НАЗАРБАЕВ: ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС ТУРАЛЫ ЖЕТІ ҚАРАПАЙЫМ СҰРАҚ ЖӘНЕ ШЕКСІЗ КҮРДЕЛІ ЖАУАПТАР - 17 Февраля 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:39
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Ақпан » 17 » НАЗАРБАЕВ: ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС ТУРАЛЫ ЖЕТІ ҚАРАПАЙЫМ СҰРАҚ ЖӘНЕ ШЕКСІЗ КҮРДЕЛІ ЖАУАПТАР
НАЗАРБАЕВ: ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫС ТУРАЛЫ ЖЕТІ ҚАРАПАЙЫМ СҰРАҚ ЖӘНЕ ШЕКСІЗ КҮРДЕЛІ ЖАУАПТАР
07:22

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Российская газетаның” 2 ақпандағы нөмірінде жарияланған “Дағдарыстан шығу кілті” атты мақаласы әлем жұртшылығының айрықша ықыласын туғызып отыр. Өйткені, дағдарыстан шығу мәселесі ғалымдар мен сарапшылардың ғана емес, үлкен саясатшылардың да ісіне айналған. Қазақстан Президенті өз еңбегінде алдағы кезде мұндай дағдарыстар қайталанбауы үшін әлемдік капитал жасау, әлемнің өзін жаңаша құру, әлем елдері арасындағы байланысты жаңаша қалыптастыру идеяларын ортаға салады. Төменде Ресей ғалымының Интернеттің http://іa-centr.ru/expert/3810/ сайтында жарияланған мақаласының жеті сұрақ пен жауаптарға қатысты тұстарын назарға ұсынып отырмыз.

 

Г.К.ОРАЗАЛИЕВА, философия ғылымдарының кандидаты, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің доценті.

 

Давостағы Бүкіләлемдік форум мен ЕурАзЭҚ (2009) саммиті адамзат бұрын көріп-білмеген экономикалық жүйелі дағдарыстан шығудың жолдары жайындағы Жаңа Идеялар­ды тарату ғылымның әлеуметтік институт­тарының шаруасы, интеллектуалдардың және ұлттық ауқымдағы сарапшы топтарының мін­деті ғана болудан қалып  бара жатқанын көр­сетіп берді. Жаһандық дағдарыс одан шығудың жаһандық жобаларын қажет етеді. Жоғары дең­гейдегі бірқатар саясаткерлер жаңа көзқарас­тар­дың идеологтары мен конструкторлары, тара­ту­шы тұлғалары болып сөз алуда. Ел Көшбас­шы­сы үшін негізінен тән емес міндетті – ұлттық мүдделерден жоғары көтеріліп, бүкіл адам бала­сының игілігі үшін қызмет ету міндетін Қазақ­стан Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің алдына қойып отыр.

Әлеуметтік оптимизм осы көшбасшыға ғана емес, сонымен бірге тұтастай Қазақстан қоғамы­на да тән. Еуропалық институттардың сарап­шылары осылай санайды және елде өткізілген социологиялық сауалдамалар мұны қуаттайды. Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық көңіл-күйді түй­сіну­дегі, әрбір сәттің шарықтау шыңында болу­дағы және уақыт сынақтарына кейде күтпеген жауаптар қайтаруға ұмтылудағы жеке басының талантын ел азаматтары талай рет атап өткен. 2006 жылғы желтоқсанда “ЦЕССИ-Қазақстан” ИССИ өткізген со­цио­логиялық сауалдаманың (1200 респондент) мәліметтері бойынша Президенттің аса маңызды іскерлік қасиеттерінің арасында мыналар атап өтілген болатын: жұмысқа қабілеттілігі – 46%, кәсіпқойлығы – 38%, стра­тегиялық ойлай білуі – 37%, жауап­кершілігі – 32%. Егер Назарбаев ел үшін күрделі кезеңде ұсынған “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы” қалай енгі­зілгенін еске түсірер болсақ, онда алдымен оның сенімсіздік туғызғанын көруге болады, бірақ та он жыл өткеннен кейін социоло­гия­лық сауалдама аясында халықтың 70%-дан астамы Стратегия шын мәнінде жұмыс істеу­де және нәтижелері айтарлықтай сезіледі деп мәлімдеген.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Российская газетада” 2.02.09-да жариялан­ған “Дағдарыстан шығу кілті” мақаласындағы әлемдік қоғамдық пікірге жолдауын, бәлкім, осындай жағдай күтетін болады. Осы мақала­ны оқып отырғаныңда философияның, эконо­ми­каның, социологияның классиктері мен бүгінгі бедел иелері Карл Маркстің, В.И.Ле­нин­нің, М.Вебердің, Дарендорфтың, В.И.Вал­лерс­тайнның, П.Бурдьенің, П.Штомпканың, С.Хангтингтонның, Ж.Бодриярдың, сондай-ақ өздерінің ғылыми еңбектерін капиталистік қоғамның табиғатын, оның заңдылықтары мен трансформациялану жолдарын тануға ар­наған көптеген адамдардың іргелі жұмыстары еске түседі.

Бір жарым ғасырдан астам кезеңде әлемдік ғылымда капиталистік қоғамның терминдері мен парадигмалары ғылыми пікірсайыстың ғана емес, сонымен бірге күнделікті сөйлеу прак­тикамыздың нормасы мен туындысына айналды. Жаңа консерватизм мен жаңа либе­рализм апологеттерінің Марксті сойқан сы­науы оның “Капиталда” баяндалған өзекті идеялары бойынша жүргізілген болатын. Бірақ ешкім әлдеқашаннан ғалымдар, жазушылар, журналистер, барлығына, соның ішінде күнде­лікті өмірінде тоғышарлар үшін де үйреншікті болып кеткен тілді, санаттар жүйесі мен тер­миндерді түбегейлі ауыстыруға тырысқан емес.
 

Назарбаев пікірсайысы түбегейлі ерекше­лене­ді, өйткені ол инновациялық құрылымдар қыз­метін бейнелейтін әлемдік ауқымдағы жаңа Институттарды қалай құру секілді, ғы­лым мен саяси практиканың терминология­ларын, тілін солай  өзгертуді де ұсынады...

Валюталық тұжырымдар мен практикалар­дың ғылыми қаржылық және құралдық шетін нәрселерін жақшаның ішінде (мамандар үшін) қалдыра отырып, әлемдік капиталистік жүйені өзгертудің қойылып отырған төтенше өзекті проблемалары социологиялық-гуманитарлық ғылымдардың оқымыстылар қауымы үшін сөзсіз қызығушылық туғызатынын атап өтейік.

Жаһандық әлемдік құрылыс тұжырымда­ма­сы­на қосылған тамаша үлес, біріншіден, Президенттің әлемдік валюта жүйесін (ӘВЖ) ұйымдастырудың Қағидаттары мен Тетіктерін жариялау жөніндегі ұсыныстары пікірталастар мен талқылаулар тақырыбы, ал Қазақстан аумағы жобалық қызметтің инкубаторы ретін­де ұсынылуы болып табылады. Автордың мұн­дай жобаны адамзат үшін әбден іске асыруға болатынына сенімділігі тәнті етеді. Әлемдік қаржы жүйесін жаңартатын уақыт жетті, деп санайды ол. Ал мен бұл жерде Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) институттары біртіндеп қалай ұйымдастырылғанын еске түсіру орынды болар еді деп ойлаймын. Әлемдік қаржы арналарын бақылау мен басқару саласы үшін де осындай ұқсастық сұранып тұр.

Екіншіден, автор бір ұлттық валютаның әлемдік экономика кеңістігінде үстемдік етуінің қордаланған бүкіл келеңсіз практика­сын атап өте отырып, әлемдік қаржы жүйе­сі­нің реформасында сындарлы көзқарасты жақтайды.

Үшіншіден, дағдарыстан шығу әрекетін Пре­зидент барлық елдер (ұлттық валюталар) үшін әлеуметтік әділеттілік пікірсайысы арқылы қарастырады.

Төртіншіден, ұсынылған тұжырымдама әлем­дік валютаны пайдаланушы барлық субъек­тілердің нақты-тарихи жауапкершілігі туралы мәселені жаңаша қояды.

Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік жаһандық дағда­рысқа көзқарасының қалыпты еместігі көне догма­лар мен саяси ойлаудың стереотиптерін еңсеруге бағытталуынан ғана емес, сонымен бірге айыптыларды іздеп, “әйтеуір кінәлілерді” тағайындаудан бас тартуынан көрінеді. Дағ­дарыс­ты осы заманғы қаржы жүйесінің жүйелік ішкі қайшылықтары туындатқан, ол оны сыртқы әлемдік жүйеде көрінетін ақаулар ретінде анықтайды.

Әлемдік қаржы дағдарысын қалыптасқан әлемдік қаржы жүйесінің ішкі ақауы және оның аталас, мәндік қасиеті ретінде емес, бәзбір кез­дей­соқтық және апаттық жағдай ретінде ғана қа­рас­тыратын барлық басқа көзқарастар түкке аспай қалады, Н.Ә.Назарбаев осылай жазады. Әлемдік саяси-экономикалық кеңістіктің осы за­манғы субъектілерінің парадигмаларын түбе­гейлі өзгерту ғана, сондай-ақ ойлау тұрпатын елеулі алмастыру дағдарыстан шығуға және Жаңа әлем мен Жаңа тәртіпті құруға жеткізе алады. Стратегиялық перспективада Президент прогресшіл тұжырымдаманың жақтаушысы бо­лып табылады, бұл тұжырымдама әлемдік даму­дың ортақ тренді ретінде жаңа әлемдік қаржы инс­титуттарына, сондай-ақ мұндай радикализм­нің жаңа тіліне негізделген жаңа жаһандық эко­номика мен саясат моделінің радикализмін бөліп қарастырады.

Әлемдік қаржы жүйесін косметикалық жақ­сар­ту жөніндегі жөндеу жұмыстары ұлттық эгоизм­нің өсуі мен жаңғыртуға тарихи уақыт ре­сурстарын зая кетуден басқа ештеңе де бермейді. Президент осы заманғы геосаясаттың тезауру­сын өзгерту жөніндегі интеллектуалдық күш-қуат жұмсауды ғана емес, сонымен бірге жаңаша ой­лауға қарай жаһандық сипаттағы жаңа Инс­титуттар түзуді ұсынады.

Президент жеті риторикалық сұрақ қояды: қазіргі де-факто бар әлемдік валюта заңды де-юре болып табыла ма (1); эмитенттің қызмет ресімі демократиялық болып табыла ма (2); сұраныс-ұсыныс баланс тетігі бәсекеге қабілетті ме (3); әлемдік валюта рыногы еркін, өркениетті болып табыла ма (4); пайдаланушы негізгі субъектілердің бақылауында ма (5); елдер мен әлемдік қоғамдастық алдында жауапты ма (6); тиімді де нәтижелі ме (7)? Автор теріс жауап бере отырып, дереу өз ой елегінен өткізуді талап ететін проблемаларды қалыптастырады.

Әлемдік валюта жүйесін өзгерту жөніндегі Назарбаевтың ұсыныстары:

* 1) Жаңа әлемдік ұлттықтан жоғары валю­таны жария етіп, оның мемлекетаралық мәрте­бе­сін әлемнің көптеген парламенттері ратифи­ка­циялаған Әлемдік заң арқылы заң тұрғысында қаттау, сондай-ақ бүкіләлемдік Эмиссия ор­та­лығы оның эмиссиясы қағидаттарын әзірлеуі керек.

* 2) Әлемдік валюта туралы заң осы валю­та­ның эмиссиясын демократиялық басқару ор­гандары іске асыратын демократиялық ресімдер арқылы жаңа әлемдік валютаны пайдаланушы субъектілердің құқықтарын қорғауы тиіс.

* 3) Арнаулы қадағалау органы, мәселен, Бү­кіләлемдік монополияға қарсы валюта комитеті бақылайтын, сондай-ақ әлемдік валютаның кез келген эмитенттеріне немесе сатушы­ларына қандай да бір артықшылық беруді үзілді-кесілді жоққа шығаруға тиіс Бүкіл­әлемдік рынок еркін­дігі комитеті жетекшілік жасайтын әлемдік валютаның бәсекелі

рыногының қағидат­тарын әзірлеу туралы.

* 4) Әлемдік валютаның өркениетті Ры­ногы барлық қатысушылардың – сатушылар мен сатып алушылардың Ортақ шарты негізінде белгіленеді.

* 5) Әлемдік валютаны пайдаланушы ұжым­дық (елдер, компаниялар) және жеке (азаматтар) субъектілерінің биліктің 3 тарма­ғы – заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы Әлемдік валюта туралы заң аясында белгіленген эмиссиялар жүйесін бақылау мүмкіндігі болуы тиіс.

* 6) Әлемдік валюта туралы заң негізінде қалыптастырылатын Бүкіләлемдік валюта арбитражы жария және заңды эмитеттердің әлемдік қоғамдастық алдындағы әлемдік валютаның туындатылуы және эмиссиясы үшін әрекеті (немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік шегін белгілеуі тиіс.

* 7) Жаңа әлемдік валюта жүйесінің те­тігі ғасырдың болашақ сынақтары мен бо­ла­шақты болжалдауға оза жүретін мони­торингтің арнаулы жүйесі негізінде құрылуы тиіс.

Әлемдік қаржы жүйесінің барлық көнер­ген проблемаларына дұрыс диагноз қойыл­ған деп ойлаймын. Байыпты ұсыныстар ай­тылды, олар түрлі Бүкіләлемдік құрылым­дар­дың, экономикалық және қаржылық қана емес, сонымен бірге мәдени, ғылыми құрылымдардың барлық қабаттарында тал­қылануды талап етеді. Бірақ та бұл туралы қызықты да пайдалы құбылыс ретінде айтып жатуы үшін байыпты тақырыпты түбегейлі шешімдер тұрғысына ғана ауыстыру міндетті емес. Адамзат қатер туғызатын түрлі түбегейлі эксперименттердің өзінде талай рет сынаған болатын.

Бұл мақала, меніңше, мазмұны жағынан маңызды болуына қарай формасы жағынан сондайлық ерекше болып табылады. Ақыл­ман тұрпатында құрылған Н.Ә.Назарбаевтың бренді өзгерістер тұрпаты тұрғысында – Ізденуші, Жаратушы ретінде жаңа қасиет­тер­ге ие болады. Брендтің жаңа ерекшеліктерін іргерілету үшін маңдай тері төгілетін жұмыс қажет. Бірақ та егер Назарбаев брендін қа­былдаудың стереотипін талқандау міндеті қойылса, онда ол өз мақсатына жеткені. Алай­да міндет мәнін – Жаңа Идеяны дағ­д­арыстан шығу дауаларының жаһандық рыногында шешу мүмкін бола ма?

Дағдарыстан шығудың осынау Кілт­тері­мен Әлемдік бастиондардың тот басқан құлыптарын олардың иелері ашуға мүмкін­дік бере ме? Ойға философ және саяси қай­раткер Махатма Гандидің даналық ойлары ғана орала береді: “Алдымен сені елемейді, одан кейін саған күлетін болады, одан кейін сенімен күреседі, одан кейін сен жеңіп шығасың”. Президент Н.Ә.Назарбаевқа өз тұжырымдамасын іске асыруда табыстар тілеп, берілген талқылау мүмкіндігі үшін ризашылық білдіремін.
2009-02-17 “Егемен Қазақстан”
Қараулар: 3255 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 1
13.06.2012 Спам
1. Andrew
What a joy to find smoeone else who thinks this way.

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz