АБАЙ - 27 Мая 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:38
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Мамыр » 27 » АБАЙ
АБАЙ
11:49

АБАЙ АСҚАРЫ

Эпилог

 

Жақын күндерде ел жұртшылығы ет жүректі елжіретер жақсы жаңалықты естіп, тағы бір қуанышқа кенелді: Мәскеудегі “Молодая гвардия” баспасының “Жизнь замечательных людей” сериясынан халқымыздың қасиетті ұлы Абай атамыздың өміріне арналған кітап жарық көрді. Ардақты азаматымыз Мұхтар Құл-Мұхаммедтің бастамашылығымен жазылған бұл еңбектің авторы Николай Анастасьев Фолкнер, Хемингуэй, Набоков сынды сөз зергерлері жайындағы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған тамаша зерттеулерімен кеңінен танымал. Оның алдында осы сериядан “Мұхтар Әуезов”  кітабын шығарған қаламгердің қазақтың ұлы ақынын танытуға атсалысуы қай жағынан қарағанда да құптарлық.

“Абайдың өмірі сырттай қарағанда оқиғаларға бай емес, алайда шығармашылық ізденістерге, жаңа пішіндер қарастыруға, Батыс пен Шығыстың классиктерімен сырттай сұхбаттасуға толы. Ғұмырбаяндық егжей-тегжейліліктің аясынан асып кететін осынау “сөздегі болмысты” өзінің кітабында танымал әдебиеттанушы  әрі жазушы Николай Анастасьев қайта жаңғыртқан. Оның Абайы – Ұлы Даланың өз халқының білімге қол жеткізуі мен өркендеуі жолында күресумен өткен перзенті ғана емес, Пушкин мен Гетенің, Шекспир мен Декарттың сұхбаттасушысы, әлем мәдениетіндегі ұлы қайраткерлердің пантеонына солармен қатар кіретін тұлға” – “Абай” кітабының аннотациясында осылай айтылған. Атақты кітап сериясының бұл бағасы Абайдың дүние дидарында өзіне лайықты даңқын иеленуінің басы болғай деп тілейік, ардақты ағайын.

 

Қараулар: 798 | Қосқан: psy | Рейтингі: 3.0/1 |
Барлық комментарилер: 2
29.08.2012 Спам
2. Angel
That's an expert awnser to an interesting question

28.10.2011 Спам
1. Regina
Alright alright alright that's exactly what I nedeed!

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Мамыр 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz