ЖҰЛДЫЗШЫ НАЗАРБЕК САҚТАНДЫРАДЫ - 29 Апреля 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:33
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Сәуір » 29 » ЖҰЛДЫЗШЫ НАЗАРБЕК САҚТАНДЫРАДЫ
ЖҰЛДЫЗШЫ НАЗАРБЕК САҚТАНДЫРАДЫ
08:55

ЖҰЛДЫЗШЫ НАЗАРБЕК САҚТАНДЫРАДЫ

 

Айтқандары көбіне дәл келіп жататын жұлдызшы Назарбек Қожамсейітовтің болжамдарына еріксіз назар аударасың. Ол кісімен әңгімелесу де қызық. Кейде өз айт­қандарына жұрттың жеткілікті мән бермей жататынына азын-аулақ өкпе білдіретіні де бар. Сөйтсе де халыққа қиын болмасыншы, сақ­танып жүрсінші деп, өз болжам­дарын жұртқа хабарлап отырғысы келеді. Оны редакциямыздың Ал­маты бөлімшесіне алып келген де сол ой.

Жалпы, жұлдызшының айту­ын­ша, биылғы жыл қолайсыз болатын түрі бар. Әдетте, аяғы 9-ға бітетін жылдардың сондай ерекшелігі де бар көрінеді. Осы ретте ол бұрынғы сондай жылдарды еске алады.

Биылғы жылдың қолайсыздығы көк­темнің салқындығымен ерек­ше­ленбек. Ал мамыр айының 23-25-і күндерінде жаңбырдың аяғы қарға айналуы соның бір көрінісі. Ол кезде астықты өңірімізде егін егу қауырт жүріп жатады. Бұл салқындықтың әсіресе, көкөніске әсері қаттырақ тиеді. Диқан қауымның абай бол­ғаны жөн-ақ. Тек диқан ғана емес, малшылар да төлді суыққа ұрын­дырмау үшін біраз қам жасауға тиіс.

Жаздың өзі жайсыздау басталмақ. Жұлдызшы маусымның 17-і күндері суықтың қайта бір соғуынан сақ болсақ дейді. Бұл суығыңыз тіпті та­мыздың дәл ортасында, 16-19-ы күн­дері бір соғып кетуі мүмкін деген қауіп айтады.

Жұлдызшы қиындықпен өсірген егінді жинап алу кезінде де ауа рай­ы­ның қолайсыздығы болатынын ес­кертеді. Нақты айтқанда, 22 қыркүйекте дауыл соғып, жаңбыр жауатын көрінеді. Сол күзде өнімді жинап алу өз алдына, оны сақтау, кептіріп алу үлкен күшке түспек.

– Қара аспанды төндіріп, үрей туғызайын деп отырғаным жоқ, – дейді жұлдызшы. – Мынау нарық қысқан заманда барынша сақ болып, қамсыз қалмай, жинақы жүргеніміз жөн. Еткен еңбек еш болмасын, халықтың ризығы ысырап болмасын, дегенді айтады.

Еліміздің аумағы үлкен. Ортақ болжам айту қиын. Бір өңірдегі жағдай екіншісіне сай бола бермеуі, ауытқулар болуы әбден мүмкін. Ал жұлдызшы жеке өңірлерге де қатысты нақты болжамдарын айта алады.

Авторы: Мамадияр ЖАҚЫП, Алматы. Егемен Қазақстан газетінен

Қараулар: 1139 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Сәуір 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz