Түрме де тұлғаны ақын етеді - 16 Января 2009 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:37
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2009 » Қаңтар » 16 » Түрме де тұлғаны ақын етеді
Түрме де тұлғаны ақын етеді
06:51
 

Иракқа ода
Мен кеудемді тосып қарсы тұрмын,
Жеріме келіп жортқандарға.
Бейнесі емеспін жасық ұлдың,
Ұят жоқ мынау қорқауларда?
Бәрін өлтіріп жатыр,
Менің жаным –
Менің қаным ғана сендерге қарсы тұрар,
О, зұлымдыққа жеткізген өркениет,
Тарих сендердің сырыңды ашады әлі,
Сұрқай кескіндеріңнен әлем қашады әлі!


Саддам Хусейн


Әлемде ел басқарып отырған талантты жетек­шілер көп. Әрине, олардың ел басқару ерек­ше­лік­тері өз ал­ды­на әңгіме. Алайда мемлекеттік күнделікті қызметпен қатар, өлең жазатын да, күнделік жазатын да лидерлер бар.
Таяуда антиамерикашыл лидер Уго Чавестің жеке орындауындағы халық­тық әндер жинағы жарық көрді. Анау-мынау емес, жаңа альбомды қолға ал­ған адам, ең алдымен, оның атауына көз тоқтатады: нақты айтсақ, «Барлық дәуірдің әні» деп аталатын әуендер жинағы қазір ойын-тойларда, білім ордаларында шырқалып жүрген көрінеді. Мектептегі баладан бастап білетін Уго Чавестің әнінің қанша­лық­ты халықтық екенін қайдам, бірақ қа­зір­гі дәуірде «нағыз ақын, сазгер атанған» мемлекет басшылары некен-саяқ. Мемлекет басында отырғанда олардың көбісінің еңбегі саяси немесе елдің бағыт-бағдары, өсуі, дамуы жайында болып келеді. Ал қызметтен кеткен соң саяси мемуар жазуға ауы­сады. Ал мемлекет лидері болып жүріп шын «ақындық шығармашылықпен» айна­лысатындар аздау. Ал Уго Ча­веске ке­летін болсақ, оның халыққа жақындығы басқалар­дан бөлектеу болып тұр. Өйткені оның апта сайын мемлекеттік телеарнадан берілетін Hello, Presіdent атты бағдар­ламасы бар. Осы бағдарламаның со­ңын­да студияда президент мықты танымал артистермен қосылып, өзінің «халықтық әндерін» шырқайды. Жер­гілікті басылымдардың айтуынша, Венесуэла президентінің дискілері бүкіл елге тегін таратылайын деп жатыр. Угоның сазгерлік та­лан­тының қанша­лықты деңгейде екендігін қайдам, әй­теуір іші пысса, ақын, жа­зушы болып кететін басшылар көбейіп барады.
Сазгерлік талант Чавеске ғана емес, мемлекеттік қызметке келгеннен кейін Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдхойононың да басына бақ боп қонды. Оның ондаған әннен құрал­ған «Эволюция» деген атпен шыққан әндер жинағы өткен жылы қалың тың­дарманға жол тартты.
– Мен өз әндерімде бүкіл Индонезия халқын ұйымшылдыққа шақырамын, елдің болашағы үшін бірігіп қимыл­дау­ға үндеймін,– дейді ол. Елдегі артистер­дің бірқатары қазір президент Юд­хойоно әнін репертуарынан түсірмей шырқап жүр. Енді оны президенттік мерзім біткенше айта беретін болар...
Десек те, тағдыр басқа салмасын, ел басқару мерзімі бітіп, кейін темір тор­дың ар жағынан бір-ақ шыққаннан кейін «поэзияға махаббаты» оянып, қолға қалам алған экс-басшылар да бар. Әрине, Абай атамыз айтқандай, «өлеңге әркімнің де бар таласы». Бірақ олардікі басқа іс түскеннен кейінгі жан­ай­қай екендігі де рас. Тайваньнің бұ­рынғы президенті Чен Шуйбянь 2000 жылдың мамыр айынан бастап, 2008 жылдың ортасына дейін мем­лекет бас­қарды. Жаман болған жоқ. Байыды. 1998-1999 жылдары болған қаржылық дағдарыстың салдарынан туған зар­даптан елді аман алып шықты. Эко­номиканы өркендетті. Бірақ мемле­кеттік қызметтен кеткесін басынан бақ тайды. Қазір түрмеде. Оған отба­сымен бірге мемлекет басқарған жыл­дары «пара алу жолымен және шетел­ге жа­сырын ақша жіберді» деген бап­пен айып тағылды. «30,4 миллион доллар көлеміндегі қаржы шетел асты» деген дерек бар. Бірақ басынан бақ тайған Шуйбяньға түрмеде қайтадан бақ қон­ды. Қызмет емес, экс-пре­зидент корей халқына арнап жалынды жырлар жаза бастады. Кері шегінер жер жоқ. Ішкі құсаны осылай сыртқа шығарған Чен Шуйбянь «бұл әрекеттің бәрі – әдейі жасалып отырған саяси қысым» деп есептейді.
«Менің елді тәуелсіздікке апару жо­лындағы әрекетім сәтсіздікке ұшы­рады. Түрмеден шықсам, әлі-ақ аяғым­нан нық тұрамын. Менің есімім бәрібір Тайвань тарихының жолайрығында жазылып тұрады». Алайда Тайванның экс-президентінің поэтикалық арнау жырлары жалпы бұқараға емес, әйе­ліне жолдау ретінде жазылған. Бүгінгі корейлік жүйе оны шешім шы­ғарып соттағанымен, мүмкін, ертең ақтап алар. Тарихтың тегершігі кейде кері айналып жататынын да көріп жүрміз ғой.
Бірақ тірі кезінде-ақ елдің «рухани тұлғасына» айналған «жазғыш» пре­зиденттер де болды. Бұл – әсіресе, Тү­рік­менстанның «мәңгілік басшысына» айнала жаздап, ғайыптан бақилық болып кеткен Түрікменбашыға қатыс­ты нәрсе. «Түрікменстан – бақытым менің». Бұл – Сапармұрад Ниязовтың 5 мың данамен шыққан алғашқы жыр кітабының аты. Аталған кітаптың беташарында «түрікмен лидері өзінің ұлт тағдыры жөніндегі ақыл-ой тұ­жырымдарында елді өркендету жолын­дағы ғаламат идеяларын паш етеді. Өз халқына деген шексіз махаббатын арнайды. Кітаптың бірінші бетінен-ақ түрікмен лидерінің кіршіксіз көңілі мен таза пейілі көрінеді» деп жазылған. Тірі кезінде халқының рухани конститу­ция­сына айналған екітомдық «Рухна­ма» кітабын, «Менің қымбаттыларым», «Менің рухани көктемім», «Түрікмен халқының рухани дәуірі», «Түрікмен елі аман болсын» атты туындыларын жа­риялаған Ниязовтың бұл еңбектері орташа есеппен 100 мың дананы құра­ған екен. Алайда өзі барда ел еріксіз мойындаған «Рухнама» ол бақилық болысымен мектеп бағдарламасынан бірден алынып тасталды. Оны қазір ешкім сөз қылмайды. Міне, тарих ненің шынайы екендігін өзі-ақ ұзамай сұрып­тайды деген осы.
Алайда қазақта «дат!» деген мәселе бар. Бұл – Ирактың экс-президенті Сад­дам Хусейнге қатысты нәрсе. Әрине, Саддам Хусейн жүйесі Ақ үйдің, Буш­тың озбырлығынан құлады. Алайда Саддам айтарын айтып кетті. Қағаз жү­зінде. Оның қолынан түрмеде отырған үш жылға таяу уақыт ішінде қағаз бен қалам түскен жоқ. Хусейн­нің басына Ақ үй ақша тікті. Ақыры ол өлді, дарға асылып...
Америкалықтар Саддам Хусейнді қолға түсіргенде ол былай депті: «Мен өмір бойы ешкімге сенбей өттім. Ба­сыма іс түскенде біреуге тағдырымды сеніп тапсырдым, оған қымбат ақша төледім, ақырында ол да мені сатып кетті». Ол Хамрейн тауында жасыры­нып жүрді. Кейс ан-Намик деген біреу оны үйіне қонаққа шақырады. Сөйтіп, ол америкалықтарға шұғыл хабар береді. Таң ата оны АҚШ тыңшылары На­миктің үйінен ұстайды. Бірақ амери­калық билік «Хусейн өзінің туған қала­сы Тикраттың маңайындағы жасырын жерасты жертөлесінде қолға түсті» деп ақпарат таратты. Әрине, біз үшін керегі басқа. Өле-өлгенше Иракты басқарған «диктатордың» «жүрегі қатты, қатігез еді» дегенге қазір ешкім сенбейді...
Ол үш жылдай түрмеде жатып жыр жазды. «Иракқа ода!» атты өлеңін оқып көріңіз, керемет жыр! Кім өз елін жақсы көр­мейді дейсің?! Кім өз жеріне басып кірген басқыншыларды ұнатар дейсің? Мейлі, мұхиттың арғы жағы оны «жауыз» десін, бірақ соңғы сөзін қағаз бетіне жазып, Хусейн оны хал­қына қалдырып кетті.
Өзінде қоғамның «авторитарлық кеселі» болғанымен, өлеңінде Хусейн­нің бір мін жоқ. Саддам айтқан ойды қазір кез келген ирактық та айтады. Хусейн жүйесі құлағанымен, амери­калықтар байырғы Ирак жеріне бақыт орната алған жоқ. Қиян-кескі жары­лыстар әлі жалғасып жатыр. Ирак хал­қының сорына...
Өмірдегі жүріп жазған жырдан түрмеде туған ойдың сипаты бөлек. Бірақ жыр жазу үшін түрмеге түсу мақ­сат емес. Алайда халық ел басқа­рудағы лидерінің жіберген кемшілігін кешірмесе де, темір торда жазған жырына ойлы көзбен, түсіністікпен және кешіріммен қарайды.
...Бірақ Құдай ондай тағдырдан аулақ қылсын!

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ Айқын 15 қаңтар 2009 ж

Қараулар: 977 | Қосқан: psy | Рейтингі: 0.0/0 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz