МҰХТАР ӘУЕЗОВ Абай - оқулықтар - Кітаптар - Каталог файлов - Персональный сайт
Жан дауа Сенбі, 10.12.2016, 06:00
Қош келдіңіз!Гость | RSS
Сайт мәзірі
Каталогтың категориялары
оқулықтар [11]
Студенттерге арналған оқулықтар
монографиялар [3]
психология бойынша ғылыми монографиялар
сөздіктер [4]
психология пәні бойынша әр түрлі сөздіктер
Исламиат [8]
философия [0]
философия пәні бойынша оқулықтар
Біздің сұраулар
Менің сайтымды бағалаңыз
Барлық жауаптар: 391
Негізгі » Файлдар » Кітаптар » оқулықтар

МҰХТАР ӘУЕЗОВ Абай
[ ] 12.05.2010, 10:13

Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асық-қанды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді. Күнұзын аттан да түcпей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйрім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады. Арттағылар - Байтас пен жорға Жұмабай: - Мына баланың ауылға асығуын-ай! - Сорлы бала қыстай іш-құста болып қалған-ау, - деседі. Шәкірт бала ұзап кеткенде бұлар да еріксіз желе шоқырақтап шауып отырып қуып жетеді. Жорға Жұмабайдың тақымында қара шоқпары бар. Байтастың да аяғының басына ілген ұзын қайың сойылы бар-ды. Тақырбұлақ түсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп: - Енді бізден ұзап кетпе! Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Ұры жатады...- деді. - Сені мен бізді манадан көріп отыр! «Қоқырақтап жалғыз шабатын неме екен, түсіріп атын әпкел өзінің!» - дейді де, сені төбеден бір-ақ нұқып, мына бәйге бестіңді алады да кете барады, - деді Жұмабай да. - Е, сендер ше? Сендер беріп жібересіңдер ме? - Ойбай, бізде не қауқар бар? Біз екеу-ақ... - Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бізді өзіміздің елдің адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман, - деп Жұмабай шошыта сөйлегісі келеді. Баланың қытығына тиетіні осы жері. - Әйтеуір сендерден дәрмен жоқ екен, ендеше бірге жүрдім не, жеке жүрдім не? Ал кеттім! - деп, соқтырта жөнелді. Бұл - Тақырбұлақтан өте бергенде бастағаны еді. Содан жаңағы қауіпті деген Есембайға жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ. Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған. Жолдың бұл тұстары ылғи белес-белес болатын. Осы қазіргідей боп жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкен-де елсіз боп қалатын жер. Алыстан жолды бағып отыратын тұрғылары бар. Тақ иек артпадан, өкпе тұстан жүргіншіге жауды қоян-қолтық, құшақтастыра түсіретін ұры сай, жасырын жыралары да бар. Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Ол сондықтан, бүгін ауылға жететін күні үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанына дән ырза. Күні бойы осылай етуге байлаған.

Категориясы: оқулықтар | Қосқан: psy
Қараулар: 878 | Жүктеулер: 1 | Рейтингі: 5.0/4 |
Барлық комментарилер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Кіру формасы
Іздеу
Сайттың достары

Онлайн барлығы: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Өскенбай Фариза Серікқызы © 2016Бесплатный хостинг uCoz