Елбасы игілігі марафонға ұласады - 20 Февраля 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 05:55
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Ақпан » 20 » Елбасы игілігі марафонға ұласады
Елбасы игілігі марафонға ұласады
10:40
...Мемлекет «балам» деп еміреніп отыр. Елбасының мақсатшыл жастарға қысылтаяң шақта дем беру туралы тапсырмасы әлеуметтік саланы «әлдендіріп-ақ» тастады. Президенттің игі ісін жастар ұйымы жалғап алып кетпек.
Жуырда ғана Мәжіліс депутаты Сағынбек Тұрсынов Премьер-министрдің атына «жойқын» депутаттық сауал бағыттағаны жұрт жадында. Ол қаржы күйзелісі ата-анасының қалтасын қаққан, ақылы бөлімде оқитын 200 мың студенттің оқу ақысын төлей алмауына байланысты тағдырлары «қыл үстінде» тұрғанын мәселе етіп өткір көтерді. Қоғам да жалын жастардың ертеңі не болар екен деп, әліптің артын бағып қалған... Ақыры баянды болды. Арада аз уақыт өткенде Нұрсұлтан Назарбаев білім деген теңізде арман деген қайықтары дағдарыстың дүлей толқынына соғылып, қалт-құлт етіп отырған жастарға мемлекет қолын созатыны туралы ақжолтай хабар айтты. Мемлекеттік және меншік оқу орнында ақылы негізде білім алып жатқанына қарамастан, үздік оқитын 11500 студентке мемлекеттің қосымша білім гранты бөлінеді. Үшінші курстан жоғары оқитын студенттерге арналып. Бұған қоса, ұзақ мерзімді жеңілдікті білім несиесін беру үшін ел қазынасынан 15 миллиардтай теңге және бөлінеді. Елбасының мұндай өр бастамасына өршіл жастар бөркін аспанға ата қуанды. Мемлекеттің талапты жастарды «балам» деп аялауы студенттерге үлкен дем болып, қанат бітірді.
Кеше мұндай игілікті бастаманы «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты мен Қазақстан Студенттер альянсы қоштап, студент қауымын қолдайтын жалпықазақстандық марафон өткізетіндерін жария қылды. «Біздікі – бұл игілікті істі жалғастыру. Марафон арқылы қоғамның назарын студент жастарға аудару», – деген «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшылығының жетекшісі Лаврентий Бобрышев, ел келешегі – студент жастарға ірі кәсіпорындар мен облыс әкімдерінің, ұлттық компаниялардың сондай-ақ ректорлардың миы сақылдап тұрғандарға қосымша грант бөлуіне себеп болу. Л.Бобрышевтың түсіндіруінше, студенттер болашақ жұмыс берушілердің грантына қазірден ие болмақ. Мұндай тәжірибе Германияда кең көлемде қолданылады. Мәселен, компания, я болмаса өндіріс орындары арнайы комиссия жасақтап, өздеріне қажет мамандық бойынша оқып жатқан студент жастардың терең білім алып шығуын қазірден қаржылық жағынан қолдайды. Грант береді, өз қалталарынан оқытады. Оның пайдасы, ертең ол оқуын бітірісімен сол өнідіріс орнына дайын әрі жас кадр болып келмек. Оның сөзіне сенсек, бірқатар зауыттар бұл бастаманы құп көріп, қазірден құлшынып отырған көрінеді. Қазақстан Студенттер альянсының көшбасшысы Ермек Мақашев мұндай «алас-күлес» шақта Елбасы шарапатының сыртында, бұл марафон арқылы да біраз талапты жастың бағы жанатынына бек сенімді.
Республикалық студент-жастарға арналған шара бір айға созылады. Оның соңы телемарафонмен түйінделеді.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ
Айқын 20.02.09
Қараулар: 828 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
05.03.2012 Спам
1. Dylan
You put the lime in the coocunt and drink the article up.

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz