Университетте екі студентті атып кетті - 23 Декабря 2008 - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:34
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » 2008 » Желтоқсан » 23 » Университетте екі студентті атып кетті
Университетте екі студентті атып кетті
08:57

Кеше сағат 16.00 шамасында Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы университетте жастар арасында атыс болғаны туралы хабар алдық. Мәселенің мән-жайына қанығу үшін Шымкент қаласындағы аталған оқу орны орналасқан Әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына хабарластық. Кезекші бөлімдегі полиция қызметкерлері оқиғаның болғанын растады.
Сағат 17-лер шамасында аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі Бауыржан Бектұров оқ тиген екі студенттен жауап алып жатыр екен.
Оқиға оқу орнының аталған ғимаратындағы 169-аудиторияның маңында, тал түсте, сағат 14-тер шамасында болыпты. Оқ екі рет атылыпты. Екі студентті күдікті оңаша шақырып алыпты да «Аса» деп аталатын тапаншадағы резеңке оқпен атыпты. Бір оқ жәбірленушінің иығының астынан, ал екінші оқ оның жанындағы серігінің аяғынан тиіпті. Екеуін де дәрігерлер көріп, алғашқы көмек көрсетіпті, содан соң «төрт жақтарың да құбыла» деп өз еріктеріне жіберіпті. Екеуі де тергеушілердің сөзімен айтқанда, полиция басқармасында шауып жүр екен.
Екі жәбірленуші студент те полиция қызметкерлеріне:
– Арыз жазбаймыз, бұл өзіміздің арамыздағы разборка, – деп «мінез» көрсетіп жатқанына куә болдық. Бірақ қайда барар дейсіз. «Арыз да жазады, түсінік те береді» деген ойға келдік.
Екі оқ тиген жігіт те аталған университеттің студенттері екенін мәлімдепті.
Сонда оқу уақтысында, университет ғимаратында атыс болады. Ал оқ тигендер «бұл өзіміздің шаруамыз» дейді. Бұл не сонда, студенттердің арасында қандай түсінік қалыптасқан?!
«Разборканы» басқа жер құрып қалғандай аудиторияда ұйымдастыратын болып кеткені ме?
Полиция қызметкерлерінің сөздеріне қарағанда, олар екі студентті атқан күдіктінің кім екенін анықтапты.
Кеше аталған оқиға бойынша әлі де қылмыстық іс қозғала қоймаған болатын. Бұл үшін оқ тиген студенттер полиция басқармасы бастығының атына шағым түсіруі керек.
Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ
Шымкент қаласы

Айқын газеті 23.12.2008

Қараулар: 962 | Қосқан: psy | Рейтингі: 5.0/1 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Жаңалықтар күнтізбесі
«  Желтоқсан 2008  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz