ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ — ЖАҢА КІТАПТЫҢ ӨЗЕГІ - 25 Июня 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 05:55
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Маусым » 25 » ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ — ЖАҢА КІТАПТЫҢ ӨЗЕГІ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ — ЖАҢА КІТАПТЫҢ ӨЗЕГІ
15:27
 

Тұсаукесер рәсіміне аталған институттың директоры, тарих ғы­лымдарының докторы Бүркітбай Аяған, Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков, заң ғылымдарының докторы, белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Сартаев, С.Торайғыров атын­­дағы Павлодар мемлекеттік уни­верситетінің ректоры Ерлан Арын, ақын Кәкімбек Салықов және еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ шетелдерден арнайы келген тарихшылар мен қоғамтану­шы­лар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Б.Аяған жиналған жұртшы­лық­қа бұл кітаптың көп жылғы қа­жыр­лы еңбектің нәтижесі екендігін, сол себепті ол ел үшін керек дүние де­ген мақсатпен шығарылып отыр­ғанын айта келе, кітап жарық көр­генге дейін оның басы-қасында жүрген институт қызметкерлеріне өз алғысын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда ауылдан шыққан қара­пайым жігіттің әлемдік дәрежеде аты танылған мемлекет қайрат­кері­не дейінгі өмірі мен қызметі атал­ған еңбектің негізгі өзегіне ай­налған. “Тәуелсіздіктің 18 жылдық белесін тарихи таныммен зерделеу, оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру – біздің кейінгі ұрпақ алдындағы аталық парызымыз. Бүгінде Елбасы туралы еліміздің және шетелдік ға­лым-зерттеушілердің қолға алуымен талай дүние жарық көрді. Бірақ бұл еңбектің өз орны бар. Мұнда Мемлекет басшысының өмірі мен тұлғалы болмысы, қай­рат­керлік және күрескерлік қызметі тәуелсіз Қазақстанның даму жо­лы­мен байланыстырыла баяндалады”, деді институт директоры өз сөзінде.

Ал Мырзатай Жолдасбеков бұл кітап жөнінде және оның басты өзегіне айналған Елбасы жайын­да­ғы өз ойын былайша түйіндеді: “Тарихтан белгілі, бұрын қазақ жерінде талай мемлекеттік құры­лым­дар болған, бірақ дәл мұндай мемлекет бұрын-соңды болған емес. Мемлекет орнату, Астананы кө­шіру, оны салу – оңай жұмыс емес. Бүгінде елімізді әлем таныды, әлем мойындады. Әлем есептесетін болды. Елбасылы, ақ­ор­далы, елордалы мемлекетке ай­налдық. Осы күнге жеткеніміз – Қазақстанды мекендейтін азамат­тар­дың және оны басқарып отыр­ған Елбасының еңбегі”. Осылай дей келе, ғалым тәуелсіз мемлекет негізі қалануының бастауында тұрған Елбасының рөліне айрықша тоқталып өтті. Елбасының саяси өмірі жазыла береді. Оны кездейсоқ адамдар да, бірге жүрген адамдар да жазуы мүмкін. Бірақ біз оның адами өмірбаяны туралы жазып, адами қабілеттерін көбірек ашуы­мыз керек, деген ойын жеткізді М.Жолдасбеков бұл турасында.

Cондай-ақ, Сұлтан Сар­таев Елбасының мемлекетті басқарудағы күрескерлік қабілеті мен әлемдік қоғамдастық мойын­даған тұлғалық қырына тоқталса, ақын Кәкімбек Салықов кітаптың мазмұны мен өзектілігіне қатысты өз ой-пайымын білдірді.

Тұсаукесер салтанатында сөз сөйлеген өзге де ғалымдар мен қо­ғам қайраткерлері аталған кітаптың болашақта тәуелсіз мемлекеттің тарихы мен қалыптасуына қатысты өзге де еңбектердің шығуына сеп болады деген пікірлерін жеткізді
 
 Егемен Қазақстан №214-217 (25614) 24 МАУСЫМ СӘРСЕНБІ 2009 ЖЫЛ
Қараулар: 1806 | Қосқан: psy | Рейтингі: 1.0/1 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Маусым 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz