²ЕУРОПАҒА ЖОЛ² – ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ - 22 Января 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:34
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Қаңтар » 22 » ²ЕУРОПАҒА ЖОЛ² – ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ
²ЕУРОПАҒА ЖОЛ² – ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ
06:20

ӘЛЕМДЕ тыныштық жоқ. Дүние дүрбелең. Бүгінгі жаһандық  ақпараттық заманда жер қашық­тығы да ешнәрсе болмай қалды. Кез кел­ген қауіп-қатер­дің, әлеуметтік қай­шы­лық, қақтығыс­тың өңірлік, тіпті конти­нентаралық, жаһандық сипат алып кетуі немесе өте қысқа мерзімде күтпеген кеңіс­тікке таралып, көптеген адамдардың көңіл-күйіне, санасына өзіндік ықпал ету мүмкіндігі артты.

Сондықтан да жұмыр жердің тіпті бізден ең алыс деген аумағында болып жат­қан әртүрлі бүліншіліктер ешқай­сымызды бейжай қалдыра алмайтыны бүгінгі күннің шынайы әрі табиғи жағдайы. Жер үстінде, мемлекеттер арасында, ұлттар арасында адамдардың арамзалығынан қақтығыс, тіпті алапат соғыс болып, соның себебінен қарусыз пенделер, бейбіт тұрғындар, әйелдер, балалар қырылып жатыр. Бәрі де адам­дардың бір-бірімен келісе алма­ған­ды­ғынан, келіскісі келмегендіктен. Қару­дың көптігінен. Күштінің әлсізге озбыр­лығынан. Әділетсіздіктен. Кавказдағы жағдай шиеленісіп тұр. Косово проб­лемасы әлі жартыкеш. Қырым толғақты. Жаңа жыл Таяу Шығыстағы жаңа соғыс өртімен басталды. Көптеген елдерде Израильдің Газа бөлігіндегі соғысына наразылық шерулері тасқындап, өрбіп, әлем жұрт­шылығының қобалжуы мен алаңдауын үдетуде. Емі табыла қоймаған қаржы­лық дағдарыс толқыны да азына­ған дауылға ұласып жатыр. Осындай сындарлы кезеңде Қазақстан 56 мем­лекет біріккен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға­лық қызметіне кіріспек.  Мақаланың толық мәтінін сайттың мақалалар қоржынынан оқып, түсіріп алуыңызға болады.

Қараулар: 719 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz