Қыз мақсаты – кету. (Күйеуді қалай таңдау керек?) - 8 Июля 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 05:55
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Шілде » 8 » Қыз мақсаты – кету. (Күйеуді қалай таңдау керек?)
Қыз мақсаты – кету. (Күйеуді қалай таңдау керек?)
08:40

Қыз мақсаты – кету. Бойжете бастағаннан екі көзі далада болады. Өзінің орнын басқа үйден іздейді. Құдай қыз табиғатын солай жаратқан. Әкесі барын беріп, басына алтын құйып бақса да, қыз өзін туған үйінде уақытша адам санайды. Жігітке өзгенің босағасын пана тұту – намыс болса, қыз үшін– бақыт. Әйтсе де қыз біткеннің бәрі барған жерінен бақыт таба бермейді. Тәтті өмірді қиялдап барған жері ащы қасіретке душар етуі де мүмкін. Сондықтан әйел заты үшін дүниедегі ең қиын нәрсе – күйеу таңдау. Әрине, жігіттер: «қыз жігітті таңдамайды, жігіт қызды таңдайды» деуі де мүмкін. Алайда жантанушы ғалымдар керісінше, таңдауды жігіт емес, қыздар жасайтынын, егер қыз жігітті таңдаса ғана келісімін беріп (тіпті жігіт басын шыр айландырып), отбасы құрылуы мүмкіндігін айтады. Ал жігіттер қызды өз үйіне келін етіп түсіретіндіктен, «мен алдым» немесе «мен таңдап алдым» деп ойлайды. Бұл жерде жігітке қыз таңдауын қабылдау немесе қабылдамау еркі қалады. Қабыл алса, өзін таңдаған қызды жар етеді, қабылдамаса, «мен саған ғашық едім, амалым не?» деген әнін айтып, бақытын басқа қыздан іздейді. Сондықтан қыздар: «мені кім таңдайды?» деп емес, «мен кімді таңдасам екен?» деген көзқарас ұстанғаны абзал. Мұны бір деп қойыңыз. Екіншіден, кімді, неліктен таңдағанын қыз өзі жақсы білуге тиіс. Енді осы жерде күйеуге шыққысы келетін қыз жігіт бойында қандай қасиеттер болғанын қалайтынына тоқтала кетейік.
1. Сымбаты. Қыздың көзі ал­дымен жігіттің сыртқы келбетіне түседі. Келбеті келісті жігіттер ер­терек «қолды» болып кететіндіктен, қыздар сұлу болмаса да, сүйкімді жігіттің сүйіктісі болғысы келеді. Мұндайда сыртынан қарап, жара­сым таба қалған екі жасты көрсек «бір-біріне лайық екен, тауып қо­сы­лыпты» деп жатамыз. Алайда жан­танушы ғалымдар «сыртқы кескіні келісті екі адамның бас қо­суы – өмірде екеуінің керемет ба­қыт­ты өмір сүріп кетуінің кепілі емес» деген пікірде. Сондықтан тән сұлулығы мен жан сұлулығы қатар адамды таңдаған қыз қателеспейді.
2. Адамгершілігі. Мұны қазақ­тың қызына күйеуді тегіне қарай таңдауымен тікелей байланыс­ты­руға да болады. Текті жердің бала­сы адамгершіліктің ақ жібін атта­май­ды. Ісіне – мығым, сөзіне – адал. Адамгершілік тәрбиемен ке­летін нәрсе. Яғни, жігіт тәрбиелі, текті отбасыдан деген сөз. Ондай жер­ге түскен келінге барған жерін­де атасы – әкесіндей, енесі – ана­сындай болады. Сондықтан қыз жігіттің басқа қырларынан гөрі адам­гершілігіне көбірек назар ау­дарса, кейін өкінбейді.
3. Білімі. Бұл заманның қыз­дары қандай да бір жоғары, ең бол­мағанда орталау оқу орнын бітіріп, белгілі бір кәсіпті меңгермеген жі­гітке қарамайды. Алайда «қалта­сын­да дипломы бар жігіттің бәрі ақылды» деген түсініктен аулақ болған жөн. Күйеу – өмірдегі сүйеу. Қыз осылай ойлайды. Сон­дықтан қыз оның қанша оқу бітір­ге­ніне емес, сол білімін қажетке жарата алғанына немесе жарата алатынына көңіл аударсын.
4.Дәулеті. Қай қыз болсын баратын жерінің дәулетті болғанын жек көрмейді. Сондықтан қыздар жігіттер туралы: «Үйі, машинасы, жұмысы бар. Әкесі шылқыған бай...» деген сияқты әңгіме айтып, мақ­танғанды жақсы көреді. Мүм­кін­дігінше қыз ертеңгі күні өзін баспанамен, тіршілікке қажетті затпен қамтуға қабілетті жігіттің етегінен ұстауға ұмтылғаны құп­тар­лық, әрине. Өйткені ажырасу­дың 70-80 пайызы жетіспеушілік­тен болады. Дегенмен жігітке тек байлығы үшін ғана ерге шыққан қыз бармағын тістеп қалады. Егер жі­гіт­тің дәулеті мен ақылы, адам­гер­шілігі сай келіп жатса, махаб­бат­тары жараса, жөні бөлек.
Сөйтіп, біз қыз жігітті қандай талаппен таңдайтынына қысқаша тоқталып өттік. Енді қызды кү­йеуге шығуға итермелейтін себеп­терге тоқталайық.
Бірінші себеп – табиғаттың заңымен әйел жатжұрттық болған­дық­тан, ол өзінің өсіп-өнетін ор­тасын ертерек тапқысы, ертеңгі кү­ніне сенімді болғысы келеді. Жан­танушылар «ертеңгі күнге сенім­ділік­ті негізінен өзіне сенімсіз әйел­дер ертерек іздейді» дейді. Ал өзіне сенімді әйел тезірек күйеуге тиіп ке­туге тырыспайды. Өйткені ол кү­йеусіз де жан баға алатынына се­німді. Ал өзіне ұнайтын өмірлік адамы кездесіп, екеуінің бірге өмір сүре алатынына көзі жеткенде, нақ­ты шешім қабылдайды. Өйт­ке­ні ол алдына жылдамдатып күйеуге тиіп кетуді мақсат еткен жоқ. «Асық­қан қыз байға жарымайды» деген осыған орай айтылған.
Екінші себеп – қыз қатарлас­та­ры­нан қалғысы келмейді. Оты­рып қалған қыздың миының бір шетінде «уақыт өтіп барады, қашан күйеуге тиер екенмін, көңілім жай­ланып адам сияқты өмір сүретін» деген ой жататын көрінеді. Сон­дық­тан да ол жігітпен кездескен бой­да өзінің ең жақсы, сүйкімді жақтарын көрсетіп, оған ұнауға барын салады. Мұны түсінген ер адам да әйелдің тек жақсы жақ­та­рын көріп және өзі де жақсы жағы­нан көрінуге тырысады. Бұл – өзі­не сенімсіз қыздың жігіттің қандай екендігін бір жақты бағалауға, жі­гіт­тің де қыздың кемшіліктерін көр­­мей қалуына әкеліп соғады. Сөйтіп, екеуі үйленгеннен кейін кә­­дуілгі қарапайым өмір бастал­ған­да қыз өтірік қылымсып, жігіт мөлиіп, жасырып келген мінездері көрініс береді. Осыдан келіп: «мен сені мұндай деп ойламаппын» деп бір-бірінен жери бастайды. «Өл­дім-талдым» деп бір-бірін сүйіп тұр­ған­да түпкі мақсат –қайтсе де үйлену болса, енді мақсат– қалай да ажы­расу болып шығады. Олай болса, үйленбей тұрғанда қыз өзінің мінезін жасандылықпен жа­сырма­сын, сонда жігіттің де шын бейнесін көре алады.
Үшінші себеп – тәрбиенің әсері. Біз ұл баланы «асықпа, оқы, кәсіп үйрен, қызметте биіктерге көтеріл, жағдайыңды жаса, сосын үйлен» деп тәрбиелейміз. Ал қыз балалар­ды «бидайдың барар жері диірмен, ертерек өзіңе лайықты адам тауып алмасаң, отырып қала­сың» деп қор­қытамыз. Осы қорқы­ныш сана­­сына ұялаған қыз не болса да ертерек біреудің етегінен ұстап кетуге тырысады. Оның үс­тіне біздің қоғам негізінен еркек­тер­дің қолында болғандықтан, от­басын асырайтын, ақша табатын, киін­ді­ретін, тойындыратын да солар. Сондықтан «байтал шауып, бәйге алмас» дегенді санасына сіңірген әйел адам өзін асырайтын қамқор­шы­ны ертерек тауып алуға тыры­сады. Ал шын мәнінде, ақыл-ойы, бизнестегі қарымдылығы жігіттер­ден он есе асып түсетін қыздар бар. Өзіне сенімді. Олар «ертең асы­рау­шы­сыз далада қалам-ау» деген ой­мен емес, «жаратушының заңына лайық отбасылы болып, бала та­уып, аналық парызын атқаратын уақыт келді» деп ерге шығады.
Қыздар жігіттерге қалай қы­рын­дауды, олардың басын шыр айналдырып өзіне қаратуды жақсы меңгергенімен, олардың мінез-құл­қына, болмысына қарай қанша түр­ге бөлінетінін біле бермейтін­діктен, кейде «мысты» алтынға ба­лап, алданып қалады. Сондықтан «иықтының бәрі сүйікті жар бо­ла­ды деп ойлайтын қыздардың наза­ры­на жігіттің қанша түрі барын сала кетейік.
1. Босбелбеу жігіт. Кей қыздар «күйеуі ұрады екен» дегеннен қор­қып, жуас жігіт іздейді. Тым бос­белбеу, ынжық ер адам өзге түгілі, өзін асырай да, қорғай да алмайды. Ондай күйеудің барынан жоғы.
2. Қатынбасша. Қазан-ошаққа араласып, не ішіп не жегеніңе де­йін санап, есептеп, ызыңдап оты­ратын ұсақ адам.
3. Құрғақ мырза. Сыртқа шы­ғып мақтанғанда, дүниедегі ең бай, жомарт, ақылды, сыйлы адам сол. Үйіне барсаң, үзіп салар наны жоқ.
4. Желқайық. Аузымен бәрін тындырып тастайтын, бүгін алтын­нан тау тұрғызып беруге уәде ете­тін, жеме-жемге келгенде уәдесі жел­ге ұшып кететін суайт.
5. Кеудемсоқ. Жауырыны қақ­пақ­тай, жұдырығы тоқпақтай. Сон­дықтан да ол озбыр, бар мә­се­лені жұдырықпен, білектің күші­мен шешуге тырысады. Ертең от­басында дау туа қалса, алдымен оның «жұдырығы» сөйлейтін болады.
6. Тауық. Аты айтып тұрғандай оларда махаббат деген сезім бол­май­ды. Олардың қысы-жазы аң­ды­ғаны – қыз. Тілі майда. Қыз­дар­ды тұзаққа тез түсіреді. Ұраны: «Іс бітті, қу кетті».
7. Құлық. Бұл ерік-жігері на­шар, арақ, темекі, нашаға әуес жі­гіттер. Жас кезінде ойын-тойда сыл­қита ішіп, көңілді жүретін жай­саң жігіттей көрінгенімен, есейе келе нағыз алқашқа айна­лады. Жалпы, араққа әуес жігіт­терден аулақ жүр­ген жақсы.
8. Қалтырауық. Ол отбасынан, бала-шағасынан өзінің байлығын, малын жоғары қояды. Ішпей, же­мей, кимей дүние, ақша жинайды. Пайдасын көрмейді. Тиыны шық­са, жаны қоса шығып кете жаз­дайды.
9. Зиялы. Аса бай да болмауы мүмкін, бірақ ел сыйлайды, ұнам­ды, білімді, жан-жақты.
10.Нар қасқа. Әр сөзі мірдің оғындай, іскер, ұстамды, жомарт, иманды.
Міне, сөйтіп, жігіттің мың түрін жинақтап он түрге бөліп көрсетуге тырыстық. Жұрттың бәріне нар­қас­қа бұйыра бермес, дегенмен ақы­лына көркі сай жігіттер аз емес, таңдауы күшті аруға талабына орай азамат табылары анық. Егер біз жігіттердің кемшін қырларына көбірек тоқталып жатсақ, ғашық­тық сезімнен көзі тұманданған арулар арамды адалдан ажырат­сын дегеніміз. Ал енді жақсы жі­гіт­ке лайықты жар болғысы келген қыз да мынандай кеңесті ұстана жүрсе, артық болмас еді.
1. Еш уақытта өз қадіріңізді тү­сір­меңіз. Сізде көңілі жоқ жігіттің артынан жүгірмеңіз. Барлық уа­қытта оның алдында көңілді жү­рі­ңіз, жүзіңізден күлкі кетпесін. Оның алдында өзіңізді дүниедегі ең ақылды адам етіп көрсетуге тырыс­паңыз, сіздің тындырымды, пысық екеніңізді білсін және нәзік жанды әйел ретінде ол өзінің сізге сүйеу бола алатынына сенсін.
2. Сыйлық жасаса оны қуана қабылдап, риза екендігіңізді біл­діріңіз.
3. Қасында жүргенде шошаң­дап, кім көрінгенге көз тігіп, оның қызғануына жол бермеңіз, жүрегін­де сенімсіздік қалыптасады.
4. Дөрекі, арақкеш, жалқау еркектерден аулақ болыңыз.
5. Сүймесеңіз өзіңізді зорлап, оның алдында жақсы адам болып көрінуге тырысудың қажеті жоқ.
6. Жігіттер ұрысқақ, қылт етпе, дөрекі, араққа, темекіге әуес қыз­дарды ұнатпайды.
7. Ашық-шашық, кіндігін, мықынын ашып жүретін, сыраға әуес, ойын-сауыққа жақын қыздар жігіттерге уақытша ойнап күлуге ғана керек. Үйленетін жарын жігіт­тер иманды, ибалы, ақкөңіл, сы­па­йы, ақылына көркі сай қыз­дардан іздейді.
Ең бастысы ол адамның бар­лық қасиеті сіз ойлағандай болуға тиіс. Ал оны туыстарыма, доста­ры­ма, құрбыларыма ұнай ма, ұна­май ма деп күдіктену қателік. Өйт­кені сіз күйеуді оларға емес, өзіңізге таңдайсыз.

Қараулар: 10642 | Қосқан: psy | Рейтингі: 4.5/14 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Шілде 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz