download-the-book-of-enoch-audio.html - Download the book of enoch audio bellini recipe book download http://gamsberg.com/download-books-to-ipad-ibooks.html - Download books to ipad ibooks download lord of the flies full movie

26.08.2012 Спам
1. Priyani
Felt so hopeless looking for awnsers to my questions...until now.

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz