ТЫР ЖАЛАҢАШ ДҮНИЕ - 12 Февраля 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:38
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Ақпан » 12 » ТЫР ЖАЛАҢАШ ДҮНИЕ
ТЫР ЖАЛАҢАШ ДҮНИЕ
07:27

Аядай ғана бөлмеңнен шар­та­рапқа саяхат шеккізіп, көксан­дық­қа телміртіп қойған қиял-ғажай­ыпта тірлік кешудеміз. Аспан астында қанша ұлт, ұлыс болса, соның бәрінің мұңы, мұқтажы, салты, әдеті де көз алдыңда. Әрине, ең алдымен туған жер, елімізге қатысты хабар-ошарға, “Қазақстан”, “КТК”, “Рахат”, “Ха­бар”, “Астана”, “Алматы” теле­ар­наларының соңғы жаңалықтарын, апталық шолу, талдап зерт­теу­лерін асыға күтеміз. Республика, әлем кеңістігіндегі дерек, мәлімет, оқиғаларды әр қырынан, дер кезінде халыққа жеткізуде біздің тележурналистеріміз ешкімнен кем емес. Ақпарат таратуда кез келген телеарна алдына жан сал­майды. Бүгінгі таңда бұл са­ла­дағы жетістік негізінен жаңа­лық­тардың, шолулардың сапасымен ғана шектелуде. “Қолтаңба”, “Бітімгер” хабарлары өзім үшін ерекше серпіліс туғызды. “Ер­ке­тай”, “Таңшолпан”, “Аялы алақан”, “Көзқарас”, “Бетпе-бет”, “Жан дауа”, “Әй, керім”, “Бармысың, бауырым” халықтық сипат ием­денді деп санаймын. Ана тіліміздегі қандай да бағдарлама бей-жай қалдырмай, жылт еткен сәл жаңалық, жақсылықтың мерейімізді асыратынын несіне жасырайын.

Күтпеген тұста қуаныш сый­лай­тыны бар кей хабарлардың. Жақында “Петр 1” фильмінде, өт­кен ғасырдың отызыншы жыл­дары киноға алғаш түскен қазақ туралы сирек дерекке қанығып, қайран қалдым. Қайталап көрсете берсе, халқы білсе екен аяулы перзенттерін деп тіледім.

Ана тілімізде жүргізілетін бағ­дарламаларда табиғатымызға тән иба, инабат, т.б. ізгі қасиет­тердің әзірге әйтеуір сақталып келе жатқанына шүкір дейміз. Ал енді қаптап кеткен шетелдік фильмдердің аудармасынан небір сұмпайы, менталитетімізге еш сай келмейтін жат оқиға­лар­дың енді бірер жылда қойны- қонышымызды түгел жаулап  үлгеретінін болжайсың. Бір-біріне ғашық әйел, бір-біріне ынтық еркек кейіпкерлер көрермен көңі­лін әлдеқашан жаулап алған, бұған етіміз өліп кеткен. Түрлі мемле­кет­тің қарақшылыққа, сұрқия­лық­қа толы киноленталары елімізде сайран салып, әмірін жүргізуде.

Көгілдір экраннан мұндай дүниелерді көргеніңде, еріксіз қынжыласың. Қынжылу дегенің не, тәйірі-ай, мұның ар жағында жа­сырынған стратегиялық маңызы зор түйткілдерге мүлдем үңіл­мейтінімізді айтсаңызшы. Қазір дүниенің төрт бұрышы біздің ала­қанымызда, дамыған техниканың арқасында қандай ел, қай жердің хабар-ошарын, киносын көруге жағдайымыз жетеді. Тыр жа­ла­ңаш шешінгендей әсер етеді бүкіл әлем, түк те тылсым қалмай барады тіршілікте. Мыңдаған шетелдік каналдарды былай қойып, елімізде кеңінен тараған арналарды бәрібір көрмей тұр­майсың. Үйімізге емін-еркін кіріп, төрімізге қонжиған шақырусыз қонақтан ендігі тұста сірә де құтыла алмаспыз. Жақында НТК арнасынан бір фильм көрінісі, 14-15 шамасындағы қыздың “сүйші, әке” деп, төсекте қатар жатқаны көзге шалынып, денем тітіркенді. Мұнымен не айтқысы келді екен деп, аяғына шейін қарадым. Ұзақсонар кинода анасы өлген екі қыздың үлкені әкесімен төсектес боп, оны басқа әйелдерден қыз­ғанғаны, кейін қайғылы қазаға ұшырағаны тәптіштеле сурет­те­ліпті. Осыған ұқсас, үш ұйықтасақ түсімізге кірмейтін, батыстық азғын қарым-қатынасқа құрылған фильмдер Қазақстан кеңістігіне молынан енуде. Жиіркенішті көрі­ністердің адам психикасына ық­палын әлденемен қайтару мүмкін емес. Көз арқылы алынған ақ­па­рат, мәлімет сана-сезімді күрт өз­гертіп, мида мәңгілік сақталады. Әнді, күйді де көрініс, сурет, яғни клип арқылы күштеп тықпалау, ертегі, жыр, эпос дейсіз бе, әдеби туындыларды да комикске ай­нал­дыру жаппай өнегеге ұласты. Музыка тыңдасаң да – көресің, кітап оқысаң да – көресің, тебіреніп толғануыңа титтей мұршаң жоқ, бүкіл салмақ XXІ ғасырда адам­заттың көзіне түсіп, мінез-құлықты, психиканы күйретуде. Сонау жастық шақта Құрманғазы, Дәу­лет­керей, Бетховен, Малер, Брук­нер, Шопен, Штраусты, Шоста­ко­вичті , халық әндерін қараңғыда, ал күндіз болса көзді жұмып тыңдайтынмын, телегей-теңіз идея, тың пікір содан өрбитін.

Бұл күнде нені ғана көрсетпейді десеңізші бізге?! Сол нөпірдің арасынан ұлттық гуманистік келбетімізді сақтап қалуға көмектесетін бағдарла­ма­ларды қалт жібермеуіміз қажет. “Қазақстан” телеарнасының  соны ізденістерін меңзеп отыр­мын. “Таутұлға”, “Мирас” па, соң­ғы уақыттағы тарихи, танымдық хабарлар көкейге қуаныш ұяла­тады. Қошке Кемеңгерұлы сынды тұлғалардың өмір жолы кімді қызықтырмайды дейсіз, нақты деректерден тұратын мұндай дүниелер көрерменнің көзін ашып, көкірегін оятады. Мем­ле­кеттік телеарналардағы иманды­лыққа, адамгершілікке жетелейтін өнегені басқаларынан кездестіре бермейміз. Бұл қазақ тіліндегі көптеген бағдарламаларға да қатысты. Ұлттық рухани қазына­мызды насихаттауға лайық-ау дейтін хабарлардың таяздығы байқалып тұрады. “Жұлдызбен жүздесу” (31 арна) дейтін хабар­да жүргізуші мен жауап беру­шілердің дарақы күлкісі, сауат­сыздығы, өздерінің жұлдыз екен­деріне сендіргісі келетіні ұят-ақ. Өкінішке қарай, осындай орын­дау­­шылардың дәурені жүріп тұр, қай телеарнаны ашып қалсаң бір сипаттағы, бір деңгейдегі орын­даушылар. Дарыннан жұрдай, секеңдеген биші, әншілер, да­рын­ды дегендерінің ой өрісі төмен, қыстырма сөздерді үздіксіз қай­талап, мезі қылады. Эфир алдын­дағы жауапкершіліктен, ішкі мәдениеттен жұрдай. Сөйтіп, кө­рерменнің, яғни мың-миллион­дардың талғамсыздығы жаппай белең алуда. Ақпараттық, жар­намалық маңызы артқанымен, телеарналардың танымдық, ағартушылық, интеллектуалдық деңгейі қалыптаспай отыр. Ана тіліміздегі хабарлардың басым көпшілігі жалаң патетикаға жүгініп, зиялысы бар, атағы жер жарғаны бар, қарапайымы бар, жиналып керілдеседі де жатады, шетіміз­ден шешен, ақылдымыз. Өзімді ұлтжанды, патриот санағаныммен, мықты деген азаматтарымыздың, мамандардың ой, пікірлерін, айтыстарды неліктен аяғына шейін тыңдай алмайтынымды түсінбеймін. Ресей телеканал­дарындағы өнер, мәдениетке қатысты хабарлар қандай тар­тымды, мұз айдынынан ұйымдас­тырған жұлдыздар легінің жары­сы кімді ғана қызықтыр­майды дейсіз. Ертелі-кеш Қазақстанның көгілдір экранынан түспейтін корей, түрік телехикаялары күнделікті қым-қуыт тірлігіміздің ажырамас бөлшегіне айналды. Ынты-шынтымызбен қараймыз, өйткені, тәрбиелік маңызы жоғары, қимыл-қозғалыстары, ишара,  емеурініне шейін жанымызға етене жақын. Жоғарыда келтірген батыстық тұрпайы, анайы жәйт­терді жер-жебіріне жеткізіп, болымсыз ұсақ-түйекті, әдепсіз­дік­ті, зорлық-зомбылықты дәріп­тейтін ұзақсонар фильмдерімен салыстырғанда, корей, түрік, жапон туындыларымен жылап көріскен­дей хал кешеміз. Қазақстан телеарнасында жүріп жатқан “Ханзада Жумонг” асқан ше­берлікпен түсірілген, зерделі жанға берері мол. Қытайлар түсірген “Шыңғысхан”, арабтар ұсынған “Бейбарыс сұлтан” сана­мызға төңкеріс жасағаны рас. Қызыға да қызғана қарадық, те­гімізге байланысты құпия сыр­ларды, тарихи мұрамыздың түрлі ұлыстар еншісінде тұншық­қанын жаға, жеңдерінде  айшық­талған ою-өрнектерден де аңғардық.

Балаларға арналған түрлі жобаларымызды тәжірибеден өткізгенде байқаймын, әлгіндей көріністерді бір рет тамашаласа, одан әрі ие болуың мүмкін емес. Алдар Көсе, Қожанасыр, Тазша бала, қошақан, ботақаныңа пыс­қыр­майды да. Жер жүзінің қаті­гездікке, жауыздыққа құрылған аннимациялық көріністері, комикстері game boy (гейм бой),  PSP (пи-эс-пи) де балақайлары­мыздың қолында. Бұл аса қауіпті жағдай.

Жаһандану бізге сан алуан шетелдік каналдар арқылы күн өткен сайын ентелей кіріп бара­ды. Қазақтың Алпамыс, Ер Төстік, Керқұла атты Кендебайларын түрі, түсі жан шошырлық монстр, қа­рақшылар, қошақан, ботақан­да­ры­мызды құбыжықтар алмасты­рып, тұтастай толқын ұрпағының психикасы, табиғи қалпы ауыт­қуда, мінез, көзқарас өзгеруде, адамгершілік, имандылық негізге сүйенген дәстүр тәрк етілуде. Төрі­міздегі көксандықта көлбең­деген құбыжықтар мен сайран салған қарақшы-батырлар быт-шыт күйреуге бастай көрмесін... Сақтай көр, құдайым!

Авторы: Мағира ҚОЖАХМЕТОВА, жазушы.
  “Егемен Қазақстан”
Қараулар: 3113 | Қосқан: psy | Рейтингі: 2.5/2 |
Барлық комментарилер: 4
18.06.2015 Спам
4. Jarrodpi
pixels full movie solarmovie http://pixels-download.webnode.com - http://pixels-download.webnode.com pixels online film http://moviepixelsonline.wordpress.com - pixels 2015 online for free pixels online movie http://pixels2015hd.wordpress.com - http://pixels2015hd.wordpress.com pixels full movie megavideo

20.04.2015 Спам
3. visit the website
side by side student book 4 free download http://webiler.com/how-to-download-book-on-ipad-for-free.html - How to download book on ipad for free cara download google book menggunakan greasemonkey http://tvbetter.com/download-free-russian-books-online.html - Download free russian books online download comic book store http://gamsberg.com/sukh-sagar-book-in-hindi-free-download.html - Sukh sagar book in hindi free download download book harry potter and the chamber of secrets

20.04.2015 Спам
2. read this post here
venetia audiobook download http://webiler.com/download-audio-book-for-mobile.html - Download audio book for mobile motorcycle logbook download http://tvbetter.com/download-electronic-ebook.html - Download electronic ebook how to download book using utorrent http://gamsberg.com/download-book-for-mechanical-engineering.html - Download book for mechanical engineering download great expectations movie 2012

29.08.2012 Спам
1. Fabrizio
I read your post and wished I'd wriettn it

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Ақпан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz