ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ — БІЗДІҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН - 18 Мая 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:32
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Мамыр » 18 » ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ — БІЗДІҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ — БІЗДІҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН
07:35

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУЫ — БІЗДІҢ ОРТАҚ БОЛАШАҒЫМЫЗ ҮШІН

 

Құрметті нұротандықтар!

Қадірменді съезд қонақтары!

Қазақстандағы ең ірі саяси ұйым, көшбасшы партия – “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс 12-ші съезі, партияның 10 жылдық мерейтойы еліміздің төрт құбыласы түгелденген, кемелдену кезеңімен дөп келіп отыр.

Олай дейтінім, саяси сахнада салмақты орнымыз бар. Сайлауалды уәделерімізді толықтай орындап келеміз. Келесі жылдың басында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміз жаһандық ауқымдағы беделіміздің үлкен көрсеткіші болып саналады. Бұл үшін біз сол ұйымға мүше барлық мемлекеттерге шын ризашылық алғысымызды айтуымыз керек. Ең бастысы біз бірлігі жарасқан халықпыз.

Осының барлығы – біздің жеке шаңырақ көтергеннен кейінгі жанкешті еңбегіміздің, толағай табысымыздың ең толымдысы әрі баға жетпес құндылығы, ел егемендігін баянды етудің берік қамалы, тәуелсіздік жүрегіне қан жүгірткен сарқылмас қуат көзі.

Осылайша, тыңнан түрен салып дамудың даңғыл жолына түсу бары­сында түбінде “ақыл, қайрат бәрін жең­бек” деп ұлы Абай айтқандай, талай қиюы қаш­қан қиындықтарды бастан кеше оты­рып, қисынына келтірдік. Осы істердің барлығында “Нұр Отан” партиясы көшбасшылық танытып, қоғамдағы әр түрлі күштердің ұйтқы­сына айналды.

 

Құрметті съезд делегаттары!

Шексіз-шетсіз дүние жоқ. Халқымыз “Бір аштықтың бір тоқтығы бар” дейді. Әлемді шарпыған дағдарыс та аяқталады. Бұл уақытша ғана құбылыс. Мұндай дағдарыс адамзат өмірінде алғаш рет болып отырған жоқ. Өткен ғасырдың 30-шы, 50-ші, 70-ші жылдарын еске алатын болсақ, мұның барлығы болған.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Осман империясы құлап, Түрік респуб­ли­касы “мемлекет болып қала ма, жоқ па” деген сұрақпен бетпе-бет қалған кез болды. Сол кезде Ататүріктің үндеуімен бү­кіл түріктің әйелдер қауымы қолда­рын­дағы барын, тіпті сырғаларын, алқа­ла­рын мемлекетті сақтап қалу үшін сол күреске жұмсап, жинаған еді. Дәл сондай оқиға Корей Республикасында да болған. Аллаға шүкір, Қазақстанда ондай жағдай болған жоқ, болмайды да.

Он жыл бұрын ғана Азиялық қар­жы­лық дағдарыстың салқынын сезіндік. Бір­ақ, біз сүрінбедік. Ол кездерде дәл қазіргідей қуат-күшіміз де жоқ еді.

Әрине, 10 жыл ішінде қол жеткізген жетіс­тіктерді тізбелеп айтып шығу бүгін мүмкін емес. Ең бастысы – ұстанған бағы­тымыз бен жасаған іс-қимылы­мыз­дың өміршеңдігіне халық өзі көз жет­кіз­ді, баға берді. Алайда, бұл “бәрін тын­дыр­дық” деп тоқмейілсуге жол бермеуі керек.

Бүгін партияның 12-ші съезінде елдегі нақты жағдай тағы бір мәрте талқыға түсіп, өзекті мәселелерді шешудің тетіктері сараланды.

Халықтық тұғырнамада көрсетілген, ел алдында уәде еткен істерді дағдарыс жағдайында да одан әрі абыроймен атқару міндеті жүктеледі. Мұның бәрінен де біз зор табыстармен шығамыз деп сенеміз.

 

1. Жасампаздықтың он жылы қоғам мен ел игілігіне

Қымбатты достар, ниеттестер!

Қымбатты қонақтар!

Біз шетелдік саяси партияларға – Қазақстанға достас елдердегі біздің әріп­тестерімізге біздің съезге өз делегация­ла­рын жібергені, құттықтаулар жолда­ғаны үшін алғыс білдіреміз. Біз олардан өз атымызға қолдау сөздерін естідік.

Біз бұл партияларға және осы елдер­дің халықтарына барша игіліктерді, бар­ша жақсы атаулыны және өркендеуді тілейміз!

Бүгін осында көптеген проб­лемалар көтеріліп, бірталай ұсыныстар айтылды. Барлық ұсыныстар қызықты екен және олар біздің бәріміздің Отаны­мыз үшін жанымыз ауыратынын көрсетеді.

Сіздер айтқан лебіздер “Нұр Отан” нағыз патриоттардың, шынайы мемле­кетшілдердің бірлестігі екенін тағы да қуаттап берді.

Біздер ­– нұротандықтар, еліміздің және қоғамымыздың тағдырына бейтарап қарай алмаймыз!

Қазір мен бұдан 10 жыл бұрын партияның І съезінде айтқан сөздерімді сіздердің естеріңізге салғым келеді:

“Дағдарыс деген ешқашан мәңгілік болмайды, ол уақытша құбылыс. Кімде кім осы дағдарыстардан аман шықса, ол содан кейін бұрынғыдан да өркендей түседі”.

Өмір бұдан 10 жыл бұрын айтылған осы сөздердің шынайылығын көрсетіп берді. Бұл сөздер біздің бүгінгі нақты­лы­ғымыз үшін, біздің қазіргі жағдайымыз үшін қандайлық өзекті десеңізші!

Бүгінде біз бұдан 10 жыл бұрын Азиядан басталған дағдарысты бастан кешіп жатқанға ұқсас жағдайда тұрмыз.

Иә, жағдайлар ұқсас, алайда Қазақ­стан кешегі күнгісіне тіпті де ұқсамайды! Сондықтан, делегаттар айтқандарындай, ауылда бұл дағдарыс сезілмейді де. Мұндай әзірлікті біз осындай күтпеген кезеңдер жағдайына жүргізгенбіз, сондықтан қазір дағдарысты бәрі бірдей сезініп отырған жоқ.

Ол кезде, бұдан 10 жыл бұрын, біз Кеңес Одағы күйреген, өндірістік база іс жүзінде мүлдем жоқ және құлдырап біткен экономика жағдайында тәуелсіз Қазақстанымызды асқан қиындықпен тұрғыза алдық. Бізде іс жүзінде ин­фрақұрылым болмады, зауыттары­мыз тоқтап тұрды, дүкендеріміздің сөрелері қаңырап, балаларымыз бүрсең қақты. Жаман атаулы әрдайым тез ұмы­тылады.

Ол кезде, бұдан 10 жыл бұрын, бізді азиялық дағдарыс қалтыратып бақты – энергия ресурстарының бағасы бірнеше есе құлап түсті. Мұнайдың бір баррелі 10 доллар тұрды!

Алайда біз жауапкершілікті өз мой­нымызға алып, әрбір қазақстандықтың тұр­мысын жақсартуға бағытталған бір­қатар реформаларға бастамашы болып, экономиканы түбегейлі жаңғыртуды бастадық.

Бұл өзіндік бір ақиқат сәті еді.

Бұл сәтте күн тәртібінде басты мәселенің – Қазақстан болашақта қандай болады және біз өз мемлекеттілігімізді сақтай аламыз ба деген мәселенің шешімі тұрды.

Ол кезде, бұдан 10 жыл бұрын, басы­мызға жауған сынақтарға қарамастан, біздің ұнжырғамыз түскен жоқ, дүрбе­лең­ге салынбадық, қайта, бірлесіп, бекемденіп, сапалық жаңа деңгейге көтеріл­дік. Бізге басты көмекші – уақыт сынынан өтіп, талай қиындықтарда шыңдалған біздің бірлігіміз болды. Біздің елімізде тұратын барша 130 ұлт пен ұлыстың бірлігі болды.

Бұл – ең құнды ресурс деп санай­мын, соның арқасында біз қазіргі қиындықтарды да еңсере аламыз!

Алайда бүгінде артымызға бұрылып қарасақ, бұдан он жыл бұрын біз сол қиындықтарға төтеп беріп қана қоймап­пыз, сонымен бірге болашақ табыстары­мыздың негізін қалай да алыппыз.

10 жылда ел ІЖӨ-сі іс жүзінде 8 есеге ұлғайды.

10 жылда жан басына келетін ІЖӨ 1000 доллардан 8400 долларға дейін өсіп, Орталық және Шығыс Еуропаның бір­қатар мемлекеттерінің көрсеткіштерімен теңелді.

10 жылда сыртқы сауда айналымы 10 есе ұлғайды. Шағын кәсіпкерлікке ин­вес­тициялардың жалпы өсімі 2000 жыл­дан бастап 23 есе дерлік ұлғайып, 2008 жылы 1,5 триллион теңге шамасын құраған.

10 жылда денсаулық сақтау мен білім беруді қаржыландыру 8,5 есеге ұлғайған.

Бұдан бар-жоғы 5 жыл бұрын елде Интернетті пайдаланушылар бірнеше мың болса, бүгінде олар 2 миллионнан асып жығылады.

Қазір іс жүзінде әрбір мектепте жаңа толқындағы компьютерлер жұмыс іс­тей­ді, мектептердің 98 пайызы Интернет желісіне қосылған.

Иә, бүгінде бізде бір кездері тіпті армандай алмаған көп нәрселер бар.

Мен қазақстандық балаларымыздың күлкісін көрген кезде өзімді бақытты сезінемін!

Жаңа зауыттар ашылып, жаңа жолдар төселген, осы заманғы үйлер, мектептер, ауруханалар салынып жатқан әрбір кезде мен мақтанышта боламын!

Біздің қазақстандық спортшылар же­ңіс баспалдақтарына көтерілген, қазақ­стандық оқушыларымыз халықаралық олимпиадаларда алтын медальдарды же­ңіп алған кезде, бүкіл әлем біздің талант­тарымызға таңғалып тұрған кезде мен мақтанышта боламын!

Қазақстан көз алдымызда қалай өзге­ріп жатқанын көрген кезде мен қуа­ныш­та боламын!

Өткен 10 жыл ­– бұл серпінділік уақы­ты, бұл Қазақстанның қауырт даму уақыты!

Бүкіл осы жылдарда біз мемлекет­ті­гі­мізді нығайтуға көп күш пен қаржы жұм­садық, біз инфрақұрылымды дамыт­тық, біз экономикалық бұлшық еттері­мізді өсірдік!

Жаңа елордамыз Астананың салынуы посткеңестік кеңістіктегі ауқымы жағы­нан ең алып та жасампаз жоба болды.

Астана – бұл осы заманғы Қазақ­стан­ды дамытудың, біздің ортақ та­быс­тарымыздың, бақ-берекеміз бен сенімді болашағымыздың символы!

Бүгінгі жиналысқа “Нұр Отан” ХДП-ның делегаттарымен бірге барлық әкімдер қатысып

отыр. Бес мың адамға арналған Тәуелсіздік сарайын көрсін деп, оларды осында шақырдық. Мұндай сәулетті Сарай Қазақстан түгілі, осы өңірде жоқ. Барлық ауқымды іс-шаралар енді осы Сарайда өткізілетін болады. Міне, бұл Астананың көркейіп, дамып, өсіп-өркендеуінің белгісі, болашаққа басқан қарышты қадамының айқын көрінісі болып табылады.

Біз көп нәрсе жұмсадық және көп нәрсеге қол жеткіздік, алайда енді дамудың жаңа кезеңінде бізге жаңа басымдықтарды анықтау қажет болады.

  Толық мәтінін сайттан түсіріп алаласыз

Қараулар: 1214 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
05.03.2012 Спам
1. Virginia
Well maacdaima nuts, how about that.

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Мамыр 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz