ДІНДЕР ҮНҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ТАҒДЫРЫ (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі) - 2 Июля 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:37
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Шілде » 2 » ДІНДЕР ҮНҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ТАҒДЫРЫ (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі)
ДІНДЕР ҮНҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ТАҒДЫРЫ (Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі)
07:13

 

Құрметті съезге қатысушылар!
Мәртебелі меймандар!

Құшағы кең, қонақжай қазақ жеріне келген қадамдарыңыз құтты болсын!

Астанада үшінші рет өткізіліп отырған Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне ша­қыруымызды қабыл алып, бүгінгі алқалы жиынға қатысып отырған сіздердің баршаларыңызға қазақстандықтар атынан шынайы ризашылығымды білдіремін.

Адамзатқа ортақ құндылықтарды жинақтап, ортаға салып ой бөлісіп, өркениеттер үндестігін нығайтсақ деген ізгі мақсат, асыл мұраттар сіздерді Астана қаласына топтастырып отыр.

Астана төрінде осы күндері сіздер та­рапынан айтылатын салиқалы сөз, сал­мақты ұсыныстар дүниенің түкпір-түк­піріне тарап, Жер шарында бейбіт­шілік пен өзара бәтуаластықтың орнығуына септігін тигізеді деген үміттемін.

Азия мен Еуропаның, Батыс пен Шығыстың бел ортасында бой көтерген Астана қаласы бүгінгі таңда алуан түрлі ұлттар мен діндердің де тоғысып, жарасым тапқан орталығына айнала бастады.

Біз Қазақстан халқының діни және этносаралық татулықты ту еткен асыл қасиеттерін әрдайым мақтан тұтамыз. Бұл жетістігімізді әлем жұртшылығына үлгі етуге ұмтыламыз.

Біз жаңа мыңжылдықта да толастамай отырған әлемнің әр бұрышындағы діни текетірестер мен ұлттық қақтығыстардың алдын алуға ықпал етіп келеміз.

Астанадағы бүгінгі басқосу да біздің осындай табанды ұстанымымыздың бір көрінісі.

Сондықтан, Әлемдік және дәстүрлі дін­­дер лидерлерінің ІІІ съезі дүние жү­зінде дінаралық келісімнің өркен жайып, өр­кениеттердің өзара үндестік табу ісінде ай­тарлықтай рөл атқарады деп есеп­теймін.

Құрметті Съездің

қатысушылары мен меймандары!

Біздің шақыруымызға үн қосқан, сөйтіп адамдарға өз баталарын беріп, дінбасы аманаттарын тапсыру үшін осында жиналған бүкіл әлемнің діни лидерлерін – Қазақстанның достарын есен-саулықта көру мен үшін бір ғанибет.

Сіздердің әлем туралы діни қамқор­лық сезімдеріңіз, Жер бетінде келісімге қол жеткізу ісіне деген сіздердің беріл­ген­діктеріңіз осымен үшінші рет барша­ңызды Астанаға жеткізіп отырғанын біз жоғары бағалаймыз.

Біздің жас елордамыздың мәртебелі меймандарды өзінің туған күні қарсаңында қарсы алуының нышандық сипаты бар.

Астана – бұл конфессияаралық келісімнің қаласы. Бейбітшілік және келісім сарайы, мешіттердің мұнаралары, христиандық храмдар мен синагогалардың күмбездері, басқа дін өкілдерінің ғибадат үйлері қала архитектуралық ансамблінің және оның рухани өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналып келеді.

Астана – бұл өзінің бүкіл тарихында аса ұлы өркениеттердің тарихи және мәдени мұраларының тоғысу орталығы болған елдің ордасы.

Бүкіл әлемнің саны жағынан жылдан жылға өсе түскен діни, мемлекет және қоғам қайраткерлері Съезд жұмысына қатысуды өзі үшін маңызды санайды. Егер 2006 жылы біздің форумға 29 де­легация қатысса, бүгін осы залға әлемнің 35 елінен 77 делегация жиналып отыр.

Мен Исламның аса беделді өкілдерін құттықтауға қуаныштымын. Біз сіздерге: “Ассалаумағалейкум!” дейміз.

Біз үшін өзімізде Христиандықтың көрнекті қайраткерлерін қабылдау үлкен құрмет. Сіздерді өздеріңіздің тақуалық қайрандарыңызда Құдай сақтасын!

Иудаистік қауымдастық лидерлеріне сөз арнап, біз “Шалом алейхем!” дейміз.

Біз Шығыстың бағзыдан келе жатқан діндері – Буддизмнің, Индуизмнің, Дао­сизмнің, Синтоизмнің және Зороастризм­нің өкілдерін Съезімізге қатысуымен құттықтаймыз. Нұр жаусын сіздерге!

Бүкіл әлемнің көптеген көрнекті мем­лекет және қоғам қайраткерлері біздің ша­қыруымызға үн қосып, осы форумға қатысып отырғанына қуаныштымыз.

Сіздердің барлықтарыңызға біздің Съез­ге қатысу мүмкіндіктерін тапқан­дарыңыз үшін ризашылық білдіремін.

Қымбатты достар!

Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі пост­кеңестік кеңістікте барынша табысты тәжірибелердің бірі ретінде мойындалған.

Біздің елімізде 3200 дерлік мешіттер, шіркеулер мен ғибадат үйлері жұмыс істейді. Бұрнағы күні ғана осында, Ас­танада мен жаңа Күмбезді мешіт тұр­ғы­зылатын жерге құты салдым. Келесі жы­лы біздің өңірдегі ең үлкен шіркеу­лердің бірі православиелік Успения Құдай Ана храмының құрылысы аяқталатын болады.

Екінші Съезге салынған Бейбітшілік және келісім сарайы өткен үш жылда еліміздің шынайы рухани орталығына айналды. Мұнда түрлі конференциялар мен форумдар жүйелі өтіп тұрады.

Мен өткен Съезде уәде еткенімдей, біз Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығын құрдық, ол да осы Сарайда орналасқан.

Мемлекеттің қолдауымен Қазақстанда Ислам мәдениеті мен білімінің қоры құрылуда.

*  *  *

Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптас­тырған.

Сондықтан да біз ғасырлар бойы қа­лыптасқан осынау адамгершіл импера­тивті бүкіл адамзатқа жеткізуді өз міндетіміз сезінеміз.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдау білдірген айтулы бастамаларының бірі 2010 жылды “Халықаралық мәде­ниеттер жақындасуының жылы” деп жариялау болды.

Сондай-ақ, Қазақстанға алдағы жыл­да­ры Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық жөніндегі ұйымға және Ислам Конференциясы Ұйымына басшылық жасаудың жоғары сенімі көрсетілгенін мақтанышпен атап өте аламын.

Біз ЕҚЫҰ және ИКҰ бойынша өз әріптестерімізге Съездің шешімдері мен ұсыныстарын мақсатты түрде жеткізіп, оларды өз төрағалығымыздың кезеңінде іске асыруға ұмтылатын боламыз. (Толық мәтінін сайттың кітапхана бөлімінен оқи аласыз)

 

Қараулар: 1441 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
26.08.2012 Спам
1. Yvenson
IMHO you've got the right asnewr!

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Шілде 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz