Өзіміздің «Оксфордымыз» болады - 4 Июня 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:32
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Маусым » 4 » Өзіміздің «Оксфордымыз» болады
Өзіміздің «Оксфордымыз» болады
09:07
 

Үкіметтің кешегі отырысынан тағы бір ұққанымыз, бұдан былай әлемнің атағынан ат үркетін Кэмбридж, Оксфорд, Гарвард университеттері секілді оқу орны енді біздің елде де болады. Өзге елдердің студенттері тек атағы дардай осы университеттерге ғана ағыла бермей, әлі-ақ біздің Арқаға да ат басын бұрады. Астанада Есілдің сол жағалауында Елбасының ұсынысымен осындай халықаралық университет салынып жатыр. Ондағы студенттер тек ағылшын тілінде оқиды. Аталмыш білім шаңырағы алдағы оқу жылында алғашқы студенттерін қабылдауға дайын. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, университетте дайындық курсын аяқтаған студент Англияның және АҚШ-тың жоғары оқу орындарында да білімін жалғастыра алады.

«Алғашқы қабылдау биылғы жылы өткізіледі. Осы күзден бастап университеттің дайындық курсына 200 адам қабылданатын болады», – дейді министр. Сонымен қатар министр өз сөзінде университеттің ерекшелігін де атап өтті. «Жаңа университеттің ерекшелігі нақты ғылыми зерттеулер жүргізе алатын университеттің үлгісін іске асыру, әлемдік деңгейдегі стандарттар бойынша білім беру және әлемдегі жетекші университеттердің дәстүрін енгізу болып табылады», – дейді білім және ғылым министрі.

Министрдің айтуынша, алғашқы кезеңде жаңа университеттің академиялық құрылымы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, қолданбалы ғылым және инжиниринг сияқты үш институттан құралатын болады. «Әрбір құрылымдық бөлім батыстың жетекші әрі беделді университеттерімен серіктестік негізде басқарылады», – дейді Жансейіт Қансейітұлы.

Жаңа университетте білім алудан үміткерлерге президенттік «Болашақ» бағдарламасының талаптары іспетті талаптар қойылады.

Ат шаптырымдай, яғни 100 гектар алаңды алып жатқан жаңа халықаралық университетте келешекте 25 мың тәлімгер оқи алады. Десек те, құрылысы әлі аяқтала қоймаған университет биыл толықтай тапсырылмайды екен. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тек алты ғимарат пайдалануға берілмек. Ал келесі жылы жаңа жыл қарсаңында, яғни 31 желтоқсанда қалған алты ғимараттың құрылысы өз мәресіне жетпек. Бірінші болып тапсырылатын ғимараттардың ішіне ректорат, ақпарат және коммуникациялық технологиялар институты, дайындық мектебі, тән азығымен қамтамасыз ететін асхана және жан азығымен қамтамасыз ететін кітапхана кіреді.

Университет құрылысына барлығы 167 миллион доллардай қаражат қажет. «Құрылысқа 2008-2010 жылдарға 25 миллиард теңге жоспарланған. Оның ішінде мақсатты трансферт ретінде 5 миллиард теңге бөлінді», – дейді министр. Сонымен қатар министр жаңа университеттің ғылыми қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы қор құру керектігін ұсынады.

Ой-түйін
Әрине, шашасына шаң жұқтырмай кеткен Кэмбридж, Оксфорд, Гарвардтардың шыққан биігінен көріну үшін қаншама жылдар қажет. Ауылдағы кейбір ата-әжелерімізден, андағы университеттердің затын білмесе де, «пәленшенің баласы Англияда Кембріжде оқып жатыр екен» деп отырғанын естіп қаламыз. Ертеңгі күні осы сияқты жаңа университетіміз өзге елдердің кемпір-шалының аузына Қазақстанды салып жатса, жақсы ғой. Оның несі жаман?!

Салтан СӘКЕН Алаш айнасы газетінен
Қараулар: 838 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Маусым 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz