МЕМЛЕКЕТКЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – МІНДЕТІМІЗ - 11 Марта 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 05:58
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Наурыз » 11 » МЕМЛЕКЕТКЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – МІНДЕТІМІЗ
МЕМЛЕКЕТКЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – МІНДЕТІМІЗ
07:23

Нұрлан ӨТЕШЕВ, “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан”  жастар қанатының атқарушы хатшысы.

Жастар тақырыбы – Президент­тің жыл сайынғы Жолдауларының ажырамас бір бөлігіне айналып келеді. Биылғы Жолдауда да Елбасы жастар мәселесіне ерекше мән берді. Онда мем­лекет қазіргі әлемдік эко­но­микалық дағдарыс жағ­дайында жастарды отансүйгіштікке тәрбие­леу, олардың сапалы білім алып, ғылым­мен айналысуына жағдай жасап, жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде үлкен жауапкершілікті сезінетінін атап көрсетті.

Қазіргі кезде ешбір ел оңай өмір сүріп отырған жоқ. Соңғы екі жарым жылдан бері әлемдік дағдарыс бар­лық мемлекеттердің әлеу­меттік-эко­номикалық, тұрмыстық жағдайына кері әсерін тигізіп келеді. Кейбір елдер, естуім­ше, банкротқа ұшырап, интернет арқылы олар­ды енді ірі қаржылық корпорациялардың сатып алатындары туралы неше түрлі әңгімелер айты­лып жүр. Мұндай жағдай ешқашан бола қоймас, әрине. Бірақ жел тұрмаса шөптің басы қимыл­дамайды деген де бар емес пе. Қазір осындай қысылтаяң кезді біз дамыған деп жүрген Еуро­паның бірқатар елдері бастан кешуде. Ал біздің елде мұндай жағдай ешқашан болмайды деп сеніммен айтуға болатындай.

Президент Жолдауында дағдарыс деп елді дүрліктіруге ешқандай негіздің жоқтығын, оның бәрі өткінші нәрсе екенін, қазір мемлекет еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндіктердің бәрін жасап жатқанын атап өтті. Осы тұста Мемлекет басшысы елдің экономика­лық даму деңгейін тұрақтандырып, өндіріс орындарын көптеп ашуда, отандық өндірісті өркендетіп, өскелең ұрпақты еңбекке баулуда маңызды ша­ралардың атқарылуда екенін жет­кізді. Біз, жастар, Елба­сы­ның осынау кездегі сындарлы саясатын қол­дап, жастардың бойында отансүйгіштік сезімді арттыруға, ертеңгі күнімізді алаңсыз өткізуге жа­салып жатқан барлық шараларға жауап­кер­ші­лікпен қарауға тиіспіз. Биыл Ұлттық қордан несиелеу есебінен студенттердің білім алуына қы­руар қаржы бөлініп, олардың шәкірта­қы­ларының алдағы жылдары 25 және 30 пайызға көбейе­тіні белгілі болып отыр. Студенттер мұндай қамқорлықтың тек біздің елде ғана жасалып жатқанын жете түсінуі керек. Сон­дық­тан біздің ендігі мін­детіміз мемлекеттің сені­мі­нен шығып, еліміздің келешегіне аянбай қызмет ету болып табылады.

Қараулар: 857 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Наурыз 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz