Есте сақтау қабілетіңіз қалай? - 5 Мая 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:36
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Мамыр » 5 » Есте сақтау қабілетіңіз қалай?
Есте сақтау қабілетіңіз қалай?
07:09
Бір мезетте бес телефонның нөмірін жаттай алар ма едіңіз?
Иә.
Жоқ.

Белгіленген іскерлік кездесуді ұмытып кетіп, бармай қалған кезіңіз болды ма?
Иә.
Жоқ.

Осыдан үш күн бұрын таңертеңгі асқа не жегеніңіз есіңізге түсе ме?
Иә.
Жоқ.

Ең алғаш сүйіскен сәтіңіз есіңізде ме?
Иә.
Жоқ.

Алғашқы махаббатыңыздың атын ұмытқан жоқсыз ба?
Иә.
Жоқ.

Мектепке алғаш барған күніңіз есіңізге түсе ме?
Иә.
Жоқ.

Бала күніңізде жаттаған тақпақтың бірін жатқа айта аласыз ба?
Иә.
Жоқ.

Он жасыңызда үстіңізге қандай киім кигеніңіз есіңізде ме?
Иә.
Жоқ.

Біреудің телефонына қоңырау шалмастан бұрын тізім кітапшасына бір көз жүгіртіп аласыз ба?
Иә.
Жоқ.

Ең алғашқы досыңыздың есімі есіңізде бар ма?
Иә.
Жоқ.

Әлдебір жағдайлар өткен оқиғаларды есіңізге түсіруге себепші бола ма?
Иә.
Жоқ.

Бала күнгі мектепке барып-қайтатын жол көз алдыңызда ма?
Иә.
Жоқ.

Жолдастарыңыз бен достарыңыздың мүшелтойлары мен туған күндері үнемі ойыңызда жүре ме?
Иә.
Жоқ.

Егер қойылған сұрақтың әрқайсысына келіссеңіз, өзіңізге 1 ұпайдан қосып отырыңыз, келіспесеңіз ұпай қосылмайды. Енді есептейік!
ЕГЕР 9-ДАН ЖОҒАРЫ ҰПАЙ ЖИНАСАҢЫЗ, онда Сіздің есте сақтау қабілетіңіз әлі сол қалпында. Өткеннің бәрі санаңызда сайрап тұр. Аса қатты әбіржитіндей ештеңе жоқ. Жадылық жаттығуларды жиі жасап тұрыңыз.
ЕГЕР 4 ПЕН 8-ДІҢ АРАЛЫҒЫНДА ҰПАЙ ЖИНАҚТАСАҢЫЗ, онда Сіздің де санаңызда салмақты өзгерістер бола қоймаған. Дегенмен арагідік ұмытшақтығыңыздың бар екендігін мойындауыңыз керек-ақ. Көп нәрсе көңілге түюлі болса да, соларды бір-бірімен шатастырып алып, шаршаңқырайтын шақтарыңыз да ұшырасып жатады.
ЕГЕР 3 ҰПАЙДАН ДА ТӨМЕН НӘТИЖЕ КӨРСЕТСЕҢІЗ, онда Сіздің есте сақтау қабілетіңіз еш қуантарлықтай емес. Көп нәрсені ұмытып қала беретін болғансыз. Соның кесірінен сан мәрте сан да соқтыңыз. Енді тек мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз жөн.
Қараулар: 1692 | Қосқан: psy | Рейтингі: 4.5/4 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Мамыр 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz