ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҰЛТ - 8 Октября 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:39
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Қазан » 8 » ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҰЛТ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ – МЕМЛЕКЕТ ҚҰРАУШЫ ҰЛТ
15:35

Мемлекет құраушы ұлттың өзіндік алар ор­нының бар екендігін біз жеткізе айтудан ешуа­қытта ұтылмақ емеспіз. Өйткені, қазақ Қа­зақстандағы көп этностың бірі емес. Оның аты мемлекетке берілген мемлекет құраушы ұлт.

Бүгін мен “Қазақ халқы – мем­лекет құраушы ұлт” деген ұлтты асқақтатар, елді бірлікке шақырар іс-шара аясында ой бөліскім келеді. Бұл шараның шоқтығы биік, маңызы аса зор. Өйткені, біз ұлтты жоқтан қалыптастырған Америка емеспіз. Қазақтың ақиқат ұлт екен­дігін, мемлекеттігін сақтап қалған­­дығын танытуға тиіспіз. Ұлт деген ұғымға екпін түсіре қазақ халқы­ның мемлекет құраушы ұлт екен­дігін таныту үшін қоғамдық пікір қалыптастыра білудің жөні бөлек.

Бүгінгі таңда көргенін ұмыт­пайтындар көбейіп келеді. “Қазіргі жұрт оқырман емес, көрерменге айналған”. Олай болса, маңызы бар іс-шараларды халық арасында көбірек өткізгеніміз пайдалы. Ол – еліміз үшін, болашақ үшін, бірлік үшін, ұрпақ үшін қызмет ететін өрелі іс. Оны өрістете білгеніміз жөн. Сонда қазақтар шын мәнінде ұйыстырушы ұлт екендігіне көз жеткізеді. Қазақстанда бір ғана қазақ атты ұлт бар деген түсінік қалыптастырады. Осылайша қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт екендігін ұғып, тұрып жатқан елін, Отанын өз бейнесінде түсінгенде барып, топырақ иесін таниды.

Жалпы тарихта “Түркі халық­та­рының біртұтас ұлт ретінде қа­лып­тасып дамуы Алтын Орда мен Ақ­сақ Темір империясының ыды­рауы­нан кейін аяқталып, олардың әрқайсысы жеке мемлекеттер құ­рып, өз беттерімен дами бастаған”, – дейді ғалым Жанұзақ Әкім (Түр­кі өркениеті негізіндегі қазақ идея­сы. А. 2007 ж. 134-бет). Міне, сол дәуірден бастау алып, қазақ халқы­ның негізінде Қазақстан мемлекет­тілігінің ерекше белесі болып табы­латын дербес қазақ хандығы сипа­тындағы (кейпіндегі) мемлекет құ­рылған. Осы ұлттың арқасында өмір­шең ел болып, бүгінге жетіп отыр. Қазақстан аумағында бір ұлт – бұрыннан өмір сүріп келе жат­қан қазақ ұлты қоныстанғаны ресми түрде мойындалған. Қа­зақстан Республикасы Конститу­ция­сының преамбуласында “Біз ежелгі қазақ жерінде мемлекеттік құр­ған, жалпы тарихи тағдырмен бі­ріккен Қазақстан халқымыз...” де­лінген. Бәрі де тарихқа негізде­леді.

Әртүрлі тарихи жағдайларға бай­­ланысты бұл жерде басқа да ұлттардың топтары өмір сүруде. Бірқатар деректерге, сондай-ақ демограф М.Тәтімовтің мәліметте­ріне сүйенсек, сонау 1926 жылы Қазақстан халқының 87 пайызын мемлекетті құраушы ұлт – қазақ халқы құраған. Кеңес Одағының солақай “реформаларының” салда­рынан 30-шы жылдардағы ашар­шылық әсерімен 50-ші жылдары қазақ халқының саны 28 пайызға дейін төмендеген. Ал, 1991 жылы 42 пайызға жеткен. Бүгінгі тегеу­рінді Тәуелсіз қазақ елінде, Аллаға шүкір, топырақ иесі – қазақ басым көпшілікті құрап, 67 пайыздан асты. Осы көрсеткіштер көп жәйтті аңғартса керек. Тек жарты ғасыр­дың көлемінде бұл халық не көр­ме­ді. Оның тарихын тереңірек бой­лай сараласақ, өз атамекенінде жү­ріп “мың өліп, мың тірілген” елге айналғанын көреміз. Мұндай тағ­дыр халықтың мың да біреуінің ғана басынан өткен. “Өлгеннен кейін” де тіріліп жаңғыра, тарих­тың әр кезеңінде жаңарған мем­лекет құра білген.

Ендеше, мұндай мемлекет құ­раушы қазақ ұлты мәңгі жасайды. Қазақ Қазақстандағы мемлекеттік сана-сезімді жетілдіріп отыратын рухани бірлікті арттыратын муль­тиұлттық мемлекетте жетекшілік етіп, басқа этнос өкілдерінің басын біріктіре ұйыстыратын негізгі күш болғандықтан, мемлекетті құрау­шы көптүрлілікті қалыптастыратын ұлт болып табылады. Енді осы ұлт деген ұлы ұғымды атүсті айтып, оны белгілі бір ұғым түрінде емес, мемлекетті құраушы ұлт ретінде қарап, оның тарихы мен барлық құндылықтарын ұғып, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақтың бай тілін баянды ете ұлт ұпайын түгендеуге тиіспіз. Барша қазақ халқының ана тілі, күллі Қазақстан жұртшылығының мемлекеттік тілі, яғни қазақ тілін Қазақстан тұр­ғын­дары тіршілік көзіне айналдырып, меңгеруге міндетті. Әсіресе, жастар айрықша ден қойып, еркіндіктеріне ерліктерін сай етіп, өз дәрежесінде білуі азаматтық парыздары, әрқай­сысының міндеттері.

Елбасының елдің болашағы жастардың қолында деген сенімін ақтау – адами борыштары. Өйт­кені, ұлт пен ұлтты табыстыратын да, теңестіретін де тіл ғой. Ұлттың басты байлығы да тілі мен жері. Тілді білген адам ғана ұлттың жан­дүниесін түсініп, болмысын ұғады. Сонда ғана елін сүйіп, тотали­тар­лық психологиядан арылып, өзде­рін еркін елдің ерікті азаматы деп сезінеді. Мемлекеттік тілді жетіл­діру – ұлт болашағы мен мемле­кет­­тің өркениетті елдер қатарынан орын алуының, ұлт болып қалуы­ның кепілі. Сондықтан да теңдікті бұзбай, мемлекет аз санды өзге этнос өкілдерінің тілдерін сақтауға да ерекше мән беріп келеді. Олар­дың экономикалық және мәдени белсенділігін арттыруға жағдай жасап, мүмкіндік туғызуы, әрине, орынды. Бірақ олардың саясаттан алшақтау болғандары жөн. Өйткені, біз унитарлы елміз. Ұлтты ұлықтау – заман талабы. Қазақ тілі мем­ле­кеттік тіл болғандықтан, бұған ба­сымдықты бере айрықша көңіл бө­ліп, оның қолданыс аясын кеңей­тіп, өрістететін шараларды іске асыруды жеделдеткен абзал. Себебі, тіл – мәдениеттің барлық сала­сының ішіндегі негізі, әрі тірегі. Сондықтан да, тілін сақтап қалған халық қана ұлт болып қалыпта­сады. Олай болса, тілдің қадірін біліп қастерлейтін, ана тілдерін таза күйінде сақтап, тілі мен мәдениетін дамытуда тарихта теңдесі жоқ жетістікке жеткен француздардың тіл саясатындағы жолын берсін біздерге! Халықты біріктіріп, мем­лекеттің төрт құбыласын түген­деу мемлекеттік тілден басталады. “Тіл дамуы – ұлт дамуына тікелей байланысты”, дейді Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры, ғалым Б.Әбдіғали.

Демек, мемлекет құраушы ұлттың өзіндік алар орнының бар екендігін біз жеткізе айтудан ешуа­қытта ұтылмақ емеспіз. Өйткені, қазақ Қазақстандағы көп этностың бірі емес. Оның аты мемлекетке берілген мемлекет құраушы ұлт. Мемлекеттің алтын тұғыры, мықты діңгегі, үзілмес алтын арқауы, ел ұйт­қысы. Ал этнос өкілдері– диас­поралар. Қазақ – айналасына шуақ шашқан ұлт. Ол – Қазақстан тұр­ғындары арасындағы тұрақтылықты сақтаушы, оны дамытушы әрі ұйыстырушы. Қазақ ұлты өзге этнос өкілдеріне пана болып, асқан жомарттықпен қамқорлық көрсе­тіп, оны қалыптасқан дәстүрге айналдырып, қолдан келген барлық жағдайын жасап, теңдікте үйлесімді өмір сүрудің өзегі болып отыр. Қазақ ешкімді жатсынып шеттет­пей, баршаны бауырына басып, бірін “тамыр”, екіншісін “құда”, енді біреуін туыс етуімен Мемлекет басшысының парасатты кемел саясатының арқасында тағдырлас болып, бірлікте бейбіт қоғам қа­лыптастырған. Содан да өзге этнос өкілдерінің негізгі бөлігі ел тағды­рына араласып, қазақ жерін Ота­нына айналдырған.

Адам бойына адами қасиетті өскен орта дарытып қоғамдық мі­нез қалыптастырады. Содан да шы­ғар, Қазақстан жұртшылығының дос­ты­ғы сыннан өткен төзімділік­пен өзара бейімділікке үйлесе жақ­сы үрдіске, қалыптасқан дәстүрге ай­нал­ған. Соның бір көрінісі – Ел­басының бастамасымен құрылып, төл перзентіндей болған, қазан айының соңғы онкүндігінде кезекті 15-сессиясы өтеді деп белгіленген Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Біздің еліміз, құдайға шүкір, Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың сара бағыты мен орнықты сая­сатының негізінде ұлт пен этнос өкілдерінің арасындағы теңдік сақталып, достығымыз арта түсуде және еліміздегі көптеген игілікті іске ұйытқы болып келеді. Сол үшін де татулық пен тұрақтылықта, ынтымақ пен бірлікте, достық пен тұтастықта болуымен төрткүл дүниеге танылып отыр. Бүгін әлем Қазақстанды өнеге тұтып, өзгелер үлгі алуда.

Мемлекет басшысының: “Қазақ хал­қы – мемлекет құраушы, ұйыс­тырушы ұлт”, деген сөзін ойыма өзек, ниетіме арқау етіп, тұрғындар арасында “Қазақ халқы – мем­лекет құраушы ұлт” тақырыбында жиындар өткізіп, халық арасында ұлтты ұлықтап түсіндіру жұмыс­та­рын жүргізудемін. Мақсат – елімізде болып жатқан жағымды өзгерістерді, жетістіктерді, мемле­кет құраушы қазақтан басқа балама ұлттың жоқтығын кең насихаттап, Қазақстан жұртшылығын мемлекет құраушы ұлт төңірегіне топтасуға шақыру. Сондай-ақ, осы жолдың дұрыс екендігіне көпшіліктің көзін жеткізе, ұғындыра қауымды сен­діру. Кемел келешек пен жарқын болашаққа жету үшін Елбасымыз­дың жүйелі саясатын ту етіп, тұ­рақ­тылығымыз бен бірлігімізді бе­кем­дей түсу – қазақ ұлтының ай­наласына топтасуға жеткізері анық.

Бүгінгі күні, қазақ жерін құтты қоныс, мейірімді мекен еткен этнос өкілдері кеңдік пен кемеңгерлік та­нытқан қазақ халқының қамқор­лы­ғына бөленіп отырған тұста, біздер Президенттің барлық Қазақстан халқын бөліп-жармай теңдікте ұс­тау­ын жүрегімізбен сезініп, жа­нымыз­бен ұғынып, қазақ дегенде іші­міз­ден жалын атуға тиіс. Одан еш­кімнің ештеңесі кетпейді. Қайта қайтарым ретінде бірлігіміз нығай­ып, ел арасында мәртебеміз көте­рі­ліп, сыйластығымыз артып, ме­рейі­міз жоғары болары хақ. Өз ісі­мізде қаталдықты, қоғамда адал­дық­ты танытуымыз ләзім. Бұл әсте де өзгені төмендетіп, қазақты ас­қақтату емес. Шынайы шындық­ты айтып, сыйластықты қалыптас­тыру, теңдікті айғақтай отырып, бірлікті терең ұғуға ұмтылдыру. Мұ­ның жаршысы алдымен ҚХА мү­шелері болса, нұр үстіне нұр. Яғни, ұлттық қасиетті қадірлеп, құрметтей оты­рып, әр тасында та­рихтың таңбасы бар Қазақ елін та­нып, туған Отанымызға деген сү­йіспеншілікті арттыра, патриоттық сезімді жастар бойына дарыта қалыптастыра білсек, ұтарымыз көп болмақ.

Қазақ мемлекет құраушы ұлт екенін қазақ қана сезініп қоймай, барша Қазақстан тұрғындары шын ниетпен шегіншектемей мойындап, бірлікте білікті де пайдалы істер атқара отырып қазақ ұлтының төңірегіне топтассақ, рухани мәр­те­беміздің тұғыры биіктейді, сый­ластығымыз шырқау биікке кө­теріледі. Мұны әркім түсіне білуі қажет десек, бұған да Ассамблея айрықша батыл үн қатуға тиіс. Меніңше, Елбасының о бастағы ойы мен ниеті осы болғаны анық. Ендеше, әлемде баламасы жоқ дара ұйымның серпілетін кезі келді.

Қорыта айтқанда, шынайы бақыт пен береке үйлесімді бірлік пен тірлікте жатыр. Өзіме бақыт санап ұстанған бағыт-бағдарым – ең алдымен мемлекет құраушы ұлт­қа, қоғамға қызмет ету. Халықты өз қалауымен қастерлеу, құрметтеу, қадір тұту – әрқайсымыздың ада­ми борышымыз. Елім деген адамға ел ғашық. Жүректеріміз Қазақстан деп соғып, мемлекет мүддесіне адал қызмет етейік. Қазақстан дегенде бойда қан, ойда қайрат, жүректе нұр ойнасын, отандастар!



Авторы: Асылы ОСМАН, филология ғылымдарының кандидаты, “Мемлекеттік тілге – құрмет” бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.
Егемен Қазақстан

№329 (25726) 07 ҚАЗАН СӘРСЕНБІ 2009 ЖЫЛ

Қараулар: 3384 | Қосқан: psy | Рейтингі: 4.0/1 |
Барлық комментарилер: 2
20.04.2015 Спам
2. click this link now
download facebook to nokia x2 phone http://webiler.com/murrey-math-book-free-download.html - Murrey math book free download free download civil engineering building drawing book http://tvbetter.com/free-book-download-project-management.html - Free book download project management audiobook hamlet download http://gamsberg.com/free-download-english-grammar-book-in-urdu.html - Free download english grammar book in urdu osprey books online download

20.04.2015 Спам
1. view publisher site
math book for download http://webiler.com/kak-skachat-knigu-s-http-booksgoogleru.html - Как скачать книгу с http //books.google.ru jungle book doordarshan download http://tvbetter.com/qt-programming-book-download.html - Qt programming book download download the world book encyclopedia http://gamsberg.com/download-book-body-language-free.html - Download book body language free papillon book download english

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қазан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz