Синьзянға сапарыңызды қоя тұрыңыз - 9 Июля 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:34
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Шілде » 9 » Синьзянға сапарыңызды қоя тұрыңыз
Синьзянға сапарыңызды қоя тұрыңыз
09:32

Би-би-си хабары бойынша, қытайдың хань ұлтының  жүздеген өкілі Үрімжінің көшелеріне ҚХР осы ауданының байырғы тұрғындары ұйғырлардың наразылығына жауап ретінде қолдарына тояқтар мен пышақ ұстап шыққан.

 «Қауіпсіздік күштері мұсылман-ұйғырлардың протесттеріне ашу-ызасын білдіруге шыққан шерушілерді қуалау үшін көзден жас ағызатын газ қолданды, Үрімжіде коменданттық сағат енгізілді», - деп хабарлайды Би-би-си.

Бейсенбі күні ұйғырлардың наразылығы жаңа күшпен бұрқ ете қалды. «Синь хуа» мемлекеттік ақпараттық агенттігі Синьзяннің басқа бөлігінде де көтеріліс болғанын хабарлайды. Оның мәліметі бойынша тәртіп сақшылары Қашқар қаласының мешітінің жанына жиналған 200 дей манифестантты қуалаған
Қазақстан сауда-саттық жөнінен Шыңжаң-ұйғыр автономиясының Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі болып саналады. Сондықтан аталған аймақта жұмыс жасап жүрген қазақстандық кәсіпкерлер аз емес. Осыған байланысты кеше Астана қаласында өткен брифинг барысында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев тұрақсыздықтар орын алған аймақтағы Қазақстан азаматтарының зардап шекпегенін мәлімдеді. Сонда да ҚХР  Үрімжі қаласындағы ҚР СІМ төлқұжат-визалық қызметкерлеріне ондағы барлық қазақстандықтарды іздестіру мен олардың ауданда дәл орналасқан орындарын анықтау тапсырылды. Ресми өкіл Қазақстан азаматтарын тұрақсыздықтар белең алған Үрімші қаласына сапар шегуден уақытша бас тартуға шақырды. «Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай елшілігімен ондағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданына барғысы келетіндерге виза бермеу туралы келісімге қол жеткізілді», – деді ол. Ал Қытайдың өзге аймақтарына жол ашық. 
Қараулар: 815 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Шілде 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz