ЖАН. ТӘН. МӘН - психология - мақалалар - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 03.12.2016, 12:37
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
психология [1]
псиология саласы бойынша мақалалар
әлеуметтану [0]
тарих [0]
тіл [0]
әдебиет [0]
математика [0]
Информатика [0]
Биология [0]
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » мақалалар » психология

ЖАН. ТӘН. МӘН
[ ] 24.12.2010, 09:06
Жан. Тән. Мән Психологиялық ілім-білімдер­дің ілкі бастау, түп-төркіні ерте за­мандардан бастау алатыны бел­гілі. Жан туралы ілім есте жоқ ер­те дәуірлерде, ежелгі дүние ел­де­рінде (Үндістан, Қытай, Мы­сыр, Вавилон, Грекия т.б. ) пайда болып, тіршілік, өмір, жан мен тән, оқыту, тәрбие, т.б. негізгі мәселелер ретінде күн тәртібіне қойылып келген. Жан мәселесіне қазақ халқы да ерекше мән берген. Мәселен, жанға байланысты ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал-мә­тел­дерде көптеп кездеседі. Хал­қы­мыз жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып білу шектеулі екендігін де жақсы аң­ғарған. Қазіргі психология ғылы­мында жанды көбіне пси­хика ұғымының синонимі ретінде қа­рас­тыратынын да ескеруіміз қажет. Жан дүниесінің сан қилы тео­рияларын баяндау – сөз болғалы отырған 10 томдықтың басты мәселесі. Мәселен, мұндағы бірінші томға кеңестік психологияның іргетасын қалаушылардың бірі, маркстік психологияның Мо­царты атанған Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жан мәселелерін баян­­­дайтын мәдени-тарихи тео­риясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жыл­дары Мәскеудің "Педагогика” баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер: 1.Жо­­ғары психикалық функция­лардың даму тарихы; 2. Жасөспі­рім педологиясы; 3. Жалпы пси­хо­логияның проблемалары. Жо­ға­ры психикалық функциялар­дың даму тарихында – оның проб­лемалары, талдауы, құры­лымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл), көптілділік мәселе­лері қарастырылған. Тәуелсіз еліміздегі тіл мәсе­лесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғаны белгілі. Осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мәселелері, көптілділіктің, соның ішінде қостілділіктің балалық шақта қалыптасуы бүгінгі күннің аса өзекті проблемаларының бірі болғандықтан, оқырман қауымға пайдалы болады деп сенеміз. Сонымен қатар Л.С.Выготский­дің "Сөйлеу мен ойлау” пробле­маларының түп-тамыры, оның да­муын, қалыптасуын, ара қаты­настарын қалыптастыратын ең­бектерінің қазақ тіліне аудары­луының да өзіндік маңызы бар. Екінші томға психология ғы­лымындағы іс-әрекет теориясы, әйгілі кеңес психологтары С.Л.Ру­бинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Б. Ананьев және т.б. еңбек­терінен үзінділер аударылған. Іс-әрекет психологиясының теориясы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орында болды. Ол психологияны индивидтердің іс-әрекеті бары­сында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызмет етуі мен құ­рылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Осы томда А.Н.Ле­он­тьев, С.Л.Рубинштейн, К.А. Абуль­ханова-Славская, А.Н. Ждан, В.В.Давыдов, А.А. Леонтьев, О.К. Тихомиров шә­кірттерімен, В.И. Иванников, А.Б. Брушлинский, Б.С. Братусь, Т.В. Габай, Г.А. Суворова сияқты әйгілі психологтардың, сондай-ақ философтар И.Т. Касавин, Г.С. Батишев, В.Н. Сагатовскийдің осы теорияға байланысты идея­лары көрініс тапқан. Үшінші томға З.Фрейдтің пси­­хо­аналитикалық тұжырымда­ма­сы­нан үзінділер енген. Осы томға Фрейд ілімін ары қарай дамытқан неофрейдистер Э.Эри­ксон, Ф.Фромм, К.Хорни, т.б. еңбектері де енген. З.Фрейдтің "Психо­анализге кіріспе түріндегі лек­циялары”, "Психоанализ очерк­тері”, "Мен және ол”, "Түс көру­лер”, т.б. еңбектері аударылған. Төртінші томда ақыл-ой әре­ке­тін кезеңдеп қалыптастырудың теориясын жасаған кеңестік ға­лымдар П.Я. Гальперин, Н.Ф.Та­лы­зина, т.б. еңбектерінен үзін­ділер аударылған. Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының не­гізін кеңес психологиясының көр­­­­нек­ті өкілдерінің бірі П.Я.Галь­­перин жасады. Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру теориясы психикалық үдерістер жайлы түсініктерді, теориялық, экспери­мент­тік және қолданбалы аспекті­­лерді талдап саралайды. П.Я.Гальперин өзінің "Бағ­дар­лаушы іс-әрекет психоло­гиясының пәні” деген еңбегінде психикалық бейнелеудің форма­ла­рын және олардың физиологиялық негізін кеңес физиологы И.П. Пав­ловтың бағдарлаушы рефлекс идеясына сүйеніп, әр түрлі негіздегі тұжы­рым­дарымен түсіндіреді. Бесінші томда гуманистік пси­хологияның ХХ ғасырдағы көрнекті өкілдері К.Роджерс, А.Маслоу, Г.Олпорт, Г.Айзенктің көз­қа­рас­тары баяндалған. Бұл томда К.Род­жерстің "Кеңес беру өнері мен те­рапия” деген еңбегінен жеке тұл­ғаны зерттеу тәжірибесінен үзін­ділер келтірілген. Алтыншы том "Дамытып оқы­ту­дың мәселелері: теория және прак­тика” деген атаумен беріліп отыр. Бұл томда жас және педа­гогикалық психологияның негізгі мәсе­лелерінің бірі, бала психика­сының дамуы, оқыту мен тәрбие­леудің психологиялық байланыс­тары қарастырылады. Осы мәселе баланың тұлғалық және интеллек­тілік қабілеті дамуының білім жүйесіндегі негізгі мақсаттары және міндеттерімен байланысып жатады. Томда В.В. Давыдовтың "Оқы­тудағы жалпылаудың түрлері” атты еңбегі мен А.М. Матюшкиннің "Ойлау мен оқытудағы ситуация­лық жағдай ” атты кітабынан үзінділер алынған. Жетінші том "Қазіргі кездегі когнитивті психология” деп ата­лады. Психологияның бұл саласын­да когнитивті психологияның зерт­теу пәні болып табылатын таным­дық үрдістерді зерттеу ерекше орын алады. "Когнитивті” ұғымы қазақ тіліне аударғанда "танымдық” деген мағынаны білдіреді. Осы томға қазіргі кездегі ба­тыстық когнитивті психологияның өкілдері Д.Брунер, У.Найссер, Ж.Пиа­же, Р.Солсо, Дж.Р.Андерсон, Л.Фестингердің еңбектерінен жеке тараулар мен фрагменттер, соны­мен қатар ресейлік авторлардың жұмыс­та­рынан жекелеген еңбектер енгізілген. Сегізінші том "Жеке тұлғаның қазіргі теориялары” деген атпен бе­ріліп, онда А.Адлердің "Балаларды тәрбиелеу” және "Жеке-даралық психологияның тәжірибесі мен теориясы” – баланың жеке тұлға­сы, оны тәрбиелеу мәселелері, ба­ла­лар психикасындағы невроздар, оларды емдеу мәселелеріне арнал­ған еңбектерінен үзінділер алынған. Сонымен қатар жеке тұлғаның пси­хо­логиялық ерекшеліктерін анық­тауға арналған сұрақнама мен өз тәжірибесінен мысалдар және бұған түсініктемелер беріліп отыр. Осы томға З.Фрейдтен кейін пси­хоана­лизді әрмен қарай дамыта түскен, архетип, ұжымдық бейсана ұғым­дарын ғылымға енгізген К.Г.Юнгтің "Санадан тысқарының мәселесі” де­ген еңбегінен де үзін­ділер аударылған. Тоғызыншы томда ХХ ға­сыр­дағы кеңес және шет ел психо­лог­та­рының (С.Л.Рубинштейн, Л.Ле­ви-Брюль, А.В. Брушлинский, О.К. Тихомиров, т.б.) ойлау психо­логия­сы саласында классикалық болып табылатын еңбектерінен үзін­ділер берілген. Ойлау психо­логиясына қатысты еңбектерде, ойлау әрі үдеріс, әрі іс-әрекет ре­тінде, оның сатылары мен әр түрлі теориялары, ойлаудың генетикалық түп негізі, ойлау мен сөйлеудің ара қатынасы, ойлауды экспериментті тұрғыдан зерттеу мәселелері сөз болады. Осы томдарға енген аударма материалдардың ішінде өзінің тео­риялық жаңалығы, практикалық маңызымен қазіргі қазақ халқының тыныс-тіршілігіне бір табан жақын тұрғаны З.Фрейдтің психоанализ ілімі мен америкалық гуманистік (ізгілік) психология өкілдерінің (К.Род­жерс, Г.Олпорт, А.Маслоу т.б) түйін-тұжырымдары. Мәселен, гуманистік психологияның (мұның идеясын кезінде әл-Фараби, Өтей­бойдақ, Асан қайғы, Абай, т.б. айт­қан – Қ.Ж.) түсінігінде адам-таби­ғатынан қайталанбас белсенді тұлға, әркімде де алдына қойған мақса­тына жетуге мүмкіндік бар, оның үнемі өзін-өзі жетілдіре түсу­ге мүм­кіндігі мол, өйткені "үмітсіз – шай­тан” дегендей, онда бола­шақтан үміт үзбейтін, ілгері қарай ұмтылу­шылықтың табиғи негізі бар дейтін оптимистік идеялар ұсы­нылған. Бұл түйіндер полиэтностық Қа­зақстан үшін аса маңызды. Елімізді 130-дай этнос өкілдері мекендейді, олардың тұлғалық психологиясы­ның қалыптасу жолы да бірдей емес. Осы мемлекетті құрайтын қазақтардың өзі де біркелкі емес. Олардың бірі – ада қазақ (мәң­гүрт), екіншісі – шала қазақ, үшін­шісі – жаңа қазақ (байлар), сон­дай-ақ, орта тап, кедей-кепшік бо­лып кете береді. Бұлардың өмір жо­лы, мақсат-мүддесі, талап-тілегі әр түрлі. Формасы – қазақ, ішкі жан дүниесі қазақ емес жан­дардың да қалаған мақсатқа сай өзін-өзі жетілдіре түсуге, өзін айналасын­да­ғыларға таныта алуға ұмтылатыны сөзсіз. Осы айтылғанға орай, бізде гуманистік психология ұсынған проб­лемаларды зерттеу аса тиімді болмақ. Ол үшін еліміздегі әр түрлі эт­нос өкілдерінің, әсіресе қазақ хал­қы­­ның психологиясын зерттейтін мемле­кеттік бюджет негізіндегі ғы­лыми-зерттеу институтын ашуымыз қа­жет. Осы институт қазіргі қазақ қоғамында қандай тұлғалар өсіп, жетіліп келеді, олардың рухани құндылықтары қандай, ұлттық психология болмысының деңгейі, ұлт болашағына сенімділігі т.б. осы секілді мәселелерді зерттейтін бол­са, көп нәрсенің ақ-қарасы ашыла түсер еді. Бірер сөз осы басылымда кезде­сетін әттеген-айлар жайында. Мақаланың басында айтқаны­мыз­дай, психологиялық ой-пікір­лердің даму тарихы ұлан-ғайыр кезеңді қамтып отырғаны хақ. 40-50 мың жыл тарихы бар адамзаттық өркениеттің қай дәуірінде болсын жан мен тән мәселесі елеулі орын алған. Бірақ тарих әлемінде бұлар­дан жөнді із қалмаған. Бізге жеткен екі жарым мың жыл бұрын жазыл­ған Аристотель еңбектері басы­лымға кірмей қалған. Нақтылап айтсақ, кеңес, орыс психологиясынан 5 том аударылса (1,2,4,6,9 томдар), Батыстың клас­сикалық психологиясынан 2 том (3,8), Америкадан 2 том (5,7) тәржі­маланған. Аудармадағы бұл теңсіз­дік бізді ойлантады. Өйткені клас­сикалық психология батыс елде­рінде (Англия, Франция, Гер­мания, Швейцария, т.б.) ерекше да­мыған еді және олардың еңбек­тері кезінде орыс тіліне аударылған. Әлемдік психология жинағында осы ғы­лымды тек орыстар жасаған­дай түсі­нік туады. Бұл еуроцен­тризмнің нұсқасы болып шыққан. Сондай-ақ аталмыш томдарға шы­ғыс психо­логиясының ірі өкілде­рінің (әл Кинди, Ибн Сина, Ибн Рошд т.б) еңбектері де (бұлардың бәрі орыс тіліне аударылған) енбей қалған. Әлемдік психологияға шығыс ха­лық­тарының қосқан үле­сін де ұмы­туға болмайды. Осынау іргелі басылымға әлем­дік психологияның "ең, ең ” деген ірі өкілдерінің таңдамалы еңбек­терін енгізу керек еді. Мәселен, кеңес психологиясында теориялық тұжырымдамалар құрған А.Н.Леон­тьев, С.Л.Рубинштейн, П.Я.Гальпе­рин­дермен қатар есімдері ғылыми әлемге онша мәлім емес психо­лог­тардың (Ю.Д.Бабаева, Н.Б. Бере­занская, И.А. Васильев, Н.И. Сач­ко, Н.И. Салмина, В.П. Сохи­на, т.б.) орын алуы – он том­дық­тың бағасын төмендетіп жүрмей ме деген ой келеді. Мәселен, Салми­наның (толық аты-жөні, ғылыми лауазымы беймәлім) "Бастауыш мектепте сандарды және олармен әрекет етуді оқыту” атты мақала­сының ең болмаса қайда, қашан жарияланғаны туралы мағлұмат жоқ. Осындай жағдай В.П.Сохи­наның "Алғашқы математикалық түсініктер қалыптасуының психо­логиялық негізі ” атты мақаласына да тән (ІV т, 427-471-беттер). Аты-жөні аталған авторлардың материалдары кеңес психология­сында ХХ ғасырдың 40-60 жылдары жасалған ғылыми тұжырымдама­лар­ды насихаттайтын, түсініктеме сипаттағы дүниелер. Бұлардан теориялық түйіндер мен ғылыми жаңалықтар табу қиын. Олай болса, осы авторларды әлемдік психоло­гияның көрнекті өкілдерінің қата­рына жатқызудың жөні жоқ сияқты. Психология – интернациона­лис­тік ғылым. Бұл ғылымның қа­лыптасып, дамуына үлес қоспаған ұлт өкілдері кемде-кем. Осы тұрғы­дан қарағанымызда 10 томдықта немістен – В.Вундт, Г.Гельмгольц, француз Р.Декарт, Рибо, ағылшын Т.Гоббс, Дж. Локк, швейцар Ж.Пиаже, т.б. орын алуы керек еді дейміз. Бұл есімдердің қай-қай­сысы да психология ғылымының да­муы­на елеулі үлес қосқан тұлға­лар екені белгілі. Төл тілімізде тұңғыш жарық көріп отырған осы басылымның үлкен бір кемшілігі – тіл жұтаң­дығы. Мұнда ана тіліміздің аса бай лексикалық қорын молынан пай­далану мен ұлттық сөз саптау ерек­шелігімізді қолдана алмаудан туын­дайтын кемшілік жәйттер баршы­лық. Аудармашылар көбінде мәтінді сөзбе-сөз аударамын деп, қазақ тілінің синтаксистік құры­лымын да, психология ғылымының мән-мағы­насын да бұзып алған. Бұл айтқа­нымызға төмендегідей тіркестер жақсы дерек бола алады. "Олар сүйеді және сүйікті болады, секс ке­­зін­де үстіңгі және астыңғы пози­цияларда (?!) болады, өздері қал­жыңдайды және басқаларға қал­жың­дауға мүмкіндік береді” (5-том, 323-бет). Келесі осындай бір дерек, 3-томнан алынып отыр. "Ол (яғни, түс көру – Қ.Ж.) біздің сергек өмір­дегі белгілі рухани құбы­лыс­тармен бірге ортақ тізбек құруы ық­тимал (71-бет), ол түсті шешуді жақындатады және сон­дықтан (?!) қарсыласуға ұшырайды (173-бет), … ұйқының ортасында оятатын түстер теориялық қызы­ғушылықты көбірек туғызады” (190-бет). Бұл тіркестерді оқу да, түсіну де қиын. Аударылған рухани дүниелер туралы қорыта келе айтарымыз: әлемдік психология туын­дылары­ның төл тілімізде тұңғыш рет жа­риялануы аса құптарлық жәйт. Аудармашылар қазақ оқырманда­рын осы туындылармен жәй та­ныстырып қана қоймай, бұлардың еліміздегі психология ғылымының дамуына түрткі болатындай жағын, бізде өріс алуға тиісті кешенді, ір­гелі зерттеу жүргізуге ықпал ететін­де­рін (мәселен, гуманистік, психо­аналитикалық психология) ойлас­тырған. Осынау аудармалардың төл тіліміздегі психологиялық ұғымдар қорының молая түсуіне де себепкер болатыны сөзсіз. Бұл басылым әлем­дік психология мен қазақ пси­хологиясының сабақтастығы қандай деңгейде тұр дейтін проб­леманың қойылуына да мұрын­дық болары хақ. Әлемдік психологияның соң­ғы оныншы томына қазақ пси­хологиясының тарихына байла­нысты материалдар белгілі бір жүйе бойынша енген. Бар-жоғы бір том­дық болса да бұл — өте құптарлық жәйт. Қазақ халқының сан ғасыр бойына осы салаға қа­тысты жиған-терген інжу-мар­жандары әлемдік психологияның қатарынан орын алуы елдігіміздің басты белгісі екендігінің айғағы. Халқымыздың психологиялық ой-пікір тарихының қалыптасып, даму жолын қазақ елінің аза­маттық тарихымен орайластыра отыра, бұл үрдісті негізгі үш ке­зеңге бөліп қарастыруды ғылыми тұрғыдан дұрыс тұжырым деп есептейміз. Мұның бірінші кезеңі – VІ-XІV ғ.ғ. басталатын қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ психологиялық ой-пікірлердің ілкі бастау, түп-төркіні. Бұларға ежелгі түркі ескерткіштері "Күлтегін”, "Тоныкөк”, "Білге қаған”, Ор­хон-Енисей жазулары мен Қор­қыт ата, Әбу Насыр әл-Фара­бидің, Ж.Баласағұни, т.б. тағы­лымдарын жатқызу ләзім. Екінші кезең қазақ хандығының құрылу дәуірінен басталып (1456) Қазан төңкерісіне дейінгі психо­логия­лық ой-пікірлердің дамуын қам­тыса, үшінші кезең психология ғылымының кеңестік Қазақстанда маркстік идеялармен рухтанған, яғни коммунистік идеологияның дәурендеген кезеңіне тұстас келеді. Осы томды құрастырушылар қазақ халқының ғасырлар бойы қордаланып, сұрыпталған әр түрлі сипаттағы психологиялық түйін­дерін төл тілімізде белгілі жүйе­мен беруді мақсат тұтқан. Әлемнің екінші ұстазы атан­ған Әбу Насыр әл-Фараби баба­мыз­дың қазақ топырағында дү­ниеге келіп, артына тәлімі мол ұлан-ғайыр мұра қалдырып кет­кені – бүгінгі біздер үшін зор мақтаныш. Осыған орай томға "шығыс Аристотелінің” жеке психология­лық еңбектері, оның іргелі туын­дысы — "Өлең өнерінің қағида-лары туралы трактатынан” қазақ психологиясына ерекше қатысты мәліметтер беріліп отыр. Психологиялық тұрғыдан оның "Музыканың үлкен кітабы” атты трактатының мәні де ерекше. Әбу Әли Ибн Синаның даңқы "Медицина ғылымының каноны ” арқылы бүкіл әлемге мәшһүр болса, Әбу Насыр әл-Фараби де аталмыш еңбегімен бүкіл әлем жағдайында ерекше­лінеді. Бұл синтетикалық (жиын­тық) шығарма. Мұнда музыка психологиясының мәселелері терең баяндалған. XV ғасырдың бірінші жарты­сындағы психологиялық ойлар дала философы атанған Асан Қайғы толғауларымен, қара үзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабыл­ұлының "Шипагерлік баянынан” ерекше көрініс тапқан. Дала ға­лымы аталған еңбегінде адамның жан құбылыстары (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, мінез, қабі­лет, т.б.) туралы біраз мағлұмат­тар келтіреді. Ғұлама адам иіс түйсігін – мүңк (қазіргі иіс), та­тым (дәм), ойлауды "ойлама­лық”, сөйлеуді "сөйлемелік”, ми­ды "мияқ” атауларымен өрнек­тейді. Ол өзінен бұрын өмір сүр­ген ұлы ғұлама­лардың (әл-Фа­раби, Жүсіп Баласағұни, т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл жанды дүниедегі тірші­ліктің басқарушысы, реттеушісі жүрек десе де, мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына бай­ла­нысты ой түйіндері мен нақты мысалдары қазіргі ғылым тұрғы­сынан дәйекті де нанымды. Осын­дай психо­логиялық ой-пі­кір­лерді екінші дала ғалымы Мұ­хаммед Хайдар Дулати да айтқан. Оның қазақ халқының өзіндік психологиясы, ел басқару, дін мен денсаулық, ұрыс жүргізу туралы айтқандары психоло­гия­лық тұрғыдан ерекше назар аудартады. Қазақ халқының азуы алты қарыс философ жыраулары – Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Шал ақын, Бұқар Қалқаманұлы­ның көшпенділер психологиясы­ның сан қырларын суреттейтін толғаулары, дала дипломаттары атанған ұлы үш биіміз — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке билердің психологиялық тұрғы­дағы аса құнды ойларымен тоқай­ласып жатады. Жинақталушы томға аталған ерен тұлғалардың туындыларынан үзінділер берілгені де көңілге ұялайды. Томға ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтық ой-пікір­лердің ірі өкілдері – Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанай­ұлы, Махамбет Өтемісұлдарының жырларынан психологиялық си­паттағы үзінділер де енгізілгенін атап өтуіміз жөн. ХІХ ғасырдың екінші жарты­сындағы психологиялық ой-пікір­лердің дамуы қазақтың үш ой алыптары – Ыбырай, Шоқан, Абай есімдерімен байланысты екендігі белгілі. Осы айтылғанға орай, бұл ғұламалардың шығар­маларынан алынған үзінділер де томға молынан енген. ХХ ғасырдың бірінші шире­гіндегі психологиялық ой-пікір­лер­дің дамуы Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Мәш­һүр-Жүсіп Көпеев еңбек­терімен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасыр­дың екінші жартысы Қазақстанда психология ғылы­мының дамуына үлес қосқан ака­демик Т.Тәжібаев пен про­фессор М.М.Мұқанов, т.б. қазақ ға­лымдарының еңбектерін қамтиды. Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлімдік ой- пікірлерімен ұлттық колоритке (нақыш) толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнті еткен, қазақ жантану ілімінің көшбасшысы ретінде танылған Ж. Аймауытовпен қатар, оқу-тәрбие ісіне тікелей қатысты педагогикалық психоло­гияға ерекше ден қойған М.Жұ­мабаевтың таңдаулы еңбектері де осы томға енгізілген. "Қазақтың психологиялық ой-пікірлері” атты соңғы Х том негізінен еліміздің тәуелсіздік алған кезеңіне дейінгі қазақ хал­қының он төрт ғасырлық психо­логиялық ой-пікірлерін баяндау­мен аяқталады. Яғни, бұл сонау VІ-VІІІ ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбірлі үлкен ке­зең. Ал үстіміздегі ХХІ ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу – бізден кейінгі ұрпақтың еншісі болмақ дейміз.

Авторы: Құбығұл ЖАРЫҚБАЕВ, педагогика ғылымдары­ның докторы, психология ғылымдарының докторы.
Егемен Қазақстан №290-293 (25263) 24 ҚЫРКҮЙЕК СӘРСЕНБІ 2008 ЖЫЛ
Категориясы: психология | Қосқан: psy
Қараулар: 12097 | Жүктеулер: 4 | Комментарилер: 6 | Рейтингі: 5.0/1 |
Барлық комментарилер: 3
13.06.2015 Спам
3. GordonSl
terminator genisys dvdscr http://terminatorgenisysmovie.webnode.com - http://terminatorgenisysmovie.webnode.com terminator genisys game http://terminatorgenisys2015.webnode.com - http://terminatorgenisys2015.webnode.com terminator genisys chronicle terminator genisys leaked

https://terminatorgenisyshd.wordpress.com - https://terminatorgenisyshd.wordpress.com

20.04.2015 Спам
2. see this website
download audio books business http://webiler.com/google-chemistry-books-free-download.html - Google chemistry books free download download lord of the rings for mac http://tvbetter.com/download-basic-math-book.html - Download basic math book ultrasound book free download http://gamsberg.com/kakababu-audio-books-free-download.html - Kakababu audio books free download download mortal instruments book series

30.03.2014 Спам
1. MarinahlebnKl
Все что не делается, все к лучшему

Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz